Мұхтар Шерімнің комментарийінен

Қалыпты

Мұхтар ШЕРІМ

ЛӨЛА-ЛАЙ…

Өмірде жұмса-ақ жақсы ғой, не нәрсе болса да… Қақиып қалған көңіл, «қақиып» қалған өмір… Құрысыншы. Ол мықты шенеунік. Жүргенде бар ғой, көздері ақиып, өзі қақиып жүреді… Айына бір-ақ рет күледі. Онда да, саунаға барғанда, толып кеткен денесін айнадан көргенде… Ол басқаратын комитетте үлкен іс-шара өтіп, жиын басталмас бұрын әнұран орындалып жатты. Жұрт жапа-тармағай орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып жатты. Құдай қос қолдап ұрды ма, жо-жоқ, ол Құдайды ұратын адам, орнынан тұрғанымен, қақиып қалды… Оның бұл тұрысын «бір шпион» министрге жеткізіп қойыпты. Келесі күні көзін уқалап отырғанда, министр шақырды. Ол жаққа қақиып емес, тал шыбықтай йіліп барды.

–Сіз әнұран басталғанда, қолыңызды неге жүрек тұсыңызға қоймайсыз?—деп сұрады министр.

–Кешіріңіз, менде жүрек жоқ…

–Жүрек жоғы қалай?

–Сіз қашан қызметімнен қысқартып тастайды екен деп, қорқа-қорқа жүрегім ұшып кеткен…

–Сіздің жүрегіңіз шымшық па, бүркіт пе?

–Ала қарға…

–Сізді жұрт «Жарты құдай» деп жүр.

–Өтірік, олар өсектің «салатын» жеп жүр…

–Қалай болғанда да, әнұранымызды, рәміздерімізді қастерлеуіміз керек. Сіз өзі әнұранның мәтінін білесіз бе?

–Білемін.

–Айтыңызшы.

–Ыңғайсыз емес пе? Министр оның жанына келіп, сынай қарады.

–Құдай біледі, фонограммаға етіңіз үйреніп, әнұранның мәтінін де білмейтін шығарсыз? Ол министрге иіліп, бел омыртқасы үзіліп кете жаздады. Ішінен: «Өзіңіз де қатырып білетін шығарсыз!» –деп қойды.

–О не дегеніңіз, қаласаңыз айтайын… Ол тамағын қолымен уқалап тұрып алды. Керіліп созылды. Екі қолын алға созып, тізесін бүгіп, отырып, тұрды. Министрдің көздері алақандай, комитет төрағасы балақандай көрініп кетті.

–Сіз не істеп жатырсыз?

–Ән айтуға жаттығып…

–Сіз менің кабинетімде спортпен айналысып жатырсыз ғой?!

–Бастайын ба?

–Бастаңыз! Ол тамағын кенеп алып, көздерін тарс жұмды…

–Неге көздеріңізді жұмып алдыңыз?—деп сұрады аузы ашылып кеткен министр.

–Мен өмірге көз жұма қарайтын адаммын… Ал бастайын… Хім… ( Екі қолын жүрек тұсына қойып, әнұран әнімен) Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы… Лөла-лөла-лай, Лөлалай, лөласы! Лөлалай. Лөлалай, Лөлалай, лөла-лай, Лөла-лай, лө-лөлай, Лөлалай, лөласы! Министрдің көздері жыпылықтап кетті… Не деген масқара! Шетелдік шпиондар біліп қоймасын деңіз! Осыны ойлаған министр «Лөлалайдың» жанына жетіп келіп, оның бетіне бетін тақап: –Тоқтатыңыз!—деді. Анау жуық арада тоқтай қояр ма, шабыты келіп, көздерін тарс жұмып алған: Менің елім, менің елім, Сенің елің, оның елі… Олардың елі, бәрінің де елі, Қытайдың да елі, Қазақстаным! Лөла-лай, лөлалай, Лөла-лай, лөлалай… Лө-лө-лө… лө…

–Сізге не болды? Ауырып тұрсыз ба? Шизофрения емессіз бе?—деп қалды министр. Анау жұмса-ақ дауыспен: –Әнұран орындалғанда оң қолыңызды жүрегіңізге қоймайсыз ба?—деп тіл қатты да, ары қарай шыңғыра жөнелді: Лөла-лай, лөла лай. Жерге дән шықты ғой, Қонаевты ұмытқан, Қазағым мықты ғой! Лөла-лай, лө-лө… Ол «ән шырқап» тұрып, бір көзін сығырайтып қараса, министр де екі қолын жүрек тұсына қойып, ол да «лөлалайлап» тұр екен. «Е—е, шамаңыз белгілі болды, шпиондар біліп қоймасын…» –деп ойлады ол ішінен. Сосын әннің қайырмасын барынша көтеріңкі дауыспен: Менің елім, менің елім, Секталар елі, иегова елі, Казактар елі, Ивандардың елі, Алқаштардың елі, Қазақстаным!—деп барып тоқтады. Бір көзін сығырайтып қараса, министрдің орынбасарлары да, тіпті, қазақша шүлдірлеп жүрген хатшы қыздар да «лө-ла-лайға» қосылып кетіпті. Қайран, «лөлалайлар!»

Advertisements

3 thoughts on “Мұхтар Шерімнің комментарийінен

  1. Өлтірдің куліп жығылып тұрдым..
    —————————
    Менің елім, менің елім, Сенің елің, оның елі… Олардың елі, бәрінің де елі, Қытайдың да елі, Қазақстаным! Лөла-лай, лөлалай, Лөла-лай, лөлалай…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s