Надежда Бендзь Vs. Қазақ тілі

Қалыпты

« Эфес-Қарағанды» зауытының басшылығы Надежда Бендзь бен «ана тілімізді аяққа басқан» деп айыптаған жеті жұмысшының оқиғасы бәріміздің есімізде: зауыттың супервайзері Бендзь қазақ тілінде сөйлейтіндер еден жууға ғана жарайды, «казахский уже бесит», т.б. тәрізді Қазақ тілін қорлап, өз тілінде сөйлеп жүрген жұмысшыларының намысына тиеді.

«Біз ең алдында айтып шешуге тырыстық. Бірақ, ондай ештеңе қозғалмағандықтан, біз амал жоқтан диктофонға жаза бастадық. Өйткені, біздің сөзімізге ешкім мән берген жоқ» дейді жеті жігіттің бірі Данияр Ахметов.

Шарасы қалмаған жігіттер алдымен «Қазақстан» телеарнасына қоңырау шалып, жағдайды халық алдына ұсынуды сұрайды. «Қазақстан» арнасы «Алматы» телеарнасының «Тіл сақшысы» бағдарламасына жүгінуге кеңес береді. Сөйтіп, алғашқы болып, бұл жағдайды біз «Тіл сақшысы» бағдарламасынан көріп, газеттерден оқыдық.

Жеті жігіт: М.А. Жамашев, А.Д. Баймұсанов, Д.А. Бейсембеков, А.Ж. Жұбанышев, А.О. Нұрлыбаев, Д.А. Ахметов Қарасай аудандық Сотына жүгінеді. «Алматы» телеарнасының сайтында Сот процесі былай сипатталады:

«Өз тілдерін жалау етіп жүрген жігіттер үшін ұяламын деген Надежда Бендзь Сот шешімі шығатын күні тым көңілді болды. Қасына бұрын бірге қызметтес болған бірнеше адамды да ерте келіпті.

Сот процесі жүріп жатқанда да Бендзь зал ішінде емін-еркін жүрді. Судьяға біраз-талап тілегін де айтып тастады. Әсіресе, Бендзьдің осы «шешім шығатын отырысқа журналистерді қатыстырмай-ақ қойыңызшы» деген өтінішін судья Жантөре Ғалиевтің орындамақ болуы қазақ тілінің мәселесін қаузай келген қауымның наразылығын тудырды.

ШВ СУДЬЯ
-Телевидение, прошу вас покинут зал. Не мешайте процессу.

ШВ
-Біз шықпаймыз, мына жауапкердің өзі базар сияқты ары-бері жүріп жүр. Тыйым салмайсыз ба, олай болса біз де шықпаймыз…

Осылайша, бұған дейінгі 5 отырысқа шақырылған куәгерлер түгел дерлік Бендзьдің тілі тікенді екенін тізіп берген. Бірақ соның бәрін қазы кәдеге жаратпай тастады. Ал, шағымданушы тарап Бендзьдің үні жазылды деп ұсынған үнтаспаны тыңдар кезде аяқ асты жарық өшті де қалды.

(ШВ
-Мы не можем послушать запись поскольку нет света)

Судья Ғалиев басты айғақ болуы тиіс таспаны сараптамаға жібертіп әуре болмастан сапасы нашар деген пікір айтты.

ЖАНТӨРЕ ҒАЛИЕВ, СУДЬЯ:
-Запись не качественный.

Соттың басты міндеті Конституциямен қорғалуға тиіс ана тілімізді кім күстаналағанын анықтау еді,- дейді жеті жігіттің қорғаушысы. Оның үстіне, осы отырыста қазақ тілін көр қылатын ащы сөздер айтқанын Бендзьдің өзі де мойындады.

НАДЕЖДА БЕНДЗЬ:
– Да, честно тогда я была на нервном срыве.

Осылайша, «Эфес» жұмыскерлерінің сөзі де, үнтаспа да, тіпті ашуланып жүріп айттым деген Бендздің өзі де қаперге алынбады. Есесіне, Бендзьбен осыдан он жыл бұрын әріптес, аралас-құралас болған адамдарды көптеп жиып, мінездеме алынды.

РАЙГҮЛ КАЛИМБАЕВА:
-Енді Надяның адамгершілігі мол. Біздің Надя сондай жақсы.

Ал, жарыссөз кезінде процесс бойы мәз-мәйрам болып жүрген Бендьздің көзі жасқа толып шыға келді. Осыдан сәл бұрын ғана «иә, ашуменен айттым» дегенін көз жасымен жуып-шайып, Тіпті, судьяны да елжіретіп жіберді.

НАДЕЖДА БЕНДЗЬ:
-Они врут.

Надежда Бендзь қазақ тілінде сөйлейтіндер еден жууға ғана жарайды деп намысымызға тиді деп шағымданған жеті жігіт моральдық шығын ретінде 7 миллион теңге талап етіп, ұтсақ жетімдер үйіне аударамыз дегенді бұдан көп бұрын айтқан. Ал, Бендьз бұл жігіттерді құлқынның құлы етіп сипаттауын соңғы отырысқа дейін доғармады.

Судья шемім шығаруға бас аяғы он бес минут жоғалтып, қайтып оралды да жеті жігіттің үмітін жерге көмді. Айғақ аз екенін алға тартып, шағымды қанағаттандырмай тастады.

ДАРХАН БЕЙСЕМБАЕВ:
– Сотты ойыншық қылып жіберген сияқты. Бізді елемегендей боп тұр ғой бұл сот. Судьяны сатып алған деп ойлаймын.

АЛМАС ЖҰБАНЫШЕВ:
-Судьяның өзі қазақша білмейді. Енді сөз жоқ. Просто ары қарай қозғала беру керек.

Тұтас Қазақстанның қазақша сөйлегені Елбасы арманы. Бірақ ұлттық мәселеде үнемі қазақтың рухын жығып беретін соттарымыз барда ол арман ешқашан орындалмайды,- дейді күресті жалғастыруға бекінген жеті жігіт.» (қысқартылып берілді)

Бұл 2010-ның қазан айында болған оқиға. Ал енді бүгін бұл істі Алматы облысы, Талдықорған қаласының сотында қарау керек. Сот шешімі қазірше белгісіз.

Ғаламторда бұл оқиғаға байланысты көптеген даулы пікірталастар болуда. Кейбірі:

«за такие газетные статьи есть тяжелая уголовная статья – «разжигание межнациональной розни».
это неделикатность или даже непрофессионализм. такие темы лучше не освещать, куда смотрит КНБ????» десе,

енді бірі:

«Я на стороне сотрудников. И считаю, что это Бензь разжигала межнациональную рознь. Ей должна светить статья.А что касается кадровой дискриминации, так это у нас на каждом шагу.»деген пікірлерді келтірді.

Не дегенмен факті біреу: Қазақ тіліне деген (ол дегеніміз жеріне де деген) құрметтің болмағандығы.

Пікір қалдыру