Қазақ халқының бұлбұлы Роза Бағланова өмірден өтті….

Қалыпты

8 ақпан күні КСРО-ның халық әртісі, біртума талантымыз Роза Тәжібайқызы Бағланова ауыр инфарктың салдарынан қайтыс болды. «Ах, Самара, городок» әнімен әйгілі болған, посткеңестік кезеңде жанрлық ән айтудан жалғыз ғана әйел адам болған қазақ халқының күміс көмейі, дарыны Роза Бағланова бір жылдан кейін 90 жасқа келер еді. Күні бұрын, яғни 7 ақпанда Президент Н.Назарбаев қатарында Роза апамыз бар мәдениет қайраткерлеріне президенттік стипендиялар тағайындапты.

Жерлеу күні Алматы қаласының Кеңсай қорымында 10 ақпан күні өтеді. Бір қызығы, vesti.kz сайтының айтуынша, «Крыша» газетінің сайтында Роза апамыздың жатқан төсегі сатылымға шығарылыпты. Ол жерге жиһаз ақпанның 5 күні сайтқа шығарылған. 65 мың долларға бағаланған гарнитур арнайы Италияда жасалыныпты. Сондай-ақ онда әнші апамыздың қолтаңбасы бар екен. Әзірге белгісіз сатушылар жиһазды тіпті үйге немесе автокөлікке айырбастауға болады деп жазыпты. 

Advertisements

6 thoughts on “Қазақ халқының бұлбұлы Роза Бағланова өмірден өтті….

  1. Иә, тоқсанға келіп қайтқан апамыздыкы енді той ғой, той.. Дегенмен, біртүрлі болады екенсің, Қадыр Мырза-әлі, Роза Бағланова, Ақселеу Сейдімбек, өстіп кезегімен кете береді екен ғой бұл өмір, бақұл болсын, қабір азабын жеңіл қылсын! Мына төсегін тапқанына саған Айжан, мың рахмет,

  2. Апамыздың жаны жаннатта болсын! Биылғы жыл негізі қазақ руханиятына ауыр тиіп тұр. Немат Келімбетов, Өтежан Нұрғалиев, Қадыр Мырза Әлі, Роза Бағланова, Құдайберген Сұлтанбаев… Құдай сақтасын!!! Осы жүрген бір топ шал кетсе мен қазақ ойы жайлы ойлаудан қорқам…

  3. Жатқан жері жайлы болсын!
    40ын өткізбей жатып, төсегін сатқандары дұрыс емес деп ойлайм қазақ емеспізбе!!! Мүмкін ол кісінің төсегі емес шығар!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s