«American Dream»?

Қалыпты

Шет елге шығып, онда 3 ай тұрып жұмыс істеп келу деген біздің ата-аналарымызға өз кездерінде үш ұйықтаса да түсіне кірмейтін дүние болатын. Ал… қазір, тек оған деген өзіңнің талпынысың бар болса жеткілікті.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің қолдауымен құрылған Work and Travel бағдарламасы бойынша жыл сайын жүздеген студенттер Америкаға саяхаттау үшін және сонымен қатар ақша табу мақсатында елімізден аттанады. Тек сол саяхат әркімге әрқалай аяқталады…

Ал енді Америка өмірі туралы сонда жүрген қазақ студенті Асқарбектің өз аузынан естісек.

Оқуды жалғастыру

Әдетім – күліп ояну!

Қалыпты

Таңертең ұйқыдан сергек тұру сіз үшін қаншалықты оңай? Күніңді қандай көңіл-күймен бастасаң, сондай болып өтеді дейді ғой. Сенбеймін)

Таңертең, күндіз менің бойымдағы активті жасушалар әлі де ұйықтап жатады-ау деймін. Тек кешке таман, түнге қарай менің энергиям пайда болып, үй жинауға, тамақ істеуге не бір нәрсе жазуға құштарым ашылып тұрады. Күн сайын  осылай болады деп айта алмаймын. Алайда кешке қарай белсенділігім таңертеңге қарағанда біршама артып түсері анық.

Әдеттегідей ақылды болып сіздерге бірнеше кеңес беріп қояйын:) Таңертең көзіңді ашқан бойда өзіңе ұнайтын, жүзіңізге күлкі ұялататындай ойда болу керек. «Бүгін мен оны әлбетте кездестіремін», «Бүгін маған бір тосын сый сылайды», немесе «Бүгінгі күнім кешегіге қарағанда мен үшін пайдалы болады», т.б. секілді. Ал күнді сізге шексіз шабыт сыйлайтын кітабыңыздың бірнеше жолымен бастау – тіпті керемет. Бұл менің өз әдісім.

Сондай-ақ  тұра салысымен бір стақан су ішу керектігі бәрімізге де кішкентай кезімізден аян болу керек. Ал мен жай су емес, құнарлы дәрумендерге толы арнайы сусын  ішемін (бүкіл отбасына соны үйретіп тастаған анама алғыс) )).

Ал бір мамандар құлақ ішін жуу адамға тез сергектік әкеледі дейді. Менің жағдайымда бірақ бұл ақиқат та дұрыс емес. Бетті кезектеп біресе суық, біресе ыстық сумен жуу менің әдісім:)

Әрине дене жаттығулары да маңызды. Ал менің әдісім – би. Осындайда теледидардан көрсететін таңғы бағдарламалардың да қызықты, көңілді болуына не жетсін. Өкінішке орай, ондайды біздің арналардан таба алмаймын. Ресейдің «Бірінші каналындағы» таңғы бағдарламаны, не болмаса музыкалық каналдар көңіліңді көтереді.

Тағы да бір әдісті, мен жақында аштым. «ТВ, РВ-да сөйлеу мәнері» сабағының арқасында. Сол сабақтан беретін мұғаліміміз – Сауық Жақанованың үйретуі бойынша, дұрыс дем алуға, дауыстың ашық шығуына арналған жаттығулар жасаймын. Керек десеңіз, алдымен а, е, о, ө, у, ы, и әріптерін кәдімгідей созып айтамыз. Келесі рет дәл осы дыбыстарды аузымызды жауып айтамыз. Бірақ дыбысы естілуі керек. Бұл жаттығуды бірнеше рет қайталаймыз. Осы қарапайым жаттығу қатты ұнайды. Сауық апайдың айтуынша, көмейің ашыла түседі.

Міне, осындай жазба. Көңіл-күйлеріңіз мезгілдің әр кезінде көтеріңкі болсын!

Айтпақшы: күні бойы денеңіз бен миыңыз тынық болсын десеңіз, күніне 7-8 стақан су ішуді ұмытпаңыз:)

Иә, менің ойым осы…

Қалыпты

Мен ғажайыптарға  сенемін:) Әлі де бала көңілмен… Егер Жер бетінде жақсы адамдар көбейсе, әлем жақсырақ бола түсетініне кәміл сенемін. Егер адамдар бір-біріне сәл ғана мейірімдірек, сыпайырақ болса, біздің өміріміз гүлдене түсетініне сенемін. Риясыз күлкінің өзі адам жанын емдей алатындығына сенемін. Жақыныңа айтқан жылы сөз оған деген махаббатыңның белгісі боларына сенемін.

