«American Dream»?

Қалыпты

Шет елге шығып, онда 3 ай тұрып жұмыс істеп келу деген біздің ата-аналарымызға өз кездерінде үш ұйықтаса да түсіне кірмейтін дүние болатын. Ал… қазір, тек оған деген өзіңнің талпынысың бар болса жеткілікті.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің қолдауымен құрылған Work and Travel бағдарламасы бойынша жыл сайын жүздеген студенттер Америкаға саяхаттау үшін және сонымен қатар ақша табу мақсатында елімізден аттанады. Тек сол саяхат әркімге әрқалай аяқталады…

Ал енді Америка өмірі туралы сонда жүрген қазақ студенті Асқарбектің өз аузынан естісек.

Оқуды жалғастыру

Махаббат тәжін киген бақытты адам…

Қалыпты

Соңғы уақыттағы бірінен соң бірі өрбіп, тулаған толқындай жарыса өткен оқиғалардан кейін әне жазам, міне жазам деп әйтеуір жеттім пернетақтаға.

Біз өзі қызықпыз:  «Уақыт жоқ, уақыт жоқ» дейміз де, қалай ғана ғаламтордың торлы орманында бір-екі сағатты өткізіп алатынымызды немесе дос-жаран, құрбы-құрдастармен бос әңгіме айтып отырып қалатынымызды білмей қаламыз.

Ал уақыт болса, оған қарамайды. Не сен оны бағындырасың, не ол сені бағындырады. Күйбең тіршілікпен зу етіп өте түсетін күндеріңді қартайған шағыңда ғана бір күрсініп аңсап қаласың…

Ал уақытты бағындыра білген адамдар ұлылар қатарына қосылған-ды.

Артына әрқайсысы мектептегі  «Қазақстан тарихы» оқулығының қалыңдығындай болатын он томдық шығармалар жинағын қалдырып кеткен Әзілхан атамыз уақытты бағындырып қана қоймай, онымен бәстесе, қатарласа жүріп күресті. Ашаршылық, қан майдан, араздық сияқты өмірдің ауыртпалығын да, қызығын да өткерді. Ал артынан қалдырып кеткен мол мұрасы қаншама!

Әзілхан аға (біз үшін ата болса да, дәл «аға» деген сөз жарасымды сияқты) мен үшін кіршіксіз махаббат, пәктік, таза, адал сезім символы. Өн бойында барша адамзатқа деген махаббат жатқандай. Оның әр шығармасынан, әр сөзінен оқырманына деген сүйіспеншілікті, ол жақсы болса екен, жақсы бола түссе екен деген ниет жататындай.

Бір ғана «Махаббат қызық мол жылдар»-мен ол қаншама ұрпаққа сезімнің нәзік ноталарын көрсетті. Студенттермен болған  бір кездесуде Әзілхан ағамызға филфак студенттері «Махаббат патшасы» деген атақ беріпті деп естігем, мен оған толықтай қоыламын. Топтасым Маржан айтқандай, «Әзілхан аға қазіргі кездің Төлегені. Жігіт болмысының идеалы» Оқуды жалғастыру

Қазақ халқының бұлбұлы Роза Бағланова өмірден өтті….

Қалыпты

8 ақпан күні КСРО-ның халық әртісі, біртума талантымыз Роза Тәжібайқызы Бағланова ауыр инфарктың салдарынан қайтыс болды. «Ах, Самара, городок» әнімен әйгілі болған, посткеңестік кезеңде жанрлық ән айтудан жалғыз ғана әйел адам болған қазақ халқының күміс көмейі, дарыны Роза Бағланова бір жылдан кейін 90 жасқа келер еді. Күні бұрын, яғни 7 ақпанда Президент Н.Назарбаев қатарында Роза апамыз бар мәдениет қайраткерлеріне президенттік стипендиялар тағайындапты.

Жерлеу күні Алматы қаласының Кеңсай қорымында 10 ақпан күні өтеді. Бір қызығы, vesti.kz сайтының айтуынша, «Крыша» газетінің сайтында Роза апамыздың жатқан төсегі сатылымға шығарылыпты. Ол жерге жиһаз ақпанның 5 күні сайтқа шығарылған. 65 мың долларға бағаланған гарнитур арнайы Италияда жасалыныпты. Сондай-ақ онда әнші апамыздың қолтаңбасы бар екен. Әзірге белгісіз сатушылар жиһазды тіпті үйге немесе автокөлікке айырбастауға болады деп жазыпты. 

