Алматыда жер сілкінді

Қалыпты

Алматыда таңғы 8:31-де Рихтер шкаласы бойынша 5,4 баллдық жер сілкіну болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 76 км., Есіктен 38 км. қашықтықта орналасты (солтүстік-шығыс бағытта)

Жалпы Рихтер шкаласы бойынша 0-3 баллға дейін жер сілкінісі аздап сезіледі; 4 баллда сезіліп, люстралар шайқалады; ал 5 баллда ғимараттарға аздап зақым тиеді делінген; 6 баллда – орташа зақымданады; ал 7баллда- ғимараттар қирайды; 8-9 баллда  – толық қирау болады.

P.S өз басым, шкафтардың қатты дүрсілінен оянып кеттім; екі-үш секундқа созылса да, шайқалып тұрған шкаф, муз.центр, столға қарап қаттым да қалдым… төсегім де бесікше тербеліп кетті… осы жылы ғана «тіршілік қауіпсіздігі негіздері» атты пәннен жер сілкінісі болған жағдайда не істеу керек деген тақырыпты бір семестр бойы талқыласақ та іс жүзінде ең бірінші реакцияң – шоктан басқа түк болмайды екен…

Advertisements

6 thoughts on “Алматыда жер сілкінді

  1. Екінші толқын болса, далаға шығамын деп отырғанмын (шынымды айтсам ұйқымды аша алмай жатқанмын). Ғимараттардың тербелісі іргетасы мен негізіне (основание) байланысты.

  2. Пәлені бастап жүрегн біздің Абай ғой. Кеше «Тараз»-да осы жайлы сюжет түсірген. Құдай ондай апаттың бетін ары қылсын деп тілейік!

  3. Әрине қорқыныш болуы орынды. Күнделікті теледидардан еститініміз осы апат қой. Біздің еліміздің 19 пайыз территориясы сейсмикалық аймаққа жатады. Бұл өңірде халқымыздың 25 пайызға жуығы шоғырланған екен. Айтып келмейтін апаттан Алла бізді сақтасын.

  4. құдай қатты сілкіністің бетін ары қылсын,жер сілкінісі дегенді бұрын елеп ескермеуші едім.фукусимада болған күндерімді еске алсам жүрегім аураді.»төсекте тербелген» емес,бір бірімізді құшақтап отырған екі үш адамді құлатып түсірген еді есік алдында.сонда қарсы алдымда «билеп» тұрған жыйрма екі қабатты сауда ғимаратты қашан басып қалды деп өліммен өмір арасында қалып едік.
    ал Алматы да ондай сілкінстің бетін құдай ары қылсын!біздегі сапасыз құрылстар алты жеті балға да төтеп бермес….

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s