Кешегі түн. Нью-Йорк немесе Қисықша

Қалыпты

«Прошлой ночью в Нью-Йорке»-АҚШ пен Францияның біріге түсірген кинокартинасы. Режиссеры Мэсси Таджедин деген бұған дейін көптеген фильмдердің сценаристі, продюсер болған әйел адам. Режиссерлік тұрғыдан бұл кино оның алғашқысы екен. Сондықтан ғаламторда жас режиссер туралы мәлімет аз.

Ал енді Қисықша ревью жасамай-ақ қояйын. (өзі көріп алғаннан соң жасар:) Тек өзімнің фильмнен алған әсерімді айта кетейін.

Фильм еш жасандылықсыз, «наигранность»-сыз өте өміршең болып шыққан. Ең басты рөлде бұл жерде мен үшін Нью-Йорк қаласы болды. Бұрында өзім қызығып, барғым келіп жүрген қала бұл фильмде бар ішкі сырын ашатын тәрізді. Тұрғындардың өмірі, жалпы, Нью-Йорк тынысы сені экраннан еліктіріп тартады. Сондағы бұтақтың сыбдырын, ауаның тынысын, таңның иісін сезетіндейсің. Ең ұнатқан кейіпкерім осы болды.

Ал киноның сюжетіне келетін болсақ, өмірде көп кездесетін, кез келген адамның басынан өтетін жағдайлар баяндалған. Ең басты тақырып әрине, әйел мен ер адамның арасындағы сенім, сезім.

Фильм барысындағы қарапайым да, қызықты диалогтар, емін-еркін қимылдар  мені кейде күлдіртіп те отырды. Сонымен өзім бір демде көріп шықтым. Спецэффектілер мен супер сюжет жоқ, алайда қарапайым өмір мен жеңіл мораль бар.

Фильмнің бюджеті-7 миллион $

Ұнаған эпизодтар:

Джоаннаның таңғы кофеге шыққандағы бұрынғы ғашығын кезіктіріп қалған кезі:

Алекстың аэропортта Джоаннаны еске түсіріп отыратын кезі:

Джо мен Алекстың достарымен кафеде отырған кезі:

суреттер: kinopoisk.ru сайтынан алынды

Advertisements

2 thoughts on “Кешегі түн. Нью-Йорк немесе Қисықша

  1. бұл фильм несімен ұтып тұр дейсің ғой, Кира Найтли және Ева Мендесімен! Айжан, маған сен, егер осындай суперэффектісіз тым қарабайыр фильмде танымал емес, тартымсыз әртістер ойнаса, қазіргі алып отырған бағасынан әлдеқайда аз бағаға ие болар еді. Маған ұнамады, талғамға талас жоқ қой. смысл бар, бірақ, ол әр әйелдің, әр еркектің басынан өтетін қалыпты ғана жағдай. Шик жоқ мұнда

    • иә, әртістердің есебімен ұтып тұрғанын мен де рас деймін. Алайда бұл жерде пафосты шик емес, фильм өзінің шынайылығымен, қарапайымдылығымен де шик болып тұр:) бірақ дұрыс айттың, талғамға талас жоқ))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s