Жарық футболист! (made in Kz)

Қалыпты

Қазақстандағы ең танымал футболист кім? Әрине егер сіз ер адам не болмаса футболға қызығып жүрген адам болсаңыз бұл сұраққа оп-оңай жауап беруіңіз мүмкін. Ал егер бұл екеуіне де жатпасаңыз ше…) Жалпы айтайын дегенім, футболға қызыға бермейтін адамдардың өздері Дэвид Бэкхем, Криштиану Роналдо, Рональдиньо, т.б. футболистерді біледі. Өйткені олар туралы ойында ғана емес, газет-журнал, тв-да көп айтылады. Бір сөзбен айтқанда пиары жақсы))

Қазақстандық футболшыларды таныту мақсатында және де жаз дабайдағы бір видеоны көріп алып, қазақстандық футболшы Самат Смақов туралы жазғым келді. Ол туралы іздестіріп отырып, сондай-ақ ол өте көрікті жігіт ағасы екенін де байқадым))

Сонымен Самат Қабірұлы Смақов -1978 жылы 8 желтоқсанда Семейде дүниеге келген. Бойы – 179 см., салмағы-74 кг. Қорғаушы, жартылай қорғаушы позициясында «Ақтөбе» футбол клубында «8» нөмірде ойнайды. Қазақстанның спорт мастері атағын иеленген.

Футболды 6 жасынан бастап ойнай бастаған. Алғашқы бапкері- Н. Десембаев.

1997-1998 ж.ж. «Елімай»

1999-2000 ж.ж. «Ертіс»

2000-2001 ж.ж. Ресейдің ««Ростсельмаш» клубында

2002-2003 ж.ж. «Астана», «Елімай»

2004-2006 ж.ж. «Қайрат»

2007-қазірге дейін «Ақтөбе» клубында ойнайды.

Ал Қазақстан құрамасында 2000 жылдан 2008 жылға дейін ойнаған. Бернд Шторктың келгенінен кейін құрамаға кіруден қалды. Триумфы-2007 жылдың 12 қыркүйегінде Бельгия құрамасының қақпасына өзінің алғашқы голын соқты (құрамада командасының мүшесі ретінде).

2003, 2004, 2005, 2007, 2008, 2009 жылдарда «Қазақстанның ең үздік футболисті» атағын алды.

Саматтың әкесі де, атасы да футболистер болыпты. Ума атты әйелі, Самира, Аламгир атты балалары бар.

Құрама командада жүрген кезінде Самат сондай-ақ, сіздер мен біздер сияқты блог жүргізіпті!) Онда ол құраманың ойындары жайлы, неліктен жеңілгендерін, қалай дайындалғандарын, тіпті «Абай жолын» оқып жатқанын жазған.

Бізде де осындай спорт жұлдыздарымыздың барына қуаныштымыз! Рональдиньо, Дэвид Бэкхемдерден қай жері кем?)) ең бастысы – қазақ! (шығар…)

Advertisements

One thought on “Жарық футболист! (made in Kz)

  1. иә, кезінде Олимпиялық құрамамызды АЛҒА сүйреген жігіт қой. Әсіресе Ташкентте өзбектерді жерге қаратқан матч есімде. Комментатор Аманкелді Сейітхановтың дауысы :)) Саматтың гол салған кезіндегі 🙂

    …ең бастысы – қазақ! (шығар…)

    блогында руым Арғын, оның ішінде Тобықты деп жазғаны бар еді. Бір өкініштісі, қаншама рет өтінсекте, блогында бір ретте қазақша пікір жаздыра алмағанымыз :((

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s