Тыныштық сақтап, сабырлы болыңыздар!

Қалыпты

   Ғаламтордың беттерін кезіп жүріп, осындай слоганды көрген боларсыздар… Өз басым жиі көрем. Бұл слоган неге соншама танымал болып кетті?

Keep Calm and Carry On – «Тыныштық сақтап, сабыр болыңыздар»  немесе «Тыныштық сақтап, жұмыстарыңызды жалғастырыңыздар» екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған британдық плакат слоганы. Нағыз британдық джентельменнің мұндай жағдайдағы іс-әрекетін көрсететін плакаттың авторы белгісіз. Басында Ұлыбританияны фашистер қоршап алған жағдайда ғана таратылады деп шешілген екен. Сол себепті 40-шы жылдары бұл слоганды британдықтардың ешқайсысы да білмеген.

Алайда XXI ғасырға аяқ басқалы бұл сөз тіркесінің танымал болып кеткені соншалық, оны киімге, ыдыс-аяққа, ойыншықтарға жабыстыра бастады. Ал ғаламторда бұл тіркеске жасалған пародиялар тіптен асып түседі. Әрине оның барлығы дерлік британдықтардың ұстамдылығын сайқымазақ қылып, ағылшын юморына пародия жасайды.

Тіпті бұл слоганға арналған жүздеген сайттар бар. Онда өзің-ақ кіріп, осындай бір слоган ойлап табуыңа болады.

Ал мынау пародиялар:

Ал енді мазасызданып, есіңді кетір

Компьютеріңді өшір, далаға шығып, біре-міреумен сөйлес

Идеяларыңды сарқып, пародия жасай сал

Ал мынау менің туындым))):

мұндай плакатты мына сайтта жасай аласыз

Advertisements

4 thoughts on “Тыныштық сақтап, сабырлы болыңыздар!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s