Карла Бруни vs Мишель Обама

Қалыпты

Жақында «1 арнадан» Франция Республикасының бірінші ледиі Карла Бруни жайлы деректі фильм көріп, өміріне  қызығушылығым арта кетті. Әрине «1 арнаның» шебер түсірген деректі фильмі Карланы ерекше мейірімді, бірінші леди бола тұра өз ұстанымдарын жоғалтпаған өнерсүйгіш  тұлға ретінде көрсетті.

Ары қарай ғаламтордан іздестіре бастаған ақпараттар оны басқа қырынан аша түсті. Мысалы, бір мақалада Лаури есімді журналист «»Она очень хитрая женщина. Я говорю именно «хитрая», а не «умная» дейді. Сондай-ақ оның Мишель Обамамен өзіндік бәсекесі бар екенін аңғардым. Сонымен әлем елдерінің жарық екі ледиін салыстырып көрейік:

Карла Бруни 1968 жылы 23 желтоқсанда Италияда туылған. Швейцарияның әйгілі интернатында, кейін Париждің өнер   және архитектура  факультетінде оқыған. Анасы – пианистка, өкіл әкесі – композитор, Карла өнерге жақын  отбасында тәрбиеленеді. 19 жасында фотомодель карьерасын бастап, 20 жасында 90-жылдардың әйгілі топ модельдерінің қатарына қосылады. Алайда музыкаға деген махаббаты жанданып, 1992 жылы подиумды гитараға, студияға айырбастайды.  Карланың студенттік кезінде жүрген жігіті Рафаэль Энтовеннен  бір баласы бар. Сондай-ақ Николя Саркозидің үшінші әйелі   болғанға дейін Мик Джаггер, Кевин Костнер, Дональд Трамп сияқты жұртшылық алдындағы танымал фигуралармен кездесіп жүреді. Алайда Карланы «әйелім» деу Николя Саркозиге бұйырады. Олар 2008 жылы Елисей сарайында некелерін қияды. Бір сұхбатында Карла президенттік сайлауда қатыспағанын, ал егер қатысқан жағдайда Николяның оппоненті Руаяльге дауыс беретінін айтты. Өзін политикалық тұлға деп танымайды. «Я совсем другая. Я была моделью. Я пою и хочу продолжать петь. Я роковая женщина, мои дорогие»

Мишель Обама 1964 жылдың 17 қаңтарында Иллинойс  штатында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келеді. Өзінің жары Барак Обамаға қарағанда, Мишель нағыз негр-құлдардың тұқымынан тарайды. Принстон мен Гарвардтың заң мектебінде оқыған. «Сидней Остин» заң фирмасында жұмыс істеп жүргенде, болашақ жары Баракамен танысқан. Бәсекелесі Карлаға қарағанда, президент күйеуімен ол постқа отырмай тұрып некелеседі. Екі қыздары бар. Күйеуінің сайлау кампаниясында белсенді жұмыс атқарады. Ақ үйде өзінің бақшасын өсіріп, экологиялық таза өнімдерді өсіреді. Бұл бастамасы арқылы оны Элеонора Рузвельтпен салыстырады. Сондай-ақ АҚШ-тың бірінші ледиі Forbes журналының  көзқарасы бойынша, әлемнің ең ықпалды әйелдерінің алды. «Мишель Обама занимается политикой больше, чем Лора Буш. А в отличие от другой известной бизнес-леди, Хиллари Клинтон, которая проводила крайне непопулярную реформу системы здравоохранения; миссис Обама придерживается более гибких взглядов» дейді журнал журналистері. Ал Карла Бруни болса, бұл тізімде 35-орынды иеленіпті.

 

 

 

Алайда екеуіне де ортақ бір нәрсе бар. Ол президент әйелдеріне тән – қайырымдылық. Бруни СПИД-ке шалдыққан аналарға көмек көрсетіп, Гаити балаларын қаржылай қамтамасыз етіп жүрсе, Мишель Обама әрдайым жетімдер мен үйі жоқ кедейлерге қарайласып жүреді. Екеуі дәл осы сферада бәсекелесіп жүргендері қандай керемет:)

 

P.S. тағдыр біреуге қоғамды өзгертуге, біреуге әлемді өзгертуге мүмкіндік береді. Сондай өмір берген екен, атыңды пайдаланып, кішкене болса да адамдарға, жан-жақтағы ондай мүмкіндігі жоқ адамдарға көмектесіп, қолдау көрсеткенге не жетсін…

«Егер мен сен сияқты болсам, мен сияқты кім болады?» (иә, Өркеннің өрнегінен көрген еврей нақылы) демекші, әр адам өмірде өзінің рөлін толыққанды, адал атқарса, әлем одан да жақсара түспей ме?!

Advertisements

6 thoughts on “Карла Бруни vs Мишель Обама

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s