«Ғажапсың, дүние, ғажапсың! Әттең, бірақ, аз-ақсың!»

Қалыпты

-Бұл кім?

-Баяғы сортақ шал ғой…

-Сортағыңыз не? Қойыңыз…

-Жәәй, көз тимесін деп айтқаным ғой, ал былайша әлі де сері шалмын…

«Жүрейік жүрек ауыртпай…» драмасынан

Спектакльден кейінгі әсерімді жазбас бұрын, көп ойландым. Әр түрлі сезім мен сан түрлі ойлар… Бәрі де маңызды, бәрін де қамтығым келеді. Алайда жүректегіні түгелімен айтып-жеткізу ешкімнің де қолынан келе қоймаған шығар… Оқуды жалғастыру

Менің Playlist-імдегі TOP үштік!

Қалыпты

Менің Playlist-імде негізі барлық жанр мен түрлі -түрлі әншілерді, орындаушыларды кездестіруге болады. Белгілі бір арнадағы әндер белгілі бір кезеңдерде ұзақ уақытқа дейін тыңдалып жүреді де, кейін жалықтырған соң келесі бір арнадағы әндер кезекке келеді.

Мысалы, осыдан жарты жыл бұрын керемет Yiruma деген корейлік пианисттің бар композициясын жүктеп алып тыңдаудан шаршамайтынмын. Айтпақшы осы постты жазу барысында оның әйелі (2007 жылдың 27 мамырынан) Son Hye-im атты «Мисс Корея екенін  білдім. Оның әр шығармасынан корейлерге тән нәзіктік пен пәктік сезіледі. 

 

 

 

 

Одан кейін әйгілі ABBA-ның әндеріне ғашық болып жүрдім:) Ол енді «Mamma Mia» атты киноны көргеннен кейін. (өте позитивті, көңіл-көтерерлік тамаша фильм) Сондай-ақ «Дорогой Джон» атты (тағы да ең сүйікті фильмдердің бірі) фильмнен соң The Swell Season атты топтың «The Moon» және «The Rain» атты саундтректері ұнап қалды.

Жалпы маған инструменталды әуендер көбірек ұнайды. Белгілі армян композиторлары Арам Хачатурян (суретте) мен Микаэл Таривердиевтің шығармалары ұнайды. (соңғысы көптеген әйгілі кеңес киноларына саундтрек жазған. Мысалы, «Ирония судьбы или с легким паром», «Семнадцать мгновений весны», т.б.)

Сондай-ақ оркестрлік күйлер (әсіресе «Ата толғауы»), Дәулеткерейдің «Көріғұлысы», т.б. ұнайды. Әрине «Музарт»-тың өлеңдері Playlist-імде жиі кездеседі. Мейрамбектің термелерін ерекше сүйіп тыңдаймын. Жоғарыдағы бар өзге музыкадан шаршаған уақытта бірден басыммен өзіміздің әуендерге кетем.

Әсіресе соңғы кезде (тағы да сол фильмнен кейін ғой) «Ғашық жүрек или Коктейль для звезды» киносынан кейін Мөлдір Әуелбекованың «Жаным», «Әдемі қыз» атты әндері мен Мейрамбектің «Кіналама»-сы қатты ұнап жүр. Сондай-ақ өзіміздің әншілерден Жұбаныш Жексенұлының «Өкінбе сен», Гауһар Қаспақованың «Мен сені ойлайтынмын», Kz тобының «Сезім», «Арнау» тобының «Аңсарым» атты әндерін ерекше атап өте аламын.»Махаббат станциясы»-ндағы саундтректі бұрыннан бері қалдырмай тыңдаймын:)

Тағы да бір кездері Jason Mraz, Alexandr Ribak-тың жеңіл де көңілді әндері ұнап жүрді. Соған ұқсас қазірде соңғы «Грэмми»-дағы «Үздік ән» номинациясын  жеңіп алған Bruno Mars деген америкалық әншінің әндері де көңілімді көтереді.

