Егер Сіз есік болсаңыз, қайда апарар едіңіз?

Қалыпты

Бір журналистің осындай сұрағы қатты қызықтырды:) Сонымен Сіз есік болсаңыз, қайда апарар есік болар едіңіз?

Advertisements

35 thoughts on “Егер Сіз есік болсаңыз, қайда апарар едіңіз?

  1. Егер мен есік болсам, маған кірген адам шағын ғана, ішінде дым жоқ, тұсқағаздары кір, жыртылған, сылағы түсіп жатқан, бір бұрышында жүні шығып кеткен матрацы бар темір төсегі, тағы бір тұрышында кішкентай ғана темір пеші бар бөлмеге кірер еді. Төрт бұрышты төрт көзі бар ағаш жақтаулы терезе әйнектері айғызданып тұрар еді. Тақтай еденнің бояулары сырылған, ескірген болар еді. Ал сол адам қарсы бетте ауылдағы моншаның есіктері сияқты ағаш, бірақ сыртын жұмсақ бірнәрсемен қаптаған, шегелері ебедейсіз, салақтау қағылған, биіктігі бір жарым метрден аспайтын есікті көрер еді.Астыңғы шегесі шығып кеткен есіктің тұтқасын еппен тартып ашқан ол…болды, ары қарай айтсам мақтанып кеткендей болам, әйтеуір жақсы жер екенін білсеңіздер болды.

      • көрсетпе, Айжан. Әйтпесе, мені сол сәтте келіп алып кетеді де, «смирительная рубашка» кигізіп қояды.

      • Паулоо Коэльоның «Вероника решает умереть» дегенін оқып па едіңіз, сонда әр адам негізі кішкене болса да «сумасшедший» болғаны жөн деген:)))

      • Жоқ, Коэльоның сол кітабын оқымаппын. Негізі келісемін осы пікірмен. Психологтардың айтуынша, кей адамдардың кәдімгі көз жыпылықтататыны немесе мысалы пышаққа әуес болуы секілді болмайтын дүниенің өзі психологиялық ауытқуға жатады екен.

      • Koelionyn sol wygarmasyn gana unattym. rasynda, barimiz de wamaly togo -myz! olai bolmasa osynda jurmes edik.

        men esik bolsam, birden awylmaityn, myn turli kiltti talap etetin tetigi bar esik bolar em, tek wydamdynyn gana aldynda paw etilip, sabyr tubi sary altyn degendei altynga aparar em :)))))
        Kisyk, tehni4no maktanyp kaldyn goi :DDD

  2. «Мен есік болсам,келген адамды асты да, үсті де, төрт қабырғасы да, тіпті есіктің ішкі беті де айнадан жасалған бөлмеге кіргізіп жіберер едім. Сосын «өзін тауып алсын» деп қарааап тұрар едім» десем мен де психологқа барам ба?

  3. Мен есік болсам…ммм, «Мечтам и годам нет возврата»- дейді ғой, бәлкім сол кездерге қайта оралтатын есік болатын шығармын…

  4. Егер мен есік болсам, келген адамды кірген жеріне қайта айналдырып әкелетін есік болатын сияқтымын. Бұның мен үшін ешқандай түсінігі жоқ, өзіме солай көрінеді қайтесіз енді… Сол үшін маған кірмеңіздер, аха 🙂

  5. Мен есік болсам бар ғой…онда тұп-тура Құдайдың дидарына апаратын есік боламын… бірақ, өзім ол есіктің итеріп ашатын тұтқасын көріп тұрсам да, қармап ұстай алмай жүрмін…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s