Олар кінәлі ме еді?

Қалыпты

Бүгін сабақта отырып, «Тұздыбастау оқиғасын» естідім, дәлірек айтқанда «Жас қазақ»-тан оқыдым. Оқыдым да жағамды ұстадым. Қоғамымызға, өмірімізге таңым бар… Қыршындай кеткен екі бала.  Екі үйдің еркесі мен арқа сүйері… Мектептерімізде балаларды осындай келеңсіздікке апарарлық соншалықты қатыгез жастар өсіп келе жатқандары ма?

Журналистика факультетінің бір ағайы: «Бұрындары біз тіпті өлім туралы ойланбайтынбыз, ал олардың кіп-кішкентай болып алып өз-өздеріне қол жұмсауы қоғамның артқа кетуі» дәлме-дәл сөздері болмаса да, мағынасы осындай еді айтқан сөздерінің. Бұл сөзді келтіріп отырған себебім, біздің мектептерге осы «системаның» қалай, қашан келгенін білу. Өйткені қазақ халқы бұрыннан өзінен кішісіне «бауырым», «інім» деп ізет көрсетсе, үлкеніне «аға», «көке» деп, құрметтеген ғой. Бопсалау деген тіпті біздің генімізде жоқ нәрсе деп ойлаймын.

Солай бола тұра бұл сұмдық бізге қайдан келген? Тағы да сол ағайдың: «өзгелер жаманын бере салуға үйір, кім жақсы нәрсесімен бөліседі?» дегені еске түсіп отыр. Бұл жерде «үйреткен осылар» деп кінәнің бәрін неше жыл бойы иық тіресіп  келген орыстарға жаба салуға болады. Алайда оның жамандығын қабылдаған өздеріміз.

Бұл оқиға жайлы іздестіріп отырып, «собачий кайф» деген тіркеске тап болдым. Бұл ойын да бізге орыстардан (Ресейден) тараған. Тіпті өзім оқыған мектепте сыныптастарымның осы ойынды ойнағанын көргенмін. Ол кезде бұлар не істеп жатыр деп түсінбейтінмін. Ал бүгін сол сөзді гуглге жаза қалғанымда, ойынды қалай дұрыс ойнау керектігін тәптіштеп түсіндірген 106 000 іздеу шықты. Қысқаша түсіндіргенде, «кайф» алу мақсатында бір адам екіншісін қылқындырып ұйқы безін басып бірер минут немесе сағатқа ұйықтатады. Алайда кейде адамды мәңгілікке ұйықтатып жіберетін қауіпті ойын бұл.

Міне, сол ойынды балалар қызық көріп, мектептерде ойнайды. Ал мұғалімдерді (көпшілікке әрине құм шашпаймын) тек өздерінің сабақтарын беріп, бағасын қойып, бағдарламаға ілесіп отыруы (жалақысын тезірек алуы) мазалайды. Бұрынғыдай «Мұғалім» деген үлкен әріптен басталатын үлгі боларлықтай тұлғалар азайып бара жатқандай. Егер әр мұғалім оқушысына параграфтар мен формулаларды тыққыламай, ең бірінші баланың дұрыс азамат, тәні мен жаны сау тұлға болып шығуына көңіл бөлсе, «Тұздыбастаудағы оқиға» болмас па еді деймін. Ал енді не айтсаң да әрине кеш… Өйткені балалар кетті… Мәңгі келмеске кетті… «Тұздыбастаудағы оқиға» енді тек осы оқиғаларды қайталамаңдар, бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөліңдер дегендей ескерту болып қалмақ біздерге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

P.S бұл тек жеке пікір, эмоцияға, ызаға негізделіп жазғанын айыпқа бұйырмассыздар. Өйткені бұл жерде адам өмірі, ертеңгі болашағымыз, ертең біз өмір сүретін болашақ қоғамымыз жайында болып отыр.

Advertisements

10 thoughts on “Олар кінәлі ме еді?

  1. Мойындағы екі күре тамырды басып ұйықтату деген бізде де болған. Класымызбен жабылып солай ұйықтайтынбыз, тфәй тфәй бәріміз тіріміз.
    Біздікі жәй балалық ғой, ал мыналардыкі «сходняк», «старшактарға бағыну», «общакқа ақша тастау», «түрмедегілерге азық жіберу» деген сияқты қиындаған өмір.

    • Иә, дұрыс айтасың, кәдімгідей түрменің жүйесіне тән криминалдық элементтер байқалады.
      Ал негізі сол ойыннан қайтыс болу фактілері тіркеліпті. Ғаламтордан Ресейлік факттарды көрдім. Бәрібір де әр нәрсе кішкентай заттардан басталады демекші, агрессиялық сарындағы қинатып ұйықтату сияқты ойындарға ертең баламның қызығуын қаламас едім. Жалпы осындай оқушы, жастардың тасыған энергиясын жағымды жаққа қарай бұрсақ екен…

  2. Муғалімдерді жазғыру қажет емес Олардыда біреулер өлітірп кетер..нақты қылмыскер қоғамда… Қоғамды басқарып отырған аз ұлтардан жыиылған парлементіктер Солардың шығарған заңы ..Міне осындай жағдайға жеткізіп отыр,,,,Өз қазағым дер басышлар жоқ Мықты билік жоқ болса елің өзінен өзі қырылар …..осылай атылып асылып …….

  3. Бұл қайғылы оқиға дүйім жұртты бір селк еткізді. Баспасөздер жарыса жазуда. Кінәліні мектептегі балалардың арасынан іздеуде. Шындығында, сол бұзақы деген балалардың сол жолға түсуіңе не себеп болды. Ойланып көрдік пе? Қарапайым ғана мысал, мектепте оқығанда аптасына сізбен сөйлесуге ата-анаңыз қанша минут бөлетін еді? Жетексіз кеткен арбаның қайда барарын кім білген?

    • иә, бұл жерде тек қана сен кінәлі деп айту дұрыс емес, бұның бәріне неше жылдан бері қалыптасып келе жатқан жүйе, соған мән бермеген назар аудармаған қоғам кінәлі дер едім….

  4. Ең басты кінәлі ретінде ата-ананы айтар едім. Өзінің ішінен шыққан баласына назар аударып, кіммен араласады, не істейді деген сұрақтарға бас қатырмаған не деген ата-ана?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s