Барлық әндер есіңе түсе бермейді де ғой, қазір есіме сап ете қалғаны ресейлік Krec тобының әндері. Кейбіреулеріңіз естіген де боларсыздар. Олардың әндерін мен бір сөзбен (немесе екі)-«добрая грусть» (жақсы мұң дейміз бе)) деуші едім. Әсіресе «Нежность», «Искры» деген әндері қатты ұнаушы еді. Қызық, қазірде онша қатты ұнамайды, бірақ сол кезді есіме түсірсем, солардың өлеңдеріне addicted болыппын ғой:) Сондай-ақ, (сонау ықылым заманда деп қояйын) әлі есімде Eminem-нің әндерін шаршамай тыңдап, жалпы айтқанда сол кездегі «мода» болар соның әндерін тыңдап өстім:)

Басында сіздерге ескерттім ғой, әр түрлі САН ТҮРЛІ жанрдағы әндер бар деп, міне, келесі бір жанр қазірде кеңінен таралған rave music. Rave music дегеніміз-көбінесе клубтарда естілетін электронды dance әуен. Өте «энергичный», бойында транс музыка, sample, chillout әуендер бар. Cafe del Mar, Stephane Pompougnac, Jim Rivers, Dj Koz, Armin Van Buuren… бұл жаңа арнадағы қазірше сүйіктілерім.

Ал енді тақырыпта айтып кеткендей, TOP үштікті анықтайық. Негізі бұл жерде көөөөп әндер мен сүйікті композициялар айтылмай қалды… Онда пост тым ұзақ болып кетуші еді…

Сонымен қазіргі таңдағы TOP үштік :

1. John Powell-дің (көптеген саундтректер авторы)жазған  «Мистер и Миссис Смит» фильміндегі танго әуені 

2. М.Әуелбекованың екі бірдей  «Жаным» және «Әдемі қыз» әндері

3. Armin Van Buuren feat Sophie Ellis Bextor  ‘Not Giving Up’


 

Ал сіздің Playlist-іңіздің TOP үштігі қандай?

Жарық футболист! (made in Kz)

Қалыпты

Қазақстандағы ең танымал футболист кім? Әрине егер сіз ер адам не болмаса футболға қызығып жүрген адам болсаңыз бұл сұраққа оп-оңай жауап беруіңіз мүмкін. Ал егер бұл екеуіне де жатпасаңыз ше…) Жалпы айтайын дегенім, футболға қызыға бермейтін адамдардың өздері Дэвид Бэкхем, Криштиану Роналдо, Рональдиньо, т.б. футболистерді біледі. Өйткені олар туралы ойында ғана емес, газет-журнал, тв-да көп айтылады. Бір сөзбен айтқанда пиары жақсы))

Қазақстандық футболшыларды таныту мақсатында және де жаз дабайдағы бір видеоны көріп алып, қазақстандық футболшы Самат Смақов туралы жазғым келді. Ол туралы іздестіріп отырып, сондай-ақ ол өте көрікті жігіт ағасы екенін де байқадым))

Оқуды жалғастыру

Күй сүйер қауымға!

Қалыпты

Мұғаліміміз Амангелді Сейітхан алдыңғы сабақта күй жайлы толғандырып әңгіме айтқан. Содан бері ғаламтордан жақсы күйлер жүктей алмай жүр едім. Айтып отырғаным Асылбек Еңсепов, «Ұлытау» стиліндегі күйлер емес:)

Содан бір сайтқа жолығып мынандай сілтеме тауып алдым. Екі күн бойы жүктеген шығармын:) Нұрғиса Тілендиев пен Т.Атабайұлының 16 күйінен тұратын жинақ.

Нағыз күй сүйер қауымға қаланың қарбалас өмірінен бір уақытқа тынығып,  құлағыңыздың құрышын қадыруға шақырамын:) Енді керемет дүние!

4.34 минутыңызды қиыңыз, өкінбейсіз!

Қалыпты

Жақында жақын құрбым ғаламтордан өте әсерлі бір видео жіберіп, көруімді өтінді. Уақыттың тығыздығына байланысты, бір шолып өтермін деп, видеоны жүктеп қойдым да жұмыстарыма кірісе кеттім. Біраз уақыттан кейін ғана есіме түскен видеоның play-ін басып қалғаным сол еді, көріп болғанша, сан түрлі сезімдерге баттым. Бірде күліп, бірде жылағым келді…

Қысқасы көріп шығыңыздар, бей-жай қалдырмасына сенімдімін.

