Жасыл Морфиус!!!

Қалыпты

«Осының біреуін алсам ғой! » деген ой келді бірден Ағай Nokia-ның жаңа туындысы Morph-тың видеосын көрсеткенде. Аты айтып тұрғандай «Матрица»-дағы Морфиус сияқты…

Бірден үйге келісімен гуглдеттім. Nokia Morph деп жазуым сол екен, қасына сатып алу деген тіркес қосыла кетті. Басып едім, http://www.superetrader.co.uk сайтында £699.99-ға сатып жатыр екен. Өтірік, шынын білмедім, алайда қазірден бастап, бұл «туындыны» жұрттың асыға күтіп жүргені байқалды.

Бұл тағы да қандай «техника ғажабы» десеңіз, алдарыңызда Nokia Morph: . Нано технологияның негізінде жасалған. Қысылмаңыздар, «нанотехнология» дегенді мен де білмегенмін: «Викидостың» айтуы бойынша, нанотехнология дегеніміз 1нм(нанометр) өлшемінде қарастырылатын және басқарылатын процестер. Миниатюризация зерттеуі егер заттың ең кішкентай бөлігін (мысалы,атом) алып қарастырса, ол затты мүлдем жаңа қырымен тануға болатынын көрсетті.

Сонымен бір сөзбен айтқанда Nokia Morph өте кішкентай бөлшектерден тұратын, келбеті өзгермелі, өте көп функционалды, күн көзімен қоректенетін технология.

Кейде мен болашағымды елестетсем, компьютер, телефон, интернет – бәрі де сол күйінде қалатындай елестетем. Ал мұндай жаңа технологиялардың пайда болуы ертең біздің өміріміз мүмкін тығыз роботтармен де байланысты болуын көрсететіндей.

Тіпті соңғы кездері фильм, анимацияларда болашақ өмір туралы неше түрлі қиялдар ойлап табылып, болашақтың көптеген нұсқалары ұсынылып жатады. (Солардың ішіндегі болашақтың өте қызық нұсқасын ойлап тапқан «Валли» мультфильмін атағым келіп тұр.)

Ертең компьютер, телефондардың орнында әркімнің қолында осы Nokia Morph жүрсе, таңқалудың қажеті жоқ.

P.S. тезірек сондай болса екен!!!:)

Advertisements

7 thoughts on “Жасыл Морфиус!!!

    • пікіріңізге, рахмет! бұл – жеке пікір форматындағы жай жазба ғой; мақала тіптен күрделі де терең зерттеуді қажет ететін дүние ғой:))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s