«Ол менің кумирім еді…»

Қалыпты

Алдарыңызға курстасым Айнұрдың kazjur әлеуметтік желісіне қойылған жазбасын ұсынып отырмын. Өзім қызығып және де Айнұр сияқты өзім де «бритниші» болған соң,  құрбымның рұқсатымен блогқа жарияладым.

«Бритни Спирс мен бесінші сыныпта оқып жүргенімде енді атағы шығып келе жатқан жас әнші қыз болатын. Бір қызығы сары шашты, ағылшынның сүп- сүйкімді сары қызына барлық жастардың көңілі сол кездері бірден ауды.

Бритниге ұқсап киіну, шаш үлгісін соған ұқсатып қырқу,соның әндерін жаттап
алып айтып жүру сол кездің жастары үшін бір сәнге айналған. Солардың арасында
менде болғанымды жасырмаймын. Мен де Бритни Спирстің орысша айтқанда кумирі
болғанмын. Тек мен емес, тіпті менің сыныбымның қыздарына қоса ұлдары да осы Бритни есімді
әнші қыздың өнеріне ғашық болатын.

Содан арамызда кім Бритни жайында көп ақпарат табады , болмаса кім көп суреттертерін әкеледі деп жарысатынбыз. Бритнидің бір суреті үшін ішкен асымызды жерге қоятын шақтарда болған.
Оның барлығын жинап алып сыныбымызда Бритниге арналған үлкен альбом болатын, соған ол туралы ақпартты тапқан сайын тіркеп отыратынбыз. Содан күннен күн, айдан ай, жылдан жылдар өте берді осы әдетіміз қалмады. Жыл өткен сайын осы ару әншінің жетістіктерімен бірге бізде алақайлап қуанатынбыз. Алғаш «Перекресток» деген киносы шыққанда оны қандай таң тамашамен көргенімізді көрсеңіз ғой.

Содан соң ол күйеуге шығайын деп жатыр екен,Бритни мен Кевиннің үйлену тойы болады екен дегенді естігенде сыныптастарымызбен өзіміздің туған бауырымыздың тойы болардай қуандық. Бұл бір сондай қызық сәттер.. Ол уақытта интернет жоқ. Тек дәстүрлі медия арқылы айтылып жазылған
ақпарттарды тағатсыздана күтіп жүретінбіз. Барлығымыз сол уақытта баламыз ғой. Бірімізге шын ұнайды, біріміз жай бәрі ұнатқанан соң толқынан қалмас үшін суреттерін жинап жүретін. Есейе келе әр қайсысымыздың кумиріміз де, хоббиіміз де өзгеріп кетті.

Сөйтіп бірте-бірте Бритни Спирс те, біз де үлкен өмірдің есігін ашып әрқайсысымыз өз жолымызбен кете бардық…

Бүгін интернет желісінен Бритни Спирстің өлеңдерімен өскен, Бритнидің экс-кумирі МЕН оны тағы да кездестірдім!

Тапсырманы орындау барысында «http://www.award.kz/»-тен Бритни Спирске арнап Өскемен қаласының тұрғыны Әбиев Ерланың 15.01.2010 жылы britney.kz
деген атаумен Бритни Спирстің Қазақстандағы
тыңдармандарына ашқан сайтына тап болдым.Сайттан Бритнидің өмірі жайлы оқып,
суреттерін көріп балалық шағым, достарым, сол бір кездер есіме түсіп елжіреп
кеттім.

Сол шақтардың енді оралмайтыны қандай өкінішті…»

Advertisements

8 thoughts on “«Ол менің кумирім еді…»

  1. Сәлем Айжан! Блогыңа қонақ болып, бір қуанып қалдым! Өзгешелігімен бой ұрып тұрады, жемісті еңбектеріңмен бізді (тойыс оқырмандарыңды) қуанта бергейсің! Ал мына мақалада аздап қателік байқадым, түзетсем, ренжімегейсің. «Мен де Бритни Спирстің орысша айтқанда кумирі болғанмын немесе Бритнидің экс-кумирі МЕН » деген тіркестерге қарап отырсам, Бритни саған емес, сен Бритниге (!) кумир болып болып кетіпсің ғой! 🙂 СӘТТІЛІКТЕР!!!

    • Сәлем, Мейірбек! лебізіңе рахмет! бұл мақаланың басын оқысаңыз, менікі еместігін байқайсыз, бұл құрбымның мақаласы, ұнағаннан кейін қойған болатынмын:))

  2. Ия, осы қыздың өнеріне бей-жай қарамаған жасөспірім кемде-кем болған еді. Мен кейде ойлайм, ол жастайынан соншама атаққа ие болды, көптің қалауы болды. Бәлкім соны көтере алмай қалды ма деп.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s