Алып қашып кете жаздаған

Қалыпты

«Айқын» газетінің 30 желтоқсанында шыққан нөміріндегі бір қызық оқиғаны көзім шалды. Авторы Айжан деген бір қыз екен. (мүмкін жай ғана ник шығар) Сонымен былай делінген:

Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, сағат 12-ге дейін үйде келер жылды қарсы алып, одан кейін достарыммен кездесуге шыққанмын. Жоспар бойынша, барлығымыз Медеуге барамыз деп шештік. Содан елдің бәрі жиналсын деп күтіп тұрған кезімізде, сөз салып жүрген жігітім телефон шалды.

«Қазір кездесейік, саған бір сыйлығым бар» деді. Сыйлық алғанды кім жек көрсін, достарымның барлығын тағы да бір сағат тостырып қойдым. Бір кезде қасында екі досы бар, жігітім келді. Далада өте суық болғандықтан, оның көлігіне отырдым. Сол кезде досы рульге отырып, машинаны айдап барады.

«Қайда бара жатырсыңдар?» деген сұрағыма «жәй әншейін, қыдырып» деп жауап берді. Ойымда ештеңе жоқ. Алаңсыз отыра бердім. Бір кез маған уәде еткен сыйлығы есіме түсіп:

– Жаңажылдық сыйлықтарың қайда?-десем, досы:

– Сені алып қашып барамыз, осы-біздің сыйлығымыз,-деп қарап отыр…

Қорыққаннан жүрегім аузыма тығылып, жалма-жан ұялы телефоныма жармасып едім, қасымда отырған екінші досы оны қолымнан жұлып алды. Содан «истерика» басталды дейсің…ауыздан түрлі «мәдениетті» сөздер де, көзден жас та кетіп жатыр. Аулалардың арасымен келе жатқанымызда, Құдай оңдап, алдымыздан ортақ таныстарымыз шыға келді. «Алып қашушы» жігіттің біреуі «жаңа жыл ғой, құттықтап келейін» деп есікті ашқанында, көліктен зып беріп шықтым да, алды-артыма қарамай зытып кеттім… Содан кейін әлгі «жігітімді» көрген емеспін.

(еш өзгертусіз беріліп отыр)

Advertisements

10 thoughts on “Алып қашып кете жаздаған

  1. Осындай жағдайларда қазақ қыздары құқық қорғау органдарына арыщданбайды. Адамды рұқсатсыз, келісімсіз ұрлағандарды заңмен жазалау керек.

  2. Мен үйленгенде алып қашқанмын… Обоюдный келісіммен әрине.
    Танымайтындар да үйленіп, бақытты боп кеткендер бар.
    Не болса да болмаған екен, қайтып келген қыз жаман деген.

    • Қайтып келген қыз жаман деген қазақтың санасына сіңіп қалған тұжырым сияқты бір бәле ғой, әйтпесе, қайтқанда тұрған ештеңе жоқ, егер ол қыздың қалауы болса.
      Кейбіреулер шырқыратып жап-жақсы болып жүріп жүрген жігіттің қызын алып қашып кетеді. Онымен қоймай қыз көнсін деп, арсыз, ұятсыз, сондай бір сасық («гнусный») іс-әрекеттерге баратындары-да бар. Оны және алып қашқан неменің жеңгелері қолдап,түртпектеп отырады дейді. Ал қыздың күйеуге шығамын деп, сүйіп жүрген жігіті не болды? Абыройын айрандай төгіп, амалсыз іштей қан жылап қалған қыз не болды? Қолға салып, әлпештеп, қолдан ұзатамыз деп отырған қыздың әке-шешесі не болды?
      Бәріне бірдей топырақ шашпаймын, егер бәрі екі жақтың келісімімен болса, онда ол қазақтың салт-дәстүрінің бір бөлігі деп түсінемін.
      Алайда қыздың келісімінсіз, оның ертеңге қойған жоспар-үміттерін быт-шыт етіп таптап, жылатып алып кету ар тұрғысынан алып қарасаң да, заң тұрғысынан алып қарасаң да – қылмыс.

  3. негізі қайтып келген қыз жаман деген бос сөз.
    Егер келісімі болмаса несіне қалады??? түсінбейм. Бірақ кейде шантаж жасап та алып қалатын кездер болады екен ондайды Құдай басқа бермесін.
    Ал кейде жастыққа салынып ішіп алған достарымен бірігіп, өздерінше серілікке салынып алып қашып келуі де мүмкін. Сондай жағдай бздің ауыл жақта болған. Жастар ап келген қыззды. ол келін боп басында көнгені көнбегені есімде жоқ, бірақ ана кісілер енді келін деп оны шашумен үйге кіргізген. бірақ таңертең жастар бәрі естерін жияды, қыздың да әке шешесі келген екен. Содан қызды қайтарған екен. Бір ашуыңызды беріңіз деп жігіттің әкесі кешірім сұрап, қызыңыз қалай келді солай қайтарып отырмын, аман сау күйінде деп, екі жақ у-шусыз тарасқан екен.