әуені:

Sigur Ross – Hoppipolla

P.S. видеоға қатысты пікірлерімді алда айта жатармын, сіздермен тезірек бөліскім келді:)

«Ол менің кумирім еді…»

Қалыпты

Алдарыңызға курстасым Айнұрдың kazjur әлеуметтік желісіне қойылған жазбасын ұсынып отырмын. Өзім қызығып және де Айнұр сияқты өзім де «бритниші» болған соң,  құрбымның рұқсатымен блогқа жарияладым.

«Бритни Спирс мен бесінші сыныпта оқып жүргенімде енді атағы шығып келе жатқан жас әнші қыз болатын. Бір қызығы сары шашты, ағылшынның сүп- сүйкімді сары қызына барлық жастардың көңілі сол кездері бірден ауды.

Бритниге ұқсап киіну, шаш үлгісін соған ұқсатып қырқу,соның әндерін жаттап
алып айтып жүру сол кездің жастары үшін бір сәнге айналған. Солардың арасында
менде болғанымды жасырмаймын. Мен де Бритни Спирстің орысша айтқанда кумирі
болғанмын. Тек мен емес, тіпті менің сыныбымның қыздарына қоса ұлдары да осы Бритни есімді
әнші қыздың өнеріне ғашық болатын.

Содан арамызда кім Бритни жайында көп ақпарат табады , болмаса кім көп суреттертерін әкеледі деп жарысатынбыз. Бритнидің бір суреті үшін ішкен асымызды жерге қоятын шақтарда болған.
Оның барлығын жинап алып сыныбымызда Бритниге арналған үлкен альбом болатын, соған ол туралы ақпартты тапқан сайын тіркеп отыратынбыз. Содан күннен күн, айдан ай, жылдан жылдар өте берді осы әдетіміз қалмады. Жыл өткен сайын осы ару әншінің жетістіктерімен бірге бізде алақайлап қуанатынбыз. Алғаш «Перекресток» деген киносы шыққанда оны қандай таң тамашамен көргенімізді көрсеңіз ғой.

Содан соң ол күйеуге шығайын деп жатыр екен,Бритни мен Кевиннің үйлену тойы болады екен дегенді естігенде сыныптастарымызбен өзіміздің туған бауырымыздың тойы болардай қуандық. Бұл бір сондай қызық сәттер.. Ол уақытта интернет жоқ. Тек дәстүрлі медия арқылы айтылып жазылған
ақпарттарды тағатсыздана күтіп жүретінбіз. Барлығымыз сол уақытта баламыз ғой. Бірімізге шын ұнайды, біріміз жай бәрі ұнатқанан соң толқынан қалмас үшін суреттерін жинап жүретін. Есейе келе әр қайсысымыздың кумиріміз де, хоббиіміз де өзгеріп кетті.

Сөйтіп бірте-бірте Бритни Спирс те, біз де үлкен өмірдің есігін ашып әрқайсысымыз өз жолымызбен кете бардық…

Бүгін интернет желісінен Бритни Спирстің өлеңдерімен өскен, Бритнидің экс-кумирі МЕН оны тағы да кездестірдім!

Тапсырманы орындау барысында «http://www.award.kz/»-тен Бритни Спирске арнап Өскемен қаласының тұрғыны Әбиев Ерланың 15.01.2010 жылы britney.kz
деген атаумен Бритни Спирстің Қазақстандағы
тыңдармандарына ашқан сайтына тап болдым.Сайттан Бритнидің өмірі жайлы оқып,
суреттерін көріп балалық шағым, достарым, сол бір кездер есіме түсіп елжіреп
кеттім.

Сол шақтардың енді оралмайтыны қандай өкінішті…»

Карла Бруни vs Мишель Обама

Қалыпты

Жақында «1 арнадан» Франция Республикасының бірінші ледиі Карла Бруни жайлы деректі фильм көріп, өміріне  қызығушылығым арта кетті. Әрине «1 арнаның» шебер түсірген деректі фильмі Карланы ерекше мейірімді, бірінші леди бола тұра өз ұстанымдарын жоғалтпаған өнерсүйгіш  тұлға ретінде көрсетті.

