Үлкейдік пе не романтикадан жұрдай…)

Қалыпты

иә, түсіңе кіретін сурет… Егер ойыншықтарды қорғау ұйымы болса, мені бірінші болып соттап жіберер:)

Ал басқа амал бар ма? Бұларды мен шаң жинайтын керек емес дүние дер едім. Қыздар қауымы келісер келіспес, бұл «сүйкімділерді» құшақтап ұйықтай да алмайсың кинодағыдай:)

Кішкентайымда осындай ойыншықтарды жинап алып, сабақ өткізетінмін. Қатар-қатар отырғызып қойып, «ана тілі», «дүниетану», «матем», «сурет» сияқты сабақтар түсіндіретінмін, әр оқушы үшін өзім тағы да жауап беретінмін, дене шынықтыруға апарып ойнататынмын. Ал мереке кезді айтсайшы, әр жүргізушінің сөзін сөйлеп, би билетіп, ән айтқызатынмын… сонда бәрі де жанды болып көрінуші еді. Өзімнің «любимчик»терімде болатын:)

Мамам: «Айжан апай, обедке жүріңіз» деп әрең шығарып алушы еді ойыннан. Сонда да «Меруерт, сен классқа қарай тұр» деп өзімше шығып кететінмін. Апыл-ғұпыл тамағымды ішіп, анамның қабағын баға, ақырын сытылып қайта баратынмын мұғалима болып…

Иә, балалықтың балғын шақтары… Оқуды жалғастыру

Бартерге шақырамын!

Қалыпты

Кеш жарық!:) көптен жүздеспей кеткен, дәлірек айтсам жазбай кеткен жайым бар… сонда да сіздердің (яғни оқырмандардың) блогқа үзбей кіріп, күн сайын сайт санағын бақылаған маған 55-34 сияқты блогқа кірген қонақтар санын көрсететіндеріңізге  қуанып қалам. Алда көптен күткен -Блогкэмп, одан кейін Наурыз, демалыстар… ойымыз бен бойымыз бір тынығып қалар күндер:)

Осы жерден «бір әңгіменің ұшын шығара кетейін»… Оқуды жалғастыру

Махаббат тәжін киген бақытты адам…

Қалыпты

Соңғы уақыттағы бірінен соң бірі өрбіп, тулаған толқындай жарыса өткен оқиғалардан кейін әне жазам, міне жазам деп әйтеуір жеттім пернетақтаға.

Біз өзі қызықпыз:  «Уақыт жоқ, уақыт жоқ» дейміз де, қалай ғана ғаламтордың торлы орманында бір-екі сағатты өткізіп алатынымызды немесе дос-жаран, құрбы-құрдастармен бос әңгіме айтып отырып қалатынымызды білмей қаламыз.

Ал уақыт болса, оған қарамайды. Не сен оны бағындырасың, не ол сені бағындырады. Күйбең тіршілікпен зу етіп өте түсетін күндеріңді қартайған шағыңда ғана бір күрсініп аңсап қаласың…

Ал уақытты бағындыра білген адамдар ұлылар қатарына қосылған-ды.

Артына әрқайсысы мектептегі  «Қазақстан тарихы» оқулығының қалыңдығындай болатын он томдық шығармалар жинағын қалдырып кеткен Әзілхан атамыз уақытты бағындырып қана қоймай, онымен бәстесе, қатарласа жүріп күресті. Ашаршылық, қан майдан, араздық сияқты өмірдің ауыртпалығын да, қызығын да өткерді. Ал артынан қалдырып кеткен мол мұрасы қаншама!

Әзілхан аға (біз үшін ата болса да, дәл «аға» деген сөз жарасымды сияқты) мен үшін кіршіксіз махаббат, пәктік, таза, адал сезім символы. Өн бойында барша адамзатқа деген махаббат жатқандай. Оның әр шығармасынан, әр сөзінен оқырманына деген сүйіспеншілікті, ол жақсы болса екен, жақсы бола түссе екен деген ниет жататындай.

Бір ғана «Махаббат қызық мол жылдар»-мен ол қаншама ұрпаққа сезімнің нәзік ноталарын көрсетті. Студенттермен болған  бір кездесуде Әзілхан ағамызға филфак студенттері «Махаббат патшасы» деген атақ беріпті деп естігем, мен оған толықтай қоыламын. Топтасым Маржан айтқандай, «Әзілхан аға қазіргі кездің Төлегені. Жігіт болмысының идеалы» Оқуды жалғастыру

Қазақ халқының бұлбұлы Роза Бағланова өмірден өтті….

Қалыпты

8 ақпан күні КСРО-ның халық әртісі, біртума талантымыз Роза Тәжібайқызы Бағланова ауыр инфарктың салдарынан қайтыс болды. «Ах, Самара, городок» әнімен әйгілі болған, посткеңестік кезеңде жанрлық ән айтудан жалғыз ғана әйел адам болған қазақ халқының күміс көмейі, дарыны Роза Бағланова бір жылдан кейін 90 жасқа келер еді. Күні бұрын, яғни 7 ақпанда Президент Н.Назарбаев қатарында Роза апамыз бар мәдениет қайраткерлеріне президенттік стипендиялар тағайындапты.

Жерлеу күні Алматы қаласының Кеңсай қорымында 10 ақпан күні өтеді. Бір қызығы, vesti.kz сайтының айтуынша, «Крыша» газетінің сайтында Роза апамыздың жатқан төсегі сатылымға шығарылыпты. Ол жерге жиһаз ақпанның 5 күні сайтқа шығарылған. 65 мың долларға бағаланған гарнитур арнайы Италияда жасалыныпты. Сондай-ақ онда әнші апамыздың қолтаңбасы бар екен. Әзірге белгісіз сатушылар жиһазды тіпті үйге немесе автокөлікке айырбастауға болады деп жазыпты. 

Надежда Бендзь Vs. Қазақ тілі

Қалыпты

« Эфес-Қарағанды» зауытының басшылығы Надежда Бендзь бен «ана тілімізді аяққа басқан» деп айыптаған жеті жұмысшының оқиғасы бәріміздің есімізде: зауыттың супервайзері Бендзь қазақ тілінде сөйлейтіндер еден жууға ғана жарайды, «казахский уже бесит», т.б. тәрізді Қазақ тілін қорлап, өз тілінде сөйлеп жүрген жұмысшыларының намысына тиеді.

«Біз ең алдында айтып шешуге тырыстық. Бірақ, ондай ештеңе қозғалмағандықтан, біз амал жоқтан диктофонға жаза бастадық. Өйткені, біздің сөзімізге ешкім мән берген жоқ» дейді жеті жігіттің бірі Данияр Ахметов. Оқуды жалғастыру

«Сенің мұндай ит боларыңды күшік кезіңде біліп ем!…»

Қалыпты

Театр деген керемет қой… Түгелдей бір роман не пьеса оқып шыққандай күй кешесің. Осы жолы театр сахнасынан мен Гогольдің «Үйлену» комедиясын оқып шықтым.

Зал қыран-топан күлкіге айналды.

Негізі осымен де рецензияны бітіруге болар еді, алайда өз әсерімді, ойға түйгеніміді айта кетейін. Оқуды жалғастыру