Сіз үшін маңызды!

Қалыпты

Таңғы ас үстінде әкем «мына қаймақ шетелдікі ме?», «сүзбе өзіміздікі ме?», «мынау ше, анау ше» деп әр тағамды сұрап отыр. Бұрын-соңды ондайға қызықпайтын, «бәрі де Қазақстанда жасалған,  не болды?» деп сұрағанымда: «Рамстор»-да жұмыс істейтін бір студентім бар еді, кеше: «Ағай, бізге шетелден 20-30 жыл бұрын н/з-да тұрған продуктыларды әкеліп, қазіргі мерзімді жапсырып сатады. Оны супермаркетте жұмыс істейтіндер ғана біледі, сіз туған-туыс, достарыңызға ақырындап ескерте жүріңіз, тек Қазақстанда жасалған, өзімізідң тауарларды алсын» дейді, сөйтсе, оларға мысалы тұрып қалған етті әкеліп, оны біріншіден ароматизаторлармен сеуіп шіріген иісін кетіреді екен, содан суға салып қатырып сатады екен» деп әкем мысал келтірді. «Азық-түлікті үйдің жанынан аламыз ғой бәрібір» деп мен қойдым.

Сонда елге келетін тауарларды ешкімнің тексермегені ме? Ол қалай болды?

Жақында ғана бір таксисттің әңгімесі ойыма түсті.  Мамандығыңыз кім дегенде, ветеринар деген.

Содан: «Ветеринарный деген бөлім көп жылдар бері жұмыс істемеді ғой. Жауып тастады. Ал ветеринар деген тек қана үй жануарларын қарайтын адам емес, ол мына бүкіл тірі организмдерді тексереді. Мысалы, өзіміздің жейтін ет, балық, тауықтарды тексеретін». «Оның сондай маңызы бола, неге жауып тастады?» дегенімде, «Мен енді оны білмеймін ғой, әкімдердің шаруасы ол. Енді осы бір-екі жылда қайтадан ашылды, ауысып келген әкімнің арқасы шығар» деп күліп қойды да «міне, бүгін Нарынқол жаққа кетеміз, сондағы малдарды қараймыз» деді.

«Денсаулығыңды түзегің келсе, не ішіп- не жегеніңді байқа» дегендей, ағзаңызға баратын әр тағамның дұрыстығын мың қайтара тексеріп алған жөн. Бұрынғы «шетелдікі жақсы» деген стереотип азық-түлік сферасында шындыққа сай келмейтін тәрізді. Сондықтан сапалы өнімдері жей отырып, отандық өндірушілерді қолдағанға не жетсін:)

Advertisements

6 thoughts on “Сіз үшін маңызды!

  1. иә Отандық өндірушілерді қолдау ол бір, сосын жергілікті тағамды жеген экологияға да өте пайдалы. Себебі тағамды тасымалдауға қаншама жанармай кетеді, яғни CO2 ды ауаға көп шығарғанша жақын жерден әкелетін тағамды алған планета болашағына пайдалы

  2. Өзіміздің тағамымызды жесек, пайдамыз да көбірек болар, саудамыз жүреді дегендей…Өз тағамдарымызға не жетсін! Енді шет елдікін алмаспын!)))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s