Күй сүйер қауымға!

Қалыпты

Мұғаліміміз Амангелді Сейітхан алдыңғы сабақта күй жайлы толғандырып әңгіме айтқан. Содан бері ғаламтордан жақсы күйлер жүктей алмай жүр едім. Айтып отырғаным Асылбек Еңсепов, «Ұлытау» стиліндегі күйлер емес:)

Содан бір сайтқа жолығып мынандай сілтеме тауып алдым. Екі күн бойы жүктеген шығармын:) Нұрғиса Тілендиев пен Т.Атабайұлының 16 күйінен тұратын жинақ.

Нағыз күй сүйер қауымға қаланың қарбалас өмірінен бір уақытқа тынығып,  құлағыңыздың құрышын қадыруға шақырамын:) Енді керемет дүние!

10 thoughts on “Күй сүйер қауымға!

  1. негізі бұл жинақтың сапасы нашар.Баяғыда жазылған записьтердің жинағы. Қазір енді қызы дирижер боп жүр ғой. Жаңа заманғы техникамен жинағын шығарса жақсы болар еді оркестр орындауындағы. Әсіресе ан арман әлқисса күйлерінің сапасы мүлдем нашар жазылған.

Пікір қалдыру