«American Dream»?

Қалыпты

Шет елге шығып, онда 3 ай тұрып жұмыс істеп келу деген біздің ата-аналарымызға өз кездерінде үш ұйықтаса да түсіне кірмейтін дүние болатын. Ал… қазір, тек оған деген өзіңнің талпынысың бар болса жеткілікті.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің қолдауымен құрылған Work and Travel бағдарламасы бойынша жыл сайын жүздеген студенттер Америкаға саяхаттау үшін және сонымен қатар ақша табу мақсатында елімізден аттанады. Тек сол саяхат әркімге әрқалай аяқталады…

Ал енді Америка өмірі туралы сонда жүрген қазақ студенті Асқарбектің өз аузынан естісек.

Оқуды жалғастыру

Әдетім – күліп ояну!

Қалыпты

Таңертең ұйқыдан сергек тұру сіз үшін қаншалықты оңай? Күніңді қандай көңіл-күймен бастасаң, сондай болып өтеді дейді ғой. Сенбеймін)

Таңертең, күндіз менің бойымдағы активті жасушалар әлі де ұйықтап жатады-ау деймін. Тек кешке таман, түнге қарай менің энергиям пайда болып, үй жинауға, тамақ істеуге не бір нәрсе жазуға құштарым ашылып тұрады. Күн сайын  осылай болады деп айта алмаймын. Алайда кешке қарай белсенділігім таңертеңге қарағанда біршама артып түсері анық.

Әдеттегідей ақылды болып сіздерге бірнеше кеңес беріп қояйын:) Таңертең көзіңді ашқан бойда өзіңе ұнайтын, жүзіңізге күлкі ұялататындай ойда болу керек. «Бүгін мен оны әлбетте кездестіремін», «Бүгін маған бір тосын сый сылайды», немесе «Бүгінгі күнім кешегіге қарағанда мен үшін пайдалы болады», т.б. секілді. Ал күнді сізге шексіз шабыт сыйлайтын кітабыңыздың бірнеше жолымен бастау – тіпті керемет. Бұл менің өз әдісім.

Сондай-ақ  тұра салысымен бір стақан су ішу керектігі бәрімізге де кішкентай кезімізден аян болу керек. Ал мен жай су емес, құнарлы дәрумендерге толы арнайы сусын  ішемін (бүкіл отбасына соны үйретіп тастаған анама алғыс) )).

Ал бір мамандар құлақ ішін жуу адамға тез сергектік әкеледі дейді. Менің жағдайымда бірақ бұл ақиқат та дұрыс емес. Бетті кезектеп біресе суық, біресе ыстық сумен жуу менің әдісім:)

Әрине дене жаттығулары да маңызды. Ал менің әдісім – би. Осындайда теледидардан көрсететін таңғы бағдарламалардың да қызықты, көңілді болуына не жетсін. Өкінішке орай, ондайды біздің арналардан таба алмаймын. Ресейдің «Бірінші каналындағы» таңғы бағдарламаны, не болмаса музыкалық каналдар көңіліңді көтереді.

Тағы да бір әдісті, мен жақында аштым. «ТВ, РВ-да сөйлеу мәнері» сабағының арқасында. Сол сабақтан беретін мұғаліміміз – Сауық Жақанованың үйретуі бойынша, дұрыс дем алуға, дауыстың ашық шығуына арналған жаттығулар жасаймын. Керек десеңіз, алдымен а, е, о, ө, у, ы, и әріптерін кәдімгідей созып айтамыз. Келесі рет дәл осы дыбыстарды аузымызды жауып айтамыз. Бірақ дыбысы естілуі керек. Бұл жаттығуды бірнеше рет қайталаймыз. Осы қарапайым жаттығу қатты ұнайды. Сауық апайдың айтуынша, көмейің ашыла түседі.

Міне, осындай жазба. Көңіл-күйлеріңіз мезгілдің әр кезінде көтеріңкі болсын!

Айтпақшы: күні бойы денеңіз бен миыңыз тынық болсын десеңіз, күніне 7-8 стақан су ішуді ұмытпаңыз:)

Иә, менің ойым осы…

Қалыпты

Мен ғажайыптарға  сенемін:) Әлі де бала көңілмен… Егер Жер бетінде жақсы адамдар көбейсе, әлем жақсырақ бола түсетініне кәміл сенемін. Егер адамдар бір-біріне сәл ғана мейірімдірек, сыпайырақ болса, біздің өміріміз гүлдене түсетініне сенемін. Риясыз күлкінің өзі адам жанын емдей алатындығына сенемін. Жақыныңа айтқан жылы сөз оған деген махаббатыңның белгісі боларына сенемін.

