Бір кездері бірінші сынып оқушысы Айжанның жасағаны

Қалыпты

Алдында үйге кешірек келіп қалып, әдетте тамақ жасамайтын маған кешкі ас әзірлеуге тура келді.  Жеңіл-желпі картоп қуыра салдым да тағы да не жасасам екен деп тұрғанымда, тез арада сонау бірінші сыныпта «Еңбек» пәнінен өткен бір рецепт есіме түсе кетті. Қарап шығыңыздар, өте қызық:)

Жалпы тақырыптың аты-«Саңырауқұлақ» (бутербродтар)

Адам санына қарай қызанақ аламыз. Сондай-ақ жұмыртқа: Әр қызанақтың үстін ақырындап пышақпен тіліп аламыз: Қызанақ мынандай болу керек: Енді ең қызығы басталады) қызанақтың ішін қасықпен ақтарып, ішіндегісін бөлек ыдысқа құямыз: Осылай бізде іші қуыс 4 қызанақ пайда болды: Жұмыртқаны да ұсақтап турап, қызанақтың ішіндегісіне қосып, араластырамыз: Қоспаға кішкене тұз салып, жақсылап араластырамыз да қайтадан бәрін қызанақтардың ішіне саламыз:)

Кейін үстілерін бағана тіліп алған «тақияшалармен» жауып қоямыз: Үстіне кішкене-кішкенеден майонез тамызып, саңырауқұлақ кейпіне келтірсеңіздер болады:)

Бар болғаны осы. Әлі есімде бірінші сыныпта осыны сабаққа жасап апарғанда, бәрі қызығып, апай мақтаған:))

Advertisements

12 thoughts on “Бір кездері бірінші сынып оқушысы Айжанның жасағаны

  1. Шамасы тақырып «Пышақпен ұқыпты турай білу және қасықпен жұмыс» болған ғой деймін. Бірінші сынып оқушысына мұнандай тағам әзірлеу үшін әуелі «Пышақты дұрыс ұстау» тақырыбында арнайы бір лекция оқу керек шығар.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s