Әр адам өзінше бір әлем. Әр адам өзінше бір жалғызсырайды. Сондықтан әрбіреуімізге де: яки жас, яки кәрі болсын  бір уақыт болса да бағалы екендігімізді, біреуге керекті екендігімізді біліп тұру қажет.

Неге екенін білмейм, кәрі адамдарға көңіл аударған  ұнайды. Әсіресе мейірімді, өзгелермен жұмысы жоқ, кішкентай ғана шалдардың (шал деп еркелете айтып отырмын:)) іс-әрекетін бақылап отырсаң, өзімен-өзі көңіл күйің жай табады. Мүмкін олардың ешкімге де зияны жоқ мейірімділігі соншалықты адам көңілін тартатын шығар. Өйткені біздің бәрімізге де керегі сол – жылылық, мейірбандық, сүйіспеншілік…

Сондықтан да кез келген сәтте сіз бір күлкіңіздің күшімен де өзге біреудің көңіліне  үміт отын ұялата алатыныңзды ұмытпағайсыз:)

Тыныштық сақтап, сабырлы болыңыздар!

Қалыпты

   Ғаламтордың беттерін кезіп жүріп, осындай слоганды көрген боларсыздар… Өз басым жиі көрем. Бұл слоган неге соншама танымал болып кетті?

Keep Calm and Carry On – «Тыныштық сақтап, сабыр болыңыздар»  немесе Оқуды жалғастыру

Earthquake – connecting people!

Қалыпты

Иә… жер сілкінісі деп біраз дүрліктік…Түнгі 1-ге дейін ұйықтамадық)) Киноға барсақ, онда да «Землетрясение» деген фильм жүріп жатыр екен))

Кеше, бүгін ғаламторда осыған байланысты  қызықты-қызықты фразалар да жазылып жатты…Соның біразы (өкінішке орай тек орысша):

Внимание! Только в ночь с 1 на 2 мая! Open air party «Землетряска» в Алматы! Вход свободный, жителям многоэтажек welkome drink! Только для вас GO GO в домашних халатах, всю ночь на нервах играет special guest Департамент по чрезвычайным ситуациям Алматы! (вконтакте желісінен)

Сегодня не будет второй части фильма «землетресения в Алма Ате 12 баллов мы все умрем»)))? (агент)

Судя по вчерашним слухам, у каждого 2-го алматинца сосед работает в МЧС, который лично их предупредил. ) (туиттер)

Earthquake – connecting people!

выбежала в пижаме и даже мобильный прихватила звонить родным. думала все жильцы выбегут, а я одна сонная стою у подъезда. Все спят.

Бесполезно трясти алматинца, что бы разбудить. Надо трясти его кровать

P.S сіздердің де нұсқаларыңызды күтеміз:))

Алматыда жер сілкінді

Қалыпты

Алматыда таңғы 8:31-де Рихтер шкаласы бойынша 5,4 баллдық жер сілкіну болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 76 км., Есіктен 38 км. қашықтықта орналасты (солтүстік-шығыс бағытта)

Жалпы Рихтер шкаласы бойынша 0-3 баллға дейін жер сілкінісі аздап сезіледі; 4 баллда сезіліп, люстралар шайқалады; ал 5 баллда ғимараттарға аздап зақым тиеді делінген; 6 баллда – орташа зақымданады; ал 7баллда- ғимараттар қирайды; 8-9 баллда  – толық қирау болады.

P.S өз басым, шкафтардың қатты дүрсілінен оянып кеттім; екі-үш секундқа созылса да, шайқалып тұрған шкаф, муз.центр, столға қарап қаттым да қалдым… төсегім де бесікше тербеліп кетті… осы жылы ғана «тіршілік қауіпсіздігі негіздері» атты пәннен жер сілкінісі болған жағдайда не істеу керек деген тақырыпты бір семестр бойы талқыласақ та іс жүзінде ең бірінші реакцияң – шоктан басқа түк болмайды екен…

Ер жігітке

Қалыпты

Көптен күткен посттарыңыз. Ағатай қыздарды қаратудың жолдарын жазамын дегенімде, мені бір сұмдық құпия біледі деп ойлап қалған болар тағатсыздана күткеніне қарағанда:) Ал жалпы жазатыным тек қана қыздардың көзқарасы болмақ. Бұл бір «инструкция» не «метод» емес. Ондай универсалды іс-әрекет жоқ та.

Сонымен «Өзін қауіпсіз, ыңғайлы сезіндіру қыз атаулыны қаратудың даңғыл жолындағы бірінші баспалдақ десек те болады. « деп жазыппын алдындағы постта. Ал енді мына жазбада қыздардың қиялындағы «принцтердің» образын ашуға тырысамын. Сол образ бойынша… ар жағын өзіңіз де түсінетін шығарсыз.

