Ауыр киноның бірі немесе ақша қолдың кірі

Қалыпты

«Ақша қолдың кірі» деп айтып жатады ғой. Кейде қайдағы қолдың кірі, осы бізде айта береміз дейміз. Ал осы үш-ақ сөзден тұратын мақалға режиссер Гела Баблуанидің «13» (черова дюжина) фильмі түгел кіріп кетеді.

Фильм әрине романтикалық комедияларды жақсы көретін қыздар үшін (өзім сияқты:)) ауырлау, жалықтырарлық болуы мүмкін.

Қысқаша сюжеті: 18-20 жасар жігіттің (бас кейіпкер) әкесі ауруханада, анасымен сол әкесінің емін төлейміз деп үйін сатқалы жүреді. Электрик болып жұмыс істеп жүргенде, бір наркоманға келген құпия конвертті ұрлап алып кетеді (өлердің алдында  наркоманға конверт келгенде, көп ақша табамын дегенін естіген). Ақша тапшылығынан ол сол конверттің нұсқауымен жүріп,  жаңағы наркоманның орнына келеңсіз оқиғаға тап болады.

Сөйтсе оны бір байлар «русская рулетка» ойнауға ойыншы ретінде алыпты. Ол ойынның өзі де жан түршігерлік: 16 адам (ойыншылар) дөңгеленіп ортаға тұрады, әр қайсысының қолында бір-бір револьвер, әр ойыншыға бірінші раундта бір оқтан береді. Олар оны револьвердің барабанына салып, төрешінің белгісімен қолдарын жоғары көтеріп револьвер барабанын айналдырады. «Тоқта» дегенде, тоқтап, мылтықты алдында тұрған адамның басына апарады. Содан қайтадан төрешінің айтуымен бәрі бір мезетте алдында тұрған адамға атады. Сонда егер сенің оғың сұңғылада болса, алдыңдағы адамды өлтіресің немесе артыңдағы ойыншы сені атып түсіреді.

Сөйтіп әр раунд сайын адам саны азайып отырады. Екінші раундта алты оқ сиятын барабанға екі оқ, үшінші раундта үш оқ салып отырасың. Сонда әр раунд сайын, оғың да, өлуге деген мүмкіндігің де артып отырады.

 Әйтеуір не керек, жаңағы жігіт бәрін өлтіріп, жеңіп шығады. Көп ақшаға кенеліп, оны поштамен үйіне жіберуге үлгереді. Алайда қайтып бара жатқан жолда тағы да сол ақша үшін, өзін өлтіріп кетеді.

Жалпы фильмнен соң, көтеріңкі көңіл-күймен шығамын деп ойламаңыздар:) Фильмнің ұнамсыз кездерінде әдейі көрінбейтін детальдарға мән беріп отырдым. Машинасы қандай, киімі қандай, ана ағаштар өтірік сияқты дегендей:)

Фильм идеясы: ақша үшін кейбіреулердің не істемейтінін көрсету;

Қызықты сәттер: қара нәсілді рэпер 50 cent-тің ойыны:)

Кімге арналған: қырғын төбелесті ұнататын жігіттер қауымына

Advertisements

12 thoughts on “Ауыр киноның бірі немесе ақша қолдың кірі

      • қалжың ғой…су татыған бір бәлелерге де барып жүрміз ғой, оның жанында мынау әлдеқайда пәлсапалық дүние сияқты.

  1. ол тек қана кино, және оны өмірден алынатындығы секілді өмірден алынбайтындары да болады….Қайдан көрдіңіз көшеге мылтықпен шығып соншама адам қырғанын….!?
    Кино дегенде бір кітап жазғанмен бірдей дүния, авторы ауру болуы мүмкін…
    Ал ақша қолдың кірі дегенге келсек, мен тап таза алақаныммен шөп орғанша, кір кір алақаныммен май шелпек жегенді қалаған болар едім….

    • пікіріңізге рахмет! Наполеон Хилл, Роберт Кийосаки, Зиг Зиглар, т.б сияқты батыс авторларын оқығаныңыз көрініп тұр:) Жазбамның басты міндеті кино сюжетін баяндап беру, жазбаның ең басындағы екі сөйлем негізі менің де ойым…
      Ал егер мақалға келетін болсақ, меніңше бұл жерде қазақ атам ақшаның бұрыс жолмен де келетінін, яғни қолды немесе арыңды «кірлеп» келетінін айтқаны шығар, әрине адал тапқан ақшаға не жетсін. Арыңнан аттап, біреуді алдап-соғып кір-кір ақша тапқанша, адал жүріп қолыңды таза ұста дегені шығар.

  2. Алдыңғы жолы танысыммен түнделетіп Спутникке киноға барсақ, соңғы сеанс қана қалыпты. Кестеге қарасақ осы фильм. Бастапақыда комедия немесе мелодрамма болмағасын, аса қызуғышылық та болмады. Шынын айтқанда, амалсыздан кірдік