Ары қарай ғаламтордан іздестіре бастаған ақпараттар оны басқа қырынан аша түсті. Мысалы, бір мақалада Лаури есімді журналист «»Она очень хитрая женщина. Я говорю именно «хитрая», а не «умная» дейді. Сондай-ақ оның Мишель Обамамен өзіндік бәсекесі бар екенін аңғардым. Сонымен әлем елдерінің жарық екі ледиін салыстырып көрейік:

Карла Бруни 1968 жылы 23 желтоқсанда Италияда туылған. Швейцарияның әйгілі интернатында, кейін Париждің өнер   және архитектура  факультетінде оқыған. Анасы – пианистка, өкіл әкесі – композитор, Карла өнерге жақын  отбасында тәрбиеленеді. 19 жасында фотомодель карьерасын бастап, 20 жасында 90-жылдардың әйгілі топ модельдерінің қатарына қосылады. Алайда музыкаға деген махаббаты жанданып, 1992 жылы подиумды гитараға, студияға айырбастайды.  Карланың студенттік кезінде жүрген жігіті Рафаэль Энтовеннен  бір баласы бар. Сондай-ақ Николя Саркозидің үшінші әйелі   болғанға дейін Мик Джаггер, Кевин Костнер, Дональд Трамп сияқты жұртшылық алдындағы танымал фигуралармен кездесіп жүреді. Алайда Карланы «әйелім» деу Николя Саркозиге бұйырады. Олар 2008 жылы Елисей сарайында некелерін қияды. Бір сұхбатында Карла президенттік сайлауда қатыспағанын, ал егер қатысқан жағдайда Николяның оппоненті Руаяльге дауыс беретінін айтты. Өзін политикалық тұлға деп танымайды. «Я совсем другая. Я была моделью. Я пою и хочу продолжать петь. Я роковая женщина, мои дорогие»

Мишель Обама 1964 жылдың 17 қаңтарында Иллинойс  штатында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келеді. Өзінің жары Барак Обамаға қарағанда, Мишель нағыз негр-құлдардың тұқымынан тарайды. Принстон мен Гарвардтың заң мектебінде оқыған. «Сидней Остин» заң фирмасында жұмыс істеп жүргенде, болашақ жары Баракамен танысқан. Бәсекелесі Карлаға қарағанда, президент күйеуімен ол постқа отырмай тұрып некелеседі. Екі қыздары бар. Күйеуінің сайлау кампаниясында белсенді жұмыс атқарады. Ақ үйде өзінің бақшасын өсіріп, экологиялық таза өнімдерді өсіреді. Бұл бастамасы арқылы оны Элеонора Рузвельтпен салыстырады. Сондай-ақ АҚШ-тың бірінші ледиі Forbes журналының  көзқарасы бойынша, әлемнің ең ықпалды әйелдерінің алды. «Мишель Обама занимается политикой больше, чем Лора Буш. А в отличие от другой известной бизнес-леди, Хиллари Клинтон, которая проводила крайне непопулярную реформу системы здравоохранения; миссис Обама придерживается более гибких взглядов» дейді журнал журналистері. Ал Карла Бруни болса, бұл тізімде 35-орынды иеленіпті.

 

 

 

Алайда екеуіне де ортақ бір нәрсе бар. Ол президент әйелдеріне тән – қайырымдылық. Бруни СПИД-ке шалдыққан аналарға көмек көрсетіп, Гаити балаларын қаржылай қамтамасыз етіп жүрсе, Мишель Обама әрдайым жетімдер мен үйі жоқ кедейлерге қарайласып жүреді. Екеуі дәл осы сферада бәсекелесіп жүргендері қандай керемет:)

 

P.S. тағдыр біреуге қоғамды өзгертуге, біреуге әлемді өзгертуге мүмкіндік береді. Сондай өмір берген екен, атыңды пайдаланып, кішкене болса да адамдарға, жан-жақтағы ондай мүмкіндігі жоқ адамдарға көмектесіп, қолдау көрсеткенге не жетсін…

«Егер мен сен сияқты болсам, мен сияқты кім болады?» (иә, Өркеннің өрнегінен көрген еврей нақылы) демекші, әр адам өмірде өзінің рөлін толыққанды, адал атқарса, әлем одан да жақсара түспей ме?!