Көп қыздардың (бұл жерде жас аралығы да ықпал етеді) өз идеалында қандай жігіттерді елестететінін айтайын. 17-23 жас аралығындағы ер адамдарға байланысты.

– өте кең таралған образ ол-«жаралы аққу»… Әрқашанда байсалды, орынсыз күліп ыржалақтамайды, көбінесе оны жалғыз бір жерде отырып терең ойға батып отырғанын көресіз. Мұндай «жаралы аққуды» көрген қыз, ең бірінші оның «мұңын» білуге, жазуға құмартады. Кім білсін, мүмкін ол бала жай ғана көпшіл емес, сөйлесе алмайтын біреу шығар…) Бірақ сонда да бұндай жағдайда қыз атаулының «аналық инстинкті» орын алып, «жаралы аққуды» бауырына қысып, оны жұбатқысы келеді. Идеалды жағдайды алатын болсақ, жігіттің расында да бір мұңы болады, не терең ойларымен бөлісіп қыздың жүрегін одан бетер жаулап алады. Қыз да мәз. Ешкімге айтпаған құпиясын біле алдым дегендей.

-екінші бір кең таралған образ-«герой нашего времени» немесе «көңілді мачо». Мұндай жігіттер әдетте көпшіліктің назарында, қақ ортасында «ойнақтап» жүреді. Оларға өзінен қалғандарының бәрі-көрермендер сияқты. Өзін көру үшін келген көрермендер. Көпшіліктің ортасында олар өзін суда жүзген балықтай сезінеді. Алайда олардың да бір кемшілігі бар-олар ешқашанда нәзік жандыларды сүйіп көрмеген. Алайда олар оған өкінбейді де, біздің қиялдап отырған қызға кезіккенге дейін әрине. Идеалды жағдайда: ол сол бір аңсаған қызына ғашық болады. Қыз да бақытты. Осындай жүрек жаулаушыны қақпанға түсіргеніне әрине.

Шыны керек өзімді бір ақыл айтушы, не «Жар-жар»»-дағы жүргізушілер сезініп кеттім. Категорияға бөліп, оны шаблондап отыру негізі менің қағидаларыма кереғар. Сондықтан осы жерден тоқтайын.

Ер жігіт қандай болмаса да, ең бастысы, әр адам бағалайтын ізгі қасиеттерден ада болмау керек. Тек қана қыздар емес, әр адамның жүрегін түртпей қоймайтын адамгершілік, бауырмалдық, мейірімділік, түзу, адал ниет, жағымды қылықтар мен көтеріңкі көңіл-күй бүгінгі күннің сұранысы болып отыр.

Үлкейдік пе не романтикадан жұрдай…)

Қалыпты

иә, түсіңе кіретін сурет… Егер ойыншықтарды қорғау ұйымы болса, мені бірінші болып соттап жіберер:)

Ал басқа амал бар ма? Бұларды мен шаң жинайтын керек емес дүние дер едім. Қыздар қауымы келісер келіспес, бұл «сүйкімділерді» құшақтап ұйықтай да алмайсың кинодағыдай:)

Кішкентайымда осындай ойыншықтарды жинап алып, сабақ өткізетінмін. Қатар-қатар отырғызып қойып, «ана тілі», «дүниетану», «матем», «сурет» сияқты сабақтар түсіндіретінмін, әр оқушы үшін өзім тағы да жауап беретінмін, дене шынықтыруға апарып ойнататынмын. Ал мереке кезді айтсайшы, әр жүргізушінің сөзін сөйлеп, би билетіп, ән айтқызатынмын… сонда бәрі де жанды болып көрінуші еді. Өзімнің «любимчик»терімде болатын:)

Мамам: «Айжан апай, обедке жүріңіз» деп әрең шығарып алушы еді ойыннан. Сонда да «Меруерт, сен классқа қарай тұр» деп өзімше шығып кететінмін. Апыл-ғұпыл тамағымды ішіп, анамның қабағын баға, ақырын сытылып қайта баратынмын мұғалима болып…

Иә, балалықтың балғын шақтары… Оқуды жалғастыру

Бартерге шақырамын!

Қалыпты

Кеш жарық!:) көптен жүздеспей кеткен, дәлірек айтсам жазбай кеткен жайым бар… сонда да сіздердің (яғни оқырмандардың) блогқа үзбей кіріп, күн сайын сайт санағын бақылаған маған 55-34 сияқты блогқа кірген қонақтар санын көрсететіндеріңізге  қуанып қалам. Алда көптен күткен -Блогкэмп, одан кейін Наурыз, демалыстар… ойымыз бен бойымыз бір тынығып қалар күндер:)

Осы жерден «бір әңгіменің ұшын шығара кетейін»… Оқуды жалғастыру