Бақытты болғың келсе…

Қалыпты

Жаңа жылдың мерекелік күндері де аяқталып, бокалдың сыңғырлаған үнімен бірге әдеттегі шаблондық «бақыт, құт-береке, ашық аспан» деген  тілектер де азайды. Ал ойлана келсек, осы «бақыт» деген сөзге біз қандай мән-мағына береміз? «Жаңа жылда жаңа бақыт тілеймін» дейміз, сонда ол бақыттың біреу болмағаны ма, жыл сайын жаңарып отыратын шығар.)

Жалпы айтайын дегенім, менің ойымша, әр адамның бақыты өз қолында. Оны мына сайтқа кіріп-ақ жасап ала аласыз)) Шындығында бұл Қазақстандағы фен-шуй академиясының сайты. Сондағы кеңес бойынша, сен өз өміріңнің немесе тағдырыңның жобасын жасауың керек. Қандай қызметте, кіммен бірге, қалай тұруыңды қалайсың-осының бәрін өзіңе ұнайтын суреттермен әрлеп, ойластырып қоюуың керек.

Фен-шуйға сеніңіздер деп айтпаймын (өзімде ондайға көп сене бермеймін) ал бірақ, жаңа жылды, жаңа арман, жаңа мақсаттармен бастауларыңызға тілектеспін деймін. Өйткені арманыңдағы үйді іздеу (google-дағы суреттерден болса да), ойыңда жүрген мақсаттарың туралы ойластыруға не жетсін! Армандаңыздар, алдарыңызға мақсат қойыңыздар! Ең болмаса, осы сайттағы картаның істейтін істемейтінін анықтап аламыз:)

Advertisements

7 thoughts on “Бақытты болғың келсе…

  1. Малдес, міне бақытты болатын қыздар осындай пост жазады))) Позитив куй береді екен, баягыда адам өмірін сақтандырамыз деп сабылып, семинар өткізіп жүргенде айтатын әңгімеміздің дені осындай еді. «Өз-өзіңмен контрактіге отыр, арман-мақсаттарыңды тізіп жаз, 20 жылдан кейін кім болғың келеді, жаз» деп , жұрттың миын қатырушы едік. Дұрыс қой, «мысли материализуются» дейді

  2. Бақыт деген шартты ұғым. Бастысы өзіңе не керегін дер уақытында түсініп, соған ұмытылу жолында жасағанынның бәрі – бақыт. Себебі, бақыт- жанның, жүректің қалауынан тұрмай ма?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s