Азиада байланысының сапасы

Қалыпты

Бүгін Азиаданың ресми ұялы байланыс операторы GSM Қазақстан/Kcell компаниясы 7-ші Қысқы Азия Ойындарына қатысушылар мен қонақтарды ұялы Интернет және байланыспен қамтамасыз ету барысындағы жүргізілген жұмыстарына есеп беру мен тексеру мақсатында журналистер үшін пресс-саяхат өткізді.

Осы саяхат барысында жасалған фото-репортажымызды тамашалаңыздар:

Пресс-турымыздың бірінші пункті-трамплин кешені болды.

Бұл пресс-турды пайдаланып журналистердің көбісі байланыс операторымен қатар спорт кешендерінің Азиадаға дайындығын да тексергісі келгені белгілі. Сондықтан басты сұрақтар трамплиннің ұзындығы (125 м), құрама команданың дайындығы туралы болды. Айтпақшы сол мезетте спортшыларымыз дайындық үстінде еді:

Трамплинді әдеттегідей қармен емес, мұзбен тегістеп жауып жатыр:

Мұндай әдіс спортсмендерге 15-20 градус жылы кезде де секіруге мүмкіндік береді. Әлем бойынша бұндай трамплиндердің аналогтары бірен-саран.

Басты мақсат-Kcell-ді тексеру аяқталғаннан соң:

…(ол оң нәтиже көрсетті) келесі нысанаға көштік. Медеу мұз айдыны:

Бұл жерде де қызу дайындық жалғасып жатты:

170 әлемдік рекорд орнатылған әйгілі Медеуде допты хоккей (бэнди) ойыны өтеді.

Ең қызықты нысана үшінші, яғни Талғар ауданындағы шаңғы-биатлон стадионы болды.

Бұл жерде де «тексерушілер» байланыс құралдарын тексеріп, сынады:

Ал мынау (төмендегі) журналистердің отыратын пресс-залы:

Бұл ғимаратта бірнеше кәрсістерді көріп таң қалғанбыз. Сөйтсек олар бүкіл трансляцияның техникалық жабдығына жауап беретін корейлік компанияның өкілдері екен.

Жалпы Азиадаға дайындық жоғарғы қарқынмен өтуде. Ал байланыс жағынан Kcell компаниясы Азиада нысандарына 62 қосымша базалық стансы орнатты, яғни желілер сыйымдылығын арттыру арқылы, Ойындар кезінде туындауы мүмкін тым жоғары жүктемелерге әзірленген. Сапалы ұялы байланыс пен жедел ұялы Интернеттен  (3G) басқа, Азиада қонақтары мен жанкүйерлеріне онлайн жаңалықтар, қоңырау үшін тегін әуендер (Азиада әнұраны) сынды ең өзекті және қызықты ақпарат алу үшін қосымша қызметтер ұсынылады.

Advertisements

3 thoughts on “Азиада байланысының сапасы

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s