Ер жігітке

Қалыпты

Көптен күткен посттарыңыз. Ағатай қыздарды қаратудың жолдарын жазамын дегенімде, мені бір сұмдық құпия біледі деп ойлап қалған болар тағатсыздана күткеніне қарағанда:) Ал жалпы жазатыным тек қана қыздардың көзқарасы болмақ. Бұл бір «инструкция» не «метод» емес. Ондай универсалды іс-әрекет жоқ та.

Сонымен «Өзін қауіпсіз, ыңғайлы сезіндіру қыз атаулыны қаратудың даңғыл жолындағы бірінші баспалдақ десек те болады. « деп жазыппын алдындағы постта. Ал енді мына жазбада қыздардың қиялындағы «принцтердің» образын ашуға тырысамын. Сол образ бойынша… ар жағын өзіңіз де түсінетін шығарсыз.

Көп қыздардың (бұл жерде жас аралығы да ықпал етеді) өз идеалында қандай жігіттерді елестететінін айтайын. 17-23 жас аралығындағы ер адамдарға байланысты.

– өте кең таралған образ ол-«жаралы аққу»… Әрқашанда байсалды, орынсыз күліп ыржалақтамайды, көбінесе оны жалғыз бір жерде отырып терең ойға батып отырғанын көресіз. Мұндай «жаралы аққуды» көрген қыз, ең бірінші оның «мұңын» білуге, жазуға құмартады. Кім білсін, мүмкін ол бала жай ғана көпшіл емес, сөйлесе алмайтын біреу шығар…) Бірақ сонда да бұндай жағдайда қыз атаулының «аналық инстинкті» орын алып, «жаралы аққуды» бауырына қысып, оны жұбатқысы келеді. Идеалды жағдайды алатын болсақ, жігіттің расында да бір мұңы болады, не терең ойларымен бөлісіп қыздың жүрегін одан бетер жаулап алады. Қыз да мәз. Ешкімге айтпаған құпиясын біле алдым дегендей.

-екінші бір кең таралған образ-«герой нашего времени» немесе «көңілді мачо». Мұндай жігіттер әдетте көпшіліктің назарында, қақ ортасында «ойнақтап» жүреді. Оларға өзінен қалғандарының бәрі-көрермендер сияқты. Өзін көру үшін келген көрермендер. Көпшіліктің ортасында олар өзін суда жүзген балықтай сезінеді. Алайда олардың да бір кемшілігі бар-олар ешқашанда нәзік жандыларды сүйіп көрмеген. Алайда олар оған өкінбейді де, біздің қиялдап отырған қызға кезіккенге дейін әрине. Идеалды жағдайда: ол сол бір аңсаған қызына ғашық болады. Қыз да бақытты. Осындай жүрек жаулаушыны қақпанға түсіргеніне әрине.

Шыны керек өзімді бір ақыл айтушы, не «Жар-жар»»-дағы жүргізушілер сезініп кеттім. Категорияға бөліп, оны шаблондап отыру негізі менің қағидаларыма кереғар. Сондықтан осы жерден тоқтайын.

Ер жігіт қандай болмаса да, ең бастысы, әр адам бағалайтын ізгі қасиеттерден ада болмау керек. Тек қана қыздар емес, әр адамның жүрегін түртпей қоймайтын адамгершілік, бауырмалдық, мейірімділік, түзу, адал ниет, жағымды қылықтар мен көтеріңкі көңіл-күй бүгінгі күннің сұранысы болып отыр.

Advertisements

10 thoughts on “Ер жігітке

  1. eзу тaртып, урлaнa кулiп отырып окыдым. Нeгiзi жaзгaндaрын рaс, озiмдi сырттaн бaкылaгaндaй болдым. Ойткeнi сeнiн ойын, мeнiн aрeкeтiмдi турa жeткiздi.

  2. уа,Кербез қыз! Кеңірек тоқталсаң игі еді, аздап түсініңкіремей қалдық қой, толығырақ аша түссеңіз екен:))))

  3. Екінші образды танып отырмын ))) өзіңнің де есіңе түсіп отырған болар ))) менің жақын достармның бірі

  4. Тағы бір категория бар, бәріне әке сияқты қарайды, бәрін еркелетіп, бәріне жүрегі ашық, кең, ешкімнің көңілін қалдырғысы келмейді. Нәзік жандысына бір кішкентай қарындасына қарағандай қамқорлықпен қарайды. Үнемі біреуді қорғап қалғысы келеді де тұрады.
    Жан жағындағылардың жағдайын ойлап, ұйымдастырып, басы қатып жүреді. Майда шүйдәмен шаруасы аз.
    Меніңше сондай жігіттердің бірі Асхат Еркімбай.
    Тек, маған аз мұз Асхаттың іскерлігі жетпейтіні сияқты, Асхатқа менің аз мұз жексұрындығым жетпейді)))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s