Қазақша Пицца:)

Қалыпты

маладес, Айжан! келесі жолы пицца жасашы, өтініш! :)

Міне, құрметті Розатайдың да өтінішін орындау сәт келді:)

Алдарыңызда Пицца!!!

Бұл жерде ең бастысы нанын жақсылап дайындау. Сонымен қамырға: 3 кесе ұнға1 пачка ашытқы (кішкентай пакетиктағы), 1/4 шәй қасық тұз, 1 толмаған ас қасық қант қосамызОдан соң 1 кесе суық су мен 2 ас қасық су май қосамыз

нанды біраз илейміз де оған 2-3 ас қасық томат қосамыз (дәл қамырдың өзіне)

сонда қамырымыз біраз қызғылт болып шығадыЕнді оны жылы жерге 40 мин. қойып қоямыз. 40 мин ішінде 3 рет орамал бетін ашып, бір-бір илеп тұру керек.сонымен нанның шаруасы бітті:) енді пиццаның ішіндегісіне үйдегі  (және пиццаға қосуға лайық деп тапқан) бар нәрсені қоссаңыз боладышұжық, қызанақ, тұздалған қияр – қажетті заттар, сондай-ақ дайын тауық етін қосып жіберсеңіздер тіптен керемет болады. Ал нағыз қазақша пицца болу үшін, ет, жал-жая қоссаңыздар болады:)

Ірімшік ұсақтаймызОсы уақытта 40 мин-те өтеді:) Қамырды жаямыз да, пісіретін табаның үстіне кішкене ғана ұн сеуіп, нанды табаға пішініне сәйкес жаямыз.

нанның үстіне кетчуп жағамыз да, бар тағамдарымызды орналастырамызүстіне майонез жағамызең ақыры бұның үстін ұсақталған ірімшікпен сеуіп, қайта кетчуп жағамызБітті!!!:) пеште нан қызарғанша дейін ұстаймыз.

P.S бұл рецепт әлі бірде-бір рет жаңылыстырған жоқ:) бәрін егер дұрсы жасасаңыз, нан жұмсақ та ерекше дәмді болып шығады, астарыңыз дәмді болсын!

Розатай тағы да рахмет өзіңе! Мына гүл сенің құрметіңе бұл жерден орын тапты:)

Advertisements

10 thoughts on “Қазақша Пицца:)

  1. Айжан, сен емес, керісінше, мен рахмет айтуым керек екен саған. Анау гүліңе де рахмет көп! Бірақ, мынадай бір сұрақ: мен қашан ауыз тиемін мына пиццадан? пицца – менің жақсы көретін тағамдарымның бірі 🙂 жауап?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s