  4. Мұхтар ШЕРІМ
    ЛӨЛА-ЛАЙ…
    Өмірде жұмса-ақ жақсы ғой, не нәрсе болса да… Қақиып қалған көңіл, «қақиып» қалған өмір… Құрысыншы. Ол мықты шенеунік. Жүргенде бар ғой, көздері ақиып, өзі қақиып жүреді… Айына бір-ақ рет күледі. Онда да, саунаға барғанда, толып кеткен денесін айнадан көргенде…
    Ол басқаратын комитетте үлкен іс-шара өтіп, жиын басталмас бұрын әнұран
    орындалып жатты. Жұрт жапа-тармағай орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып жатты. Құдай қос қолдап ұрды ма, жо-жоқ, ол Құдайды ұратын адам, орнынан тұрғанымен, қақиып қалды… Оның бұл тұрысын «бір шпион» министрге жеткізіп қойыпты. Келесі күні көзін уқалап отырғанда, министр шақырды. Ол жаққа қақиып емес, тал шыбықтай йіліп барды.
    –Сіз әнұран басталғанда, қолыңызды неге жүрек тұсыңызға қоймайсыз?—деп сұрады министр.
    –Кешіріңіз, менде жүрек жоқ…
    –Жүрек жоғы қалай?
    –Сіз қашан қызметімнен қысқартып тастайды екен деп, қорқа-қорқа жүрегім ұшып кеткен…
    –Сіздің жүрегіңіз шымшық па, бүркіт пе?
    –Ала қарға…
    –Сізді жұрт «Жарты құдай» деп жүр.
    –Өтірік, олар өсектің «салатын» жеп жүр…
    –Қалай болғанда да, әнұранымызды, рәміздерімізді қастерлеуіміз керек. Сіз өзі әнұранның мәтінін білесіз бе?
    –Білемін.
    –Айтыңызшы.
    –Ыңғайсыз емес пе?
    Министр оның жанына келіп, сынай қарады.
    –Құдай біледі, фонограммаға етіңіз үйреніп, әнұранның мәтінін де білмейтін шығарсыз?
    Ол министрге иіліп, бел омыртқасы үзіліп кете жаздады. Ішінен: «Өзіңіз де қатырып білетін шығарсыз!» –деп қойды.
    –О не дегеніңіз, қаласаңыз айтайын…
    Ол тамағын қолымен уқалап тұрып алды. Керіліп созылды. Екі қолын алға созып, тізесін бүгіп, отырып, тұрды. Министрдің көздері алақандай, комитет төрағасы балақандай көрініп кетті.
    –Сіз не істеп жатырсыз?
    –Ән айтуға жаттығып…
    –Сіз менің кабинетімде спортпен айналысып жатырсыз ғой?!
    –Бастайын ба?
    –Бастаңыз!
    Ол тамағын кенеп алып, көздерін тарс жұмды…
    –Неге көздеріңізді жұмып алдыңыз?—деп сұрады аузы ашылып кеткен министр.
    –Мен өмірге көз жұма қарайтын адаммын… Ал бастайын… Хім… ( Екі қолын жүрек тұсына қойып, әнұран әнімен)
    Алтын күн аспаны,
    Алтын дән даласы…
    Лөла-лөла-лай,
    Лөлалай, лөласы!
    Лөлалай. Лөлалай,
    Лөлалай, лөла-лай,
    Лөла-лай, лө-лөлай,
    Лөлалай, лөласы!
    Министрдің көздері жыпылықтап кетті… Не деген масқара! Шетелдік шпиондар біліп қоймасын деңіз! Осыны ойлаған министр «Лөлалайдың» жанына жетіп келіп, оның бетіне бетін тақап:
    –Тоқтатыңыз!—деді. Анау жуық арада тоқтай қояр ма, шабыты келіп, көздерін тарс жұмып алған:
    Менің елім, менің елім,
    Сенің елің, оның елі…
    Олардың елі, бәрінің де елі,
    Қытайдың да елі,
    Қазақстаным!

    Лөла-лай, лөлалай,
    Лөла-лай, лөлалай…
    Лө-лө-лө… лө…
    –Сізге не болды? Ауырып тұрсыз ба? Шизофрения емессіз бе?—деп қалды министр. Анау жұмса-ақ дауыспен:
    –Әнұран орындалғанда оң қолыңызды жүрегіңізге қоймайсыз ба?—деп тіл қатты да, ары қарай шыңғыра жөнелді:
    Лөла-лай, лөла лай.
    Жерге дән шықты ғой,
    Қонаевты ұмытқан,
    Қазағым мықты ғой!
    Лөла-лай, лө-лө…
    Ол «ән шырқап» тұрып, бір көзін сығырайтып қараса, министр де екі қолын жүрек тұсына қойып, ол да «лөлалайлап» тұр екен. «Е—е, шамаңыз белгілі болды, шпиондар біліп қоймасын…» –деп ойлады ол ішінен. Сосын әннің қайырмасын барынша көтеріңкі дауыспен:
    Менің елім, менің елім,
    Секталар елі, иегова елі,
    Казактар елі, Ивандардың елі,
    Алқаштардың елі,
    Қазақстаным!—деп барып тоқтады.
    Бір көзін сығырайтып қараса, министрдің орынбасарлары да, тіпті, қазақша шүлдірлеп жүрген хатшы қыздар да «лө-ла-лайға» қосылып кетіпті. Қайран, «лөлалайлар!»

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s