«Сенің мұндай ит боларыңды күшік кезіңде біліп ем!…»

Қалыпты

Театр деген керемет қой… Түгелдей бір роман не пьеса оқып шыққандай күй кешесің. Осы жолы театр сахнасынан мен Гогольдің «Үйлену» комедиясын оқып шықтым.

Зал қыран-топан күлкіге айналды.

Негізі осымен де рецензияны бітіруге болар еді, алайда өз әсерімді, ойға түйгеніміді айта кетейін.

Ең бірінші, актерлер жайлы. Керемет таңдалған актерлер тобы. Әсіресе, өзімнің сүйікті артисім Жандарбек Садырбеков сомдаған Анучкиннң рөлі ұнады. Сондай-ақ басты рөлдегі Агафушканың (атын біле алмадым сүйкімді актрисаның), Кочкарев Дулыға Ақмолданың рөлінде, Подколесин Асылбек Боранбайдың рөлінде – тамаша сомдалған рөлдер.

Режиссердің постановкасы-ғажап. Жоғарғы бағалауларға тұрарлық. Сахнаны пайдалануы, декорациясы мен актерлер киімдері, бәрі-бәрі өз орнында, идеалды түрде болды.

Ал актерлер ойыны: Анучкиннің арақ ішкендегі қимылдары, Жевакиннің (Б.Қожа) биі, Дуняшаның қонақтарды күтіп алуы, Агафушканың күлкісі-еріксіз өзіңді күлдіреді.

Жалпы пьесаның тақырыбы-үйлену. Оған адамдардың көзқарасы, қорқынышы, күдіктері. «Оның машақаты неткен көп. Алдымен шіркеуге бару керек. Сосын ұл бала, кейін қыз бала туады. Оларды тәрбиелеу керек. Қызды құтты жерге отырғызу керек. Ал егер оны кейін күйеуі күн сайын тоқпақтап отырса, міне сосын дүниенің соры болады…» деп ойлайды «қорқақтың» бірі Агафья Тихоновна.

Ал «күйеу жігіт» Поколесин болса досы Кочкаревқа: «Олар менің мазамды алады ғой. Маған жұмыс істеу үшін тыныштық керек қой…» деп «қиналады». Мың толғаныс пен «қиналыстан» кейін соңында ол «ешкі күйеу» болып ақыр аяғы терезеден секіріп кетеді.

Актерлердің шебер ойыны мен қызықты диалогтар комедияға нәр беріп, көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлады.

Advertisements

5 thoughts on “«Сенің мұндай ит боларыңды күшік кезіңде біліп ем!…»

  1. Мен қарбаласпн ба, жоқ елдің бәрі қарбалас па білмей кеттім. Деседе театрға уақыт шығарып жүрсең жарадың ғой. Рахмет, әсеріңмен бөліскеніңе!

  2. Мен Айжанның блогына кірмесем, тұра алмайтын жағдайға жеткендеймін. Осы бетіңнен тайма! Жазбаларың керемет!
    Сүйікті ісіңе деген сүйіспеншілігіңе қайран қаламын…

  3. Кербез қыз! Сәәллеееем! Ат басын бұрдық сіз жаққа да! Қыз-ау, жиі жаңартып тұрсаңшы 😉 Сұрайын дегенім, Жандарбек менің де сүйікті актерім еді, ол ТЮЗ-де емес пе ді, әкемтеатрға ауысып кеткем бе? Олай болса, болашағы зор деш, керреееемеееет!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s