Өмірдің таусылмас қызықтары көп қой!)

Қалыпты

Грибоедовтың «Горе от ума» деген шығармасын оқымасам да, тақырыбы маған өте жақын. «горе от ума» деп өзім жиі айтамын. Расында біздің жақсылық-жамандықтарымыздың бәрі-тек өзіміздің басымызда жатыр. Өмірімізді біз бақытты дейміз бе, бақытсыз дейміз бе ол тек өз қолымызда, дәлірек айтсақ, ойымызда.

Өмірің зулап өтіп жатыр, ал сен әлі де ұйықтап жүрсің. Кейде күні бойы не бітіргеніңді де білмейсің… Сөйтіп сені өмірге не үшін келдім? Не мақсатым бар деген ойлар мазалай бастайды ма?

Осындай жағдайдың бірінде тіпті интернетте отырып-отырып, «шизофрения-лечение общением» деген форумға да кіріп кеткенім бар:)Бұндай жағдайдан қалай шығуға болады? Өмірге деген құштарлықты қайта қалай қалпына келтіруге болады?

Астрологиямен қызығатын мен, жалпы тауешкілердің о бастан меланхолия, пессимизмге жақын екенін білемін. Сондықтан өз-өзімнің оптимизмімді қалыпты ұстап отыру үшін көптеген кітаптар оқып, бұл тақырыпта біраз тәжірибе жинағам:) Сіздермен бөлісейін:
1) ең бірінші ұстанатын қағидам: «все что ни делается, делается к лучшему», яғни өмірде не болмаса да Алланың жазуымен болады, оған қайғырудың, аса берілудің қажеті жоқ

2) бірде кептеліс туралы мақалаға бір психологтан сұхбат алғанмын, соның айтқан бір кеңесі өзіме қатты ұнап қалды, әлі де пайдаланамын соны. Қысқаша айтқанда, адамдар өздері білмейтін жағдайдан қатты қорқады. Мысалы, кептелісте тұрған адам дер кезінде жететін-жетпейтінін білмегендіктен, мазалана бастайды. Бұл жерде ең бастысы, жағымды нәтижені елестету керек, яғни мен дер кезінде жетем немесе мен сияқты бәрі де кешігіп келеді немесе бүгін бастықтың көңіл-күйі керемет болады деген сияқты… Расында бұл әдіс жұмыс істейді! (айтып отырмын ғой, бәрі де өз тәжірибемнен алынған деп) Кептеліске ғана емес, өмірдегі уайым тудыратын барлық жағдайға осы әдісті, жағымды нәтижені, қолданыңыз…

3) егер сізге өз-өзіңізбен жұмыс істеу қиын болса, (самовнушение) онда оптимизмді сыртқы факторлардан іздеуге тура келеді: оптимизмнің қайнар көзі ол -кішкентай балалар мен үй жануарлары.
а)Көптен бері кішкентай баланың дауысы естілмеген біздің үйге, менің бақытыма орай:)бір жастағы қызын ертіп нағашы тәтем келді… ар жағын фотолармен жеткізейін:




кішкентай баланы иіскеп-иіскеп, құрышың қанғанша сүйіп-сүйіп алғанға не жетсін:)

ә) сондай-ақ үй жануарларымен де біраз көңіліңді аулау өте пайдалы, өкінішке орай, менен басқа үй іші мысық, ит дегендерді ұнатпайды, сондықтан орыстар айтпақшы «кіші бауырларымызға» мен тек монитор бетінен таңданам (әдетте маған мысықтар ұнайды, ал соңғы кездері кішкентай сүйкімді күшіктерден көз айыра алмаймын:)):


ит атаулыға қатты қызығып жүрмін, мүмкін бұл тақырыпқа алда бөлек пост арнаймын:)

б) тағы да бір көңілңізді көтеретін сыртқы фактор ол — жаныңызға жақын әдемі заттар. Маған мысалы, үй гүлдері, әр түрлі әдемі майда-шүйде заттар ұнайды; немесе әдемі затты өз қолыңнан жасап жіберсең, ол да бір көңіліңді жадыратады:

немесе қолыңнан шар ұшыру:

ағашқа тіреліп қалды… бірақ сонда да көңіл көтеріп, жүзімізге күлкі ұялатты)):
в) сыртқы факторға сондай-ақ әдемі суреттер жатады; ғаламторда көзіңнің жауһарын тойдыратын, ерекше әсер қалдыратын көп-көп суреттер бар, соған қарап отырып-ақ дем аласың; ол енді бірақ әркімнің өз талғамына байланысты))

Айтпақшы, тағы да бір көңіліңді көтерер, өмірге құштарыңыды ашар бір дүние-армандау! Ең бастысы, ешқандай шектеу қоймау керек қиялыңа. Өзіңе ұнайтын баяу әуен қойып алып, арман құшағына берілу-керемет:) Өзіңді 5-6 жылдан кейін қалай елестетесің; жанұяңның, айналаңдағы адамдардың бақытты болып жүргені; өзіңе ерекше қуаныш-шаттық сыйлайтын жағдай немесе жай ғана әлемнің көз тартар әдемі жерлерінде дем алып жүргенің…:


мұндай терапиядан кейін жақсы көңіл-күй мен ұзақ оптимизмге кепілдік беріледі)

«Бақытты өмір болмайды, бақытты күндер болады» дегендей (Жансая айтпақшы) біздің өміріміз сол күндерден құралады. Сондықтан әр күніңіз бақыт пен шаттықа толы болсын! Ал оны жасайтын тек өздеріңіз)

Advertisements

7 thoughts on “Өмірдің таусылмас қызықтары көп қой!)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s