Нан сатып алып, қамданыңыздар!

Қалыпты

«Ақсай нан»-дағы газ құбырлары ақауларына байланысты алдағы аптада нан тапшылығы болуы мүмкін.  Тандыр нанның (лепешка) өзіне бүгінде дүкендерде кәдімгідей кезек пайда болыпты. Ал халық арасындағы «батон» нандарын кезіктіре алмадық.

P.S 20-30 лепешкадай алудың керегі жоқ, жай ғана ескерту ғой:))

Advertisements

21 thoughts on “Нан сатып алып, қамданыңыздар!

  1. Өзім дәл сол Ақсайдың артында тұрамын. Екі күн болды газ жоқтықтан, амал жоқ оразамды Қағанаттан ашып жүрмін)) Ал, үйге кешкі асқа бірнеше бөлкелер мен айранды қамдап алып қойдым. Бітіп қалса сұрарсың:-)

  2. Баяғыда дәмді нанды Атакенттегі «Атаниери»-ден алушы едім, жарылыс болған соң барып көрмеппін.
    Гоголь көшесінің бойында (Абылай хан даңғылыңның қиылысы) Дастархан (Юбилейный) деген үлкен дүкен бар, сол жерде таңның атысы, күннің батысы нанның да тамақтың да нешетүрін пісіреді, Ақшаң болса, сатып алуға болады. Ақша үнемдеушілерге, нанды үйлеріңде пісіңдер деген кеңес беремін.

    • Кеңесіңе рахмет, Kaldykyz!:) өзіме тағы да, түріктердің ғой деймін рисовый шелпектері ұнайды. Оны да дүкендерде сатады. Тек атын ұмытып тұрмын:)

      • Ойе, нан пісірудің жағын айырады…)))) Арғы тегі Ақтөбенікі демесең, туған жері Шымкенттікі емес пе тандыр ана, андай нан, мындай нан дееееееп бастағанда Алматының завод нанына үйреніп қаоған біз пақыр аузымыз ашылып, отырамыз да қаламыз))))))))

  3. Айжан тақырыбың соғыс басталады деген сияқты екен ))) Жалпы Ақсайда 3 күн газ болмайды. Қазір барлық үйдің ауласында осындай хабарландыру ілініп тұр. Ертең беріліп қалуы керек. Сосын Ақсай нан да іске қосылатын шығар. Былтыр осы Ақсай-нан бір апта тоқтап қалып, лепешка пісіретін өзбектер қарық болып еді. Биыл өзбектер де аз. Ақсай нан біразға тоқтап қалса, онда бәріміз үйде нан пісіріп кететініміз даусыз.

  4. нан атаулыны жемегелі біраз бопты, нан мүлдем жемейм жапондардың бірақ арасында кей булочкаларын аламын бірақ оның өзіне бірталай уақыт бопты.

  5. Бәрібір нансыз тамақ тойымсыз болатын сияқты. Өткенде корей кафесіне барып, тек күрішпен дәмдеуіштерін жеп қайтқан соң, үйге келіп қайта тамақ жегің келіп кетті. 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s