Nokia&WordPress

Қалыпты

WordPress-қа енді Nokia-дан да кіруге болады. Жаңа жазбаларды, пікірлерді тура қалтафоныңыздан енгізе аласыз (нокиа болса) Қызмет тегін. Мына жерден қосыла аласыз.

WordPress.соm-дағы  блогқа телефон арқылы кірушілер 1 миллионға жетіпті. Өзім әлі қосылу үстіндемін:)

9 thoughts on “Nokia&WordPress

  1. Бюджетті телефондарды қолдамайтын тәрізді. Әзірге Nokia тек осы бюджетті телефондарға қазақ қаріптерін енгізіп еді. Десе де моделіне қарамастан интернетке қосылған кез келген қалтафоннан m.wordpress.com деп теріп, блогқа жазба енгізіп, статистиканы көруге болады.

  2. Айжан «Мына жерден қосыла аласыз» дегеніңді басып жүктеп алуға жетіп барып едім, «Извините, этот элемент недоступен для Nokia E66. Вы можете найти другое замечательное содержимое в разделе «По теме» ниже»,- деген жазу маңдайға тақ еткендей болды. Соған қарағанда Нокианың барлығына арналған емес -ау деп қалдым. Әлде менікі нашар ма? Өзім Нокианың ішіндегі бір төресі ғой деп қатты қадірлеп жүр едім.

  3. Қайтарма үнқосу: Қазақ тілі: Nokia, Wordpress.com және Facebook « Өрімтал

  4. мен қосыла алмадым уордпресске атымды кириллицамен жазсам, тек әріптер мен сандардан ғана тұруы тиіс деп бетбақтырмайды(

Пікір қалдыру