Үлкейдік пе не романтикадан жұрдай…)

Қалыпты

иә, түсіңе кіретін сурет… Егер ойыншықтарды қорғау ұйымы болса, мені бірінші болып соттап жіберер:)

Ал басқа амал бар ма? Бұларды мен шаң жинайтын керек емес дүние дер едім. Қыздар қауымы келісер келіспес, бұл «сүйкімділерді» құшақтап ұйықтай да алмайсың кинодағыдай:)

Кішкентайымда осындай ойыншықтарды жинап алып, сабақ өткізетінмін. Қатар-қатар отырғызып қойып, «ана тілі», «дүниетану», «матем», «сурет» сияқты сабақтар түсіндіретінмін, әр оқушы үшін өзім тағы да жауап беретінмін, дене шынықтыруға апарып ойнататынмын. Ал мереке кезді айтсайшы, әр жүргізушінің сөзін сөйлеп, би билетіп, ән айтқызатынмын… сонда бәрі де жанды болып көрінуші еді. Өзімнің «любимчик»терімде болатын:)

Мамам: «Айжан апай, обедке жүріңіз» деп әрең шығарып алушы еді ойыннан. Сонда да «Меруерт, сен классқа қарай тұр» деп өзімше шығып кететінмін. Апыл-ғұпыл тамағымды ішіп, анамның қабағын баға, ақырын сытылып қайта баратынмын мұғалима болып…

Иә, балалықтың балғын шақтары…

Бұл әңгімеден шығатын мораль қандай? Қымбатты джентельмендер, жүрек жаулау процесінде тамсандырар қыздарыңыз: 13-15 жас аралығында болмаса, тым романтикаға құштар не ойыншықтардан коллекция жинап жүрген қыз болмаса, сыйлық сыйлауда тым ұқыпты болыңыз! (мынадай қателіктер жібермеңіз)

Екі метрлік роза, букеттер де солып қалмақ… оданша әдемі құмыраға отырғызылған гүл сыйлаңыз: сізді есіңізде ұзааақ сақтайтын болады. Бұл жерде енді жігіттердің қыз жүрегін жаулау мақсатындағы сыйлықтар сөз болып отыр ғой. Сондықтан сыйлықтың мәні-біріншіден, қызды қуанту болса, екіншіден, таң қалдыру болмақ. Яғни сол сыйлыққа қарап бірден сені есіне алатындай «ескерткіш» болу керек. Гүл, мишка дегендер көріп отырғандарыңыздай зәрезап болды. Сонда не істеу керек? Қызды өзіңнің фантазияңмен, креативтілігіңмен таң қалдыру керек.

Бір танысым, қыздар қазір тек жігіттің машинасына, қалтасына қарайды дейді. Қате. Қыздар ең бастысы, жігіттің басына (то есть миына/ойына/санасына) қарайды. Біздің геніміз солай. Жігіттің басы (һәм миы/санасы бір сөзбен түсіндіңіздер ғой) дұрыс істейтін болса, қыз болашақ әйел/ана ретінде үй иесінің жанында өзін қауіпсіз санайды. Өзін қауіпсіз, ыңғайлы сезіндіру қыз атаулыны қаратудың даңғыл жолындағы бірінші баспалдақ десек те болады. Тақырыптан аутқып кеткен сияқтымыз, қымбатты жүрек жаулаушылар, бұл тақырып қызықтырса, арнайы бір пост жариялайын, сұрауларыңыз бойынша:) Ал сұраныс болмаса, ұсыныс жоқ дегендей…

Бұл енді мақтану не жарнама жасау мақсатындағы пост емес, Сіздердің (жігіттер қауымы) қалталарыңызды босқа жұқартпау мен фантазияларыңызды сәл ойнату мақсатында жазылған пост.

Бір бастағаннан соң, жүректеріңізді ауыртса да соңына дейін жеткізейік:

Сондықтан, «банальный» болмаңыздар, алайда басы бар жігіт бұны оқымай-ақ өз ережесінше қимылдар:)

P.S Әрине бұл ойыншықтар далаға лақтырылмайды, бір балғын-фантазердің сыныбына «жаңа оқушылар» болып қосылар…

Advertisements

29 thoughts on “Үлкейдік пе не романтикадан жұрдай…)

  1. Иә, «Куклы» деп өңешінен өлең шығарған «Иванушки интернэшнлдің» хиты өмірем қапқалы қашш-ан… Өкінішті-ақ, әрине бірақ есейген сайын жансыз, эмоциясыз, қыл-қыбырлы заттардан құтылуға асығып, бойында 36 Цельсийдің градусы ұрып тұрған, жүрегі соғып тұрған, күлетін, жылайтын, құлайтын «ойыншық» іздейді екенсің ғой. Өмірдің заңы дей ме, сондай обыщм. Бірақ, мынауың жестокий прикол екен, осындай бейкүнә ойыншықтарды целлофанға салып, тұншықтарып қою деген ужсс))))) ең болмаса, демалатын жерлерінен тесіп қойсайй. Ал жігіттердің қиялы турасында тура айтыпсың, әрі жақсы ескерту болды деп ойлаймын.

  2. а мен ойыншықтарды жақсы көрем. Бала кезден солай. Әкем сыртқа шықсы толтырып алып беретін. Содан қалған болар, маған біреу «сені жақсы көрем» дегісі келсе, қонжық сыйласын деген қағида бар. Енді қонжықтарым көп. Жуырда тағы бір алып екі метрлік қонжыққа коллекциям толатын болды. Лав зем!
    )))
    Аяп кеттім көріп бар ғой.
    Жігіттер деген әртүрлі ғой, аттасым) Біреуі есік алдына шырақтардан жүрек салып, романтик болса, біреуі гауһар тастан сырға салып, прагматик екенін көрсетіп мәз. Бірақ бәрінен де өзің сүйген адамға жетпейді.

  3. Мына суреттерді көріп, ойланып қалдым. Менің де берген қоян, қонжықтарым масқара бір зындан, тойст қапшық, жоқ каробканың ішінде қамалып тұрған жоқ па екен? Қыздар ай, сүйдіретің де, күйдіретіңдер де сендер ғой.

  4. Қорқынышты кинолар болады ғой, бір маньяк адамдарды мүшелеп, целофандарға салып қоятын.Сол есіме түсіп кетті:)))
    Ал креативтілік жайлы ойыңа келісемін.

  5. Мен де осындай қонжықтарды жақсы көремін. Романтик болғаннан шығар. Ал көбі қонжықты не қыласың, кішкене баласың ба дейді. Сосын сұрап алғаннан не пайда деп қонжықсыз да өмір сүріп жатқан жайым бар. Сыйласын, сыйламасын, жігіттің санасы мен ақылы жайлы дәл айттың. Көңілің жарасса қонжықтар да маңызды емес болып қалады.

  6. Иә, шынында күнделікті өмірімізде кезігіп жататын жағдайдың бірі екен. Меніңше, қандай сыйлық болмасын, барлығы тек шын ниетпен тарту етілсе болғаны. Сенің оған арнап жасаған сыйлығың – сенің оған деген көңіліңді, оған деген сүйіспеншілігіңді білдіреді. Өзім ойыншықтарды жиі сыйлық ретінде ұсынамын деп айта алмаймын (неге екенін білмеймін), бірақ суреттегі «сүйкімділерді» көріп жаным ашып отыр.

  7. Шынында қонжық сыйлап жатқан жігітті жиі көрем, есесіне соны керек етіп жатқан қыздар сирек кездеседі. Осы ойымды ашық айтайын десем, заманнан қалып қойған, ескі көзқарастағы, мәдениетті түсінбейтін біреу боп көрініп қалам ба деп үндемей жүр ем. Менің Мақпал досымның зерттеу тақырыбына дөп келетін нысан екен. Жасандылық деген.

  8. Айжан, мен керісінше 2 метрлік розаларды сыйға алғанды құп көрер ем. Әркімнің таңдауы әртүрлі ғой, мәселен, біздің бөлмеміз ойыншаққа толы,келген адамның көзі қызығады. соған қарап, біз де мәзбіз.
    Ал, мынау жігіттерге арналған кеңесіңе келсек… Жарайды, мен осы жерден тоқтайын …

  9. Айжанның айтқанымен толық қосыламын,шын мәнінде де жұмсақ ойыншықтарды жас мөлшеріне қарап сыйлаған жөн деп ойлаймын. Әрине бас кезде сондай сыйлық алсаң, бір қуанып, көңілің көкке жетіп қалады, алайда, 1-2 апта тұрған соң, бөлменің шаң жинаушысына айналғанын байқайсың…. Өз басым француз духиін, әшекейлер алғанды ұнатамын. Және ең бастысы сыйлық бергендегі басты қағида – ТАЛҒАМ деп білемін.

  10. «бұл тек жігіттерге бастапқы “конфетно-букетный” периодқа кеңестер ғой» – мына тұсын тамаша айттың!;) Байғұс қуыршақтарды «жаназасын» шығарып жатқан секілдісің:))) Жарадың, біздерге бірді-екілі кеңестерің болды, айтпақшы, аллл, мен сұраныс жасадым, «бұл тақырып қызықтырса, арнайы бір пост жариялайын, сұрауларыңыз бойынша» дегенсің, СӨЗІҢДЕ тұратын бол, күтем!!!:)

  11. ойбаааай мына страницаны екі сағат грузить етті… жылдамдығым жақсы сияқты ед… сонша күткенімді ақтады-ай бірақ..))
    таң қалатын едім: «осы қыздар аюды несіне жақсы көред деп. дорбаңдатып не істейд онымен?? Билей ма? бірге ұйықтай ма?» – деп…)) бәрі ондай емес екен….)))

  12. Менің ойымша, аруға оның қиялындағы сыйлықты ұсыну абзал. Өз басым, сыйлық алмас бұрын қыздың «талғамына», «типажына» қараймын. Осылайша, оның не қалайтынын оп-оңай аңғаруға болады…)))
    «Мне не дорог твой подарок – дорога твоя любовь» деп тұрған қыздан, әрине, аямас едім, дүниенің бар асылын…

  13. Бәрі де дұрыс. Бірақ осы ойыншықтар ерекше бір қуаныш сыйлайды маған /өзгелерге қалай екенін білмейм/, сосын әрқайсысының сыйлау тарихы бар.Өміріңдегі маңызды емес адамдар сыйласа бір жөн, ал орны ерек жан сыйласа, әңгіме басқа. Шаң жинайды деген рас-ақ, бірақ қандай тәтті естелік десеңш

  14. Ол ойыншылықтар мен үшін көп дүниеден сыр аңғартатын секілді. Сенің де ойыңмен қосыламын. Алайда,құрбым, Айжан қолда барда алтынның қадірі жоқ демей ме, шын көңілмен берілген кез келген сыйылықтың өз орны бар. Мұның бәрі де бірааааааааааааааааз жылдардан соң балалығыңыздың, жастығыңыздың белгісіндей болып бөлмеңіздің, бастысы көңіліңіздің бір түкпірінде қалады…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s