Әдетім – күліп ояну!

Қалыпты

Таңертең ұйқыдан сергек тұру сіз үшін қаншалықты оңай? Күніңді қандай көңіл-күймен бастасаң, сондай болып өтеді дейді ғой. Сенбеймін)

Таңертең, күндіз менің бойымдағы активті жасушалар әлі де ұйықтап жатады-ау деймін. Тек кешке таман, түнге қарай менің энергиям пайда болып, үй жинауға, тамақ істеуге не бір нәрсе жазуға құштарым ашылып тұрады. Күн сайын  осылай болады деп айта алмаймын. Алайда кешке қарай белсенділігім таңертеңге қарағанда біршама артып түсері анық.

Әдеттегідей ақылды болып сіздерге бірнеше кеңес беріп қояйын:) Таңертең көзіңді ашқан бойда өзіңе ұнайтын, жүзіңізге күлкі ұялататындай ойда болу керек. «Бүгін мен оны әлбетте кездестіремін», «Бүгін маған бір тосын сый сылайды», немесе «Бүгінгі күнім кешегіге қарағанда мен үшін пайдалы болады», т.б. секілді. Ал күнді сізге шексіз шабыт сыйлайтын кітабыңыздың бірнеше жолымен бастау – тіпті керемет. Бұл менің өз әдісім.

Сондай-ақ  тұра салысымен бір стақан су ішу керектігі бәрімізге де кішкентай кезімізден аян болу керек. Ал мен жай су емес, құнарлы дәрумендерге толы арнайы сусын  ішемін (бүкіл отбасына соны үйретіп тастаған анама алғыс) )).

Ал бір мамандар құлақ ішін жуу адамға тез сергектік әкеледі дейді. Менің жағдайымда бірақ бұл ақиқат та дұрыс емес. Бетті кезектеп біресе суық, біресе ыстық сумен жуу менің әдісім:)

Әрине дене жаттығулары да маңызды. Ал менің әдісім – би. Осындайда теледидардан көрсететін таңғы бағдарламалардың да қызықты, көңілді болуына не жетсін. Өкінішке орай, ондайды біздің арналардан таба алмаймын. Ресейдің «Бірінші каналындағы» таңғы бағдарламаны, не болмаса музыкалық каналдар көңіліңді көтереді.

Тағы да бір әдісті, мен жақында аштым. «ТВ, РВ-да сөйлеу мәнері» сабағының арқасында. Сол сабақтан беретін мұғаліміміз – Сауық Жақанованың үйретуі бойынша, дұрыс дем алуға, дауыстың ашық шығуына арналған жаттығулар жасаймын. Керек десеңіз, алдымен а, е, о, ө, у, ы, и әріптерін кәдімгідей созып айтамыз. Келесі рет дәл осы дыбыстарды аузымызды жауып айтамыз. Бірақ дыбысы естілуі керек. Бұл жаттығуды бірнеше рет қайталаймыз. Осы қарапайым жаттығу қатты ұнайды. Сауық апайдың айтуынша, көмейің ашыла түседі.

Міне, осындай жазба. Көңіл-күйлеріңіз мезгілдің әр кезінде көтеріңкі болсын!

Айтпақшы: күні бойы денеңіз бен миыңыз тынық болсын десеңіз, күніне 7-8 стақан су ішуді ұмытпаңыз:)

3 thoughts on “Әдетім – күліп ояну!

Пікір қалдыру