Ет қосылған бәліш! (суреттерімен):)

Қалыпты

Көптен бері жаңартылмаған «Аспаздық» тақырыбымызды жалғастырайық:)

Сонымен алдында тәтті бәліш пісірсек, бүгін тойымды, етті бәліш пісіреміз:Сонымен бұл ғажапты әзірлеу үшін бізге: магазиннің дайын «слоеное тесто» -сы, (ал егер өзім жасаймын десеңіз: 1.2 – 1.5 кг ұн, 2 жұмыртқа, 1 пачка маргарин, сода, тұз қосылған қамыр илейсіз), 2-3 картоп, 1 жұмыртқа (тек ағы ғана керек болады), 500-700 г. фарш және фаршқа қосатын 1 тал пияз бен дәм келтіру үшін тұз, бұрыш керек.

Ең алдымен, табақты майлап алып, үстіне дайын қамырды жаямыз. Алдын ала қамырды екі бөлікке бөліп қойғаныңыз жөн. (біреуі кішірек бөлік болып тұра тұрсын). Қамырдың үлкенірек бөлігі табақтың шетіне шығып тұру керек:  Оның үстіне кесілген картопты кейін тұз, бұрыш, пияз қосылған фаршты бірдей қылып үлестіріп саламыз:Енді осының үстін қамырдың екінші бөлігімен (жұқарақ бөлігімен) жабамыз:Шеттерін суретте көріп тұрғандарыңыздай жабыстырасыздар. Содан соң жұмыртқаның ағымен үстін майлап,:үстіңгі қамырдың ортасын домалақтап кесіп, артық сұйықтық шығу үшін ашық қылып қоямыз:Енді дайын болған бәлішті пешке апаруға болады:Тек әлсін-әлсін қарап тұруды ұмытпаңыздар. Қызарып, ас үйді керемет иіс жайлай бастағанда алып шығуға болады.

Астарыңыз дәмді болсын!:

21 thoughts on “Ет қосылған бәліш! (суреттерімен):)

  1. сәлем, аспаздық тақырыбын құтты болсын!!!
    рецептті ұнаттым. жасап көремін.
    жаңа рецепттерінді көру үшін де жиі кіріп тұрамын!

    • рахмет, elvira! аспаздық тақырыбына қызығушылық болмайтын шығар деп едім, сенің назар аударғаныңа өте қуаныштымын!!! енді жаңа рецепттерді жаңа стимулмен қосатын болдым:))

    • пешке 1 сағ.-1сағ.15 мин-қа қоясың, алайда тексеріп тұрған да жөн. Қызуы орташа, 180 градустай болады. Піскенін визуалды түрде тексеру керек (қамырдың қызаруымен және картоптың пісуімен) :))

  2. Қайтарма үнқосу: Айжанның ет қосылған бәліші |

  3. Сәлем, Айжан! Блогыңды Қойшекеңнің блогынан көріп кіріп едім, жақсы болыпты кіргенім! Осы бәліштің оңай жасалуын іздеп жүрген едім, таптым РАХМЕТ!!!!!!!

  4. СӘЛЕМЕТСІЗБЕ!СІЗДІҢ БӘЛІШІҢІЗ МАҒАН ҚАТТЫ ҰНПДЫ! КІШКЕНТАЙ БОЛСАМДА ПИРОК,САЛАТ,БӘЛІШ ПІСІРГЕНДІ ҰНАТАМ! РАХМЕТ!

Leave a reply to elvira Жауап беруден бас тарту