Қазақ виносы

Қалыпты

Соңғы кездері жұмысым (не болмаса хобби десе де болады) мені шараппен кезіктіре берді. Жо-жоқ өзім алкоголь дегенді мүлдем ұнатпаймын. Кейде коктейльдер ғана болмаса…

Сонымен «Алматы» арнасында жазғы тәжірибемді өткеріп жүргенімде, «Арақ қазаққа қалай келді?» деген тақырып бойынша сюжет түсіруге редакторымыз винозаваодқа барамыз деді. Редактор-ағайым тез тіл тапқыш, адамдарды бірден баурап алатын өте сөзшең адам, зауыттың директоры (орыс) солардың зауыттары туралы түсіруге келді деп ойлап қалды білем, бізді жүзім өсетін плантацияға өзі апарып, мақтанып жүріп бәрін көрсетпекші болды. Сол кезде виноның түр-түрі болатынын, қандай сорттан жасалатынын тәптіштеп түсініп алғанмын:)) Сол «біліміммен» бөлісейін…

Жүзімнің жалпы вино жасайтын негізгі деген 4-5 сорттары бар. Олар қызыл және ақ болып бөлінеді. Қызыл шарап: саперави (Грузиядан тараған), пинофран; ақ шарап: рислинг, мускат. Тағы да сорттары көп, бірақ негізгі деген осылары. Саперави мен пино-фран кішкене қышқылдау және тез бас айналдыруы мүмкін. Тамаққа оның ішінде: етке жақсы келеді. Айтпақшы, нағыз винолар тәтті емес, қышқылдау дәм беріп тұруы керек. Ал әдейі «полусладкое» деген тәттілеріне қант қосылған. Егер шарапты онша ұнатпасаңыз, алайда, айтайық бір ресторанға келіп, шарапты француз гурмандарынан кем білмейтініңізді көрсеткіңіз келсе, рислингті таңдаңыз. Ол негізінен өте жұмсақ, барлық адамдарға ұнайды. Ал мускат болса, көбінесе десертпен бірге жүреді.

Біз барған зауыт «Иссыкское вино» болатын. Итальянның Маркато деген Италия вино өндіруші жанұясымен біріге «Бөлек» иссык-маркато деген вино шығарыпты. «Бөлек» деген Талғар жақтағы сол плантациялар өсетін ауылдың аты. Біз барғанда Энрико Маркатоның өзі де болды. Жалпы жүзім өзіміздің жерде өседі, ал технологиялары сол итальян технологиясы. Өздерінше «Italian tradition- Kazakh soul» деп атап қойыпты. Жалпы өте сапалы вино. Бұрындары тек ресторандарда сатылатын винолар енді дүкендерге де шығыпты. Қазақстанда осындай жоғарғы сапалы винолар шығатыны қуантып қойды (өзіміз өндіреміз дегеннің өзі қандай) 🙂

Бағалары да тым жоғары емес (нағыз итальян, француз виноларына қарағанда). Жаңа жылға қонаққа бара қалсаңыз, өте жақсы сый болады деп ойлаймын.

P.S ал сол кезде дигустацияда, итальяндықтар виноны ұзақ иіскеп тұрып, ләззат алып, ұрттап ішіп жатса, біздің редактор мен операторлар оны сіміріп-сіміріп алды)) жалпы гемоглабин көбейтеді дегенді ойлаған ғой…:)

Advertisements

4 thoughts on “Қазақ виносы

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s