Әр адам өзінше бір әлем. Әр адам өзінше бір жалғызсырайды. Сондықтан әрбіреуімізге де: яки жас, яки кәрі болсын  бір уақыт болса да бағалы екендігімізді, біреуге керекті екендігімізді біліп тұру қажет.

Неге екенін білмейм, кәрі адамдарға көңіл аударған  ұнайды. Әсіресе мейірімді, өзгелермен жұмысы жоқ, кішкентай ғана шалдардың (шал деп еркелете айтып отырмын:)) іс-әрекетін бақылап отырсаң, өзімен-өзі көңіл күйің жай табады. Мүмкін олардың ешкімге де зияны жоқ мейірімділігі соншалықты адам көңілін тартатын шығар. Өйткені біздің бәрімізге де керегі сол – жылылық, мейірбандық, сүйіспеншілік…

Сондықтан да кез келген сәтте сіз бір күлкіңіздің күшімен де өзге біреудің көңіліне  үміт отын ұялата алатыныңзды ұмытпағайсыз:)

Тыныштық сақтап, сабырлы болыңыздар!

Қалыпты

   Ғаламтордың беттерін кезіп жүріп, осындай слоганды көрген боларсыздар… Өз басым жиі көрем. Бұл слоган неге соншама танымал болып кетті?

Keep Calm and Carry On – «Тыныштық сақтап, сабыр болыңыздар»  немесе Оқуды жалғастыру

Үлкейдік пе не романтикадан жұрдай…)

Қалыпты

иә, түсіңе кіретін сурет… Егер ойыншықтарды қорғау ұйымы болса, мені бірінші болып соттап жіберер:)

Ал басқа амал бар ма? Бұларды мен шаң жинайтын керек емес дүние дер едім. Қыздар қауымы келісер келіспес, бұл «сүйкімділерді» құшақтап ұйықтай да алмайсың кинодағыдай:)

Кішкентайымда осындай ойыншықтарды жинап алып, сабақ өткізетінмін. Қатар-қатар отырғызып қойып, «ана тілі», «дүниетану», «матем», «сурет» сияқты сабақтар түсіндіретінмін, әр оқушы үшін өзім тағы да жауап беретінмін, дене шынықтыруға апарып ойнататынмын. Ал мереке кезді айтсайшы, әр жүргізушінің сөзін сөйлеп, би билетіп, ән айтқызатынмын… сонда бәрі де жанды болып көрінуші еді. Өзімнің «любимчик»терімде болатын:)

Мамам: «Айжан апай, обедке жүріңіз» деп әрең шығарып алушы еді ойыннан. Сонда да «Меруерт, сен классқа қарай тұр» деп өзімше шығып кететінмін. Апыл-ғұпыл тамағымды ішіп, анамның қабағын баға, ақырын сытылып қайта баратынмын мұғалима болып…

Иә, балалықтың балғын шақтары… Оқуды жалғастыру

Бартерге шақырамын!

Қалыпты

Кеш жарық!:) көптен жүздеспей кеткен, дәлірек айтсам жазбай кеткен жайым бар… сонда да сіздердің (яғни оқырмандардың) блогқа үзбей кіріп, күн сайын сайт санағын бақылаған маған 55-34 сияқты блогқа кірген қонақтар санын көрсететіндеріңізге  қуанып қалам. Алда көптен күткен -Блогкэмп, одан кейін Наурыз, демалыстар… ойымыз бен бойымыз бір тынығып қалар күндер:)

Осы жерден «бір әңгіменің ұшын шығара кетейін»… Оқуды жалғастыру

Махаббат тәжін киген бақытты адам…

Қалыпты

Соңғы уақыттағы бірінен соң бірі өрбіп, тулаған толқындай жарыса өткен оқиғалардан кейін әне жазам, міне жазам деп әйтеуір жеттім пернетақтаға.

Біз өзі қызықпыз:  «Уақыт жоқ, уақыт жоқ» дейміз де, қалай ғана ғаламтордың торлы орманында бір-екі сағатты өткізіп алатынымызды немесе дос-жаран, құрбы-құрдастармен бос әңгіме айтып отырып қалатынымызды білмей қаламыз.

Ал уақыт болса, оған қарамайды. Не сен оны бағындырасың, не ол сені бағындырады. Күйбең тіршілікпен зу етіп өте түсетін күндеріңді қартайған шағыңда ғана бір күрсініп аңсап қаласың…

Ал уақытты бағындыра білген адамдар ұлылар қатарына қосылған-ды.

Артына әрқайсысы мектептегі  «Қазақстан тарихы» оқулығының қалыңдығындай болатын он томдық шығармалар жинағын қалдырып кеткен Әзілхан атамыз уақытты бағындырып қана қоймай, онымен бәстесе, қатарласа жүріп күресті. Ашаршылық, қан майдан, араздық сияқты өмірдің ауыртпалығын да, қызығын да өткерді. Ал артынан қалдырып кеткен мол мұрасы қаншама!

Әзілхан аға (біз үшін ата болса да, дәл «аға» деген сөз жарасымды сияқты) мен үшін кіршіксіз махаббат, пәктік, таза, адал сезім символы. Өн бойында барша адамзатқа деген махаббат жатқандай. Оның әр шығармасынан, әр сөзінен оқырманына деген сүйіспеншілікті, ол жақсы болса екен, жақсы бола түссе екен деген ниет жататындай.

Бір ғана «Махаббат қызық мол жылдар»-мен ол қаншама ұрпаққа сезімнің нәзік ноталарын көрсетті. Студенттермен болған  бір кездесуде Әзілхан ағамызға филфак студенттері «Махаббат патшасы» деген атақ беріпті деп естігем, мен оған толықтай қоыламын. Топтасым Маржан айтқандай, «Әзілхан аға қазіргі кездің Төлегені. Жігіт болмысының идеалы» Оқуды жалғастыру

Қазақ халқының бұлбұлы Роза Бағланова өмірден өтті….

Қалыпты

8 ақпан күні КСРО-ның халық әртісі, біртума талантымыз Роза Тәжібайқызы Бағланова ауыр инфарктың салдарынан қайтыс болды. «Ах, Самара, городок» әнімен әйгілі болған, посткеңестік кезеңде жанрлық ән айтудан жалғыз ғана әйел адам болған қазақ халқының күміс көмейі, дарыны Роза Бағланова бір жылдан кейін 90 жасқа келер еді. Күні бұрын, яғни 7 ақпанда Президент Н.Назарбаев қатарында Роза апамыз бар мәдениет қайраткерлеріне президенттік стипендиялар тағайындапты.

Жерлеу күні Алматы қаласының Кеңсай қорымында 10 ақпан күні өтеді. Бір қызығы, vesti.kz сайтының айтуынша, «Крыша» газетінің сайтында Роза апамыздың жатқан төсегі сатылымға шығарылыпты. Ол жерге жиһаз ақпанның 5 күні сайтқа шығарылған. 65 мың долларға бағаланған гарнитур арнайы Италияда жасалыныпты. Сондай-ақ онда әнші апамыздың қолтаңбасы бар екен. Әзірге белгісіз сатушылар жиһазды тіпті үйге немесе автокөлікке айырбастауға болады деп жазыпты. 

Надежда Бендзь Vs. Қазақ тілі

Қалыпты

« Эфес-Қарағанды» зауытының басшылығы Надежда Бендзь бен «ана тілімізді аяққа басқан» деп айыптаған жеті жұмысшының оқиғасы бәріміздің есімізде: зауыттың супервайзері Бендзь қазақ тілінде сөйлейтіндер еден жууға ғана жарайды, «казахский уже бесит», т.б. тәрізді Қазақ тілін қорлап, өз тілінде сөйлеп жүрген жұмысшыларының намысына тиеді.

«Біз ең алдында айтып шешуге тырыстық. Бірақ, ондай ештеңе қозғалмағандықтан, біз амал жоқтан диктофонға жаза бастадық. Өйткені, біздің сөзімізге ешкім мән берген жоқ» дейді жеті жігіттің бірі Данияр Ахметов. Оқуды жалғастыру

«Сенің мұндай ит боларыңды күшік кезіңде біліп ем!…»

Қалыпты

Театр деген керемет қой… Түгелдей бір роман не пьеса оқып шыққандай күй кешесің. Осы жолы театр сахнасынан мен Гогольдің «Үйлену» комедиясын оқып шықтым.

Зал қыран-топан күлкіге айналды.

Негізі осымен де рецензияны бітіруге болар еді, алайда өз әсерімді, ойға түйгеніміді айта кетейін. Оқуды жалғастыру