Бартерге шақырамын!

Қалыпты

Кеш жарық!:) көптен жүздеспей кеткен, дәлірек айтсам жазбай кеткен жайым бар… сонда да сіздердің (яғни оқырмандардың) блогқа үзбей кіріп, күн сайын сайт санағын бақылаған маған 55-34 сияқты блогқа кірген қонақтар санын көрсететіндеріңізге  қуанып қалам. Алда көптен күткен -Блогкэмп, одан кейін Наурыз, демалыстар… ойымыз бен бойымыз бір тынығып қалар күндер:)

Осы жерден «бір әңгіменің ұшын шығара кетейін»… Мына жолдарды оқығандарыңыз бар болар:

«Соңғы кезде адамдар мінезіне санамен кіріп, сыздата бүлдіріп жүрген осына тоңмойындық ауылдастарының баяғы жайсаң жаны қай жылдардан бастап қасаңдай бастағанын, зейін қойып, зерттер зерде Ерікте бар-жоғын білмейміз; біздің білетініміз: замана көші байсалданып, баянды ғұмыр кешкен сайын, өмір сүру жеңілденіп, сауық-сайран көбейген сайын, санамыз сарабдал тартып, таңғажайып оқиғаның куәсі болған сайын, құлқынымызға құм түскендей қатал да қайырымсыз; ешкімге де, еш нәрсеге де сенбейтін сезімсіз «сергектік» жайлағандай еді бойымызды»

немесе:

«Айнаның жан сарайы азанда жауған қардай таза, тұманың суындай мөлдір, балиғатқа толмаған баладай аңқау да адал, жақсы мен жаманның, сұлулық пен сұмдықтың ара жігін ажыратып, өмір екеш өмірдің өміршеңдігі мен өшпенділігін де саналай алатын зейін бар»

Оқығандарыңызға бірден Алтайдың таулары, таудағы омарташының үйі мен маскүнем Таған елестеген болар. Оралхан Бөкейдің «Атау кере»-сін енді оқып жатырмын. Оқыған сайын жүрегіңнің дерті жазылып, айдақ-сайдағы тазаланып, тігісі түзулене қалатындай.

Осы жерде айта кетпесем болмайды: бүкіл журналистика факультетінде сол бір-ақ кітап, оның өзінде тек оқу залында, қаншама студент келіп таласады. Абонементтегіні тіпті сабақ өтіп барғаныңша талап алып кетеді:))

Бұрындары бір жерден оқығаным бар еді: Англияның бір кішкентай қалашығында тұрғындар  телефон будкасынан кітапхана жасап қойған деп. Ә, міне сілтемесі де:)

Ол жерге кіріп кітап сүйер қауым кез келген кітапты алып кете алады, тек орнына қолында бар бір кітабын қойса болғаны. Кәдімгі бартер.

Қысқаша айтқанда, әдебиет сүйер қауым, менде көптеген қазақ классиктерінің таңдамалы шығармалары бар. Мысалы, Сәбит Мұқановтың «Ботагөзі», Тұрмағамбет Ізтілеуұлының, Әбіш Кекілбаевтың, Әзілхан Нұршайықовтың, т.б. көптеген кітаптар бар…

P.S бір кішкентай бала тойда жүрген нағашысына келіп күрсініп қойып «маған ешкім 99 теңге бермейді» дегендей, еһ менің қандай кітап оқығым келіп жүргенін білетін боларсыздар:)) әрине «После прочтения сжечь» емес, қайтарымымен болу керек…

Advertisements

6 thoughts on “Бартерге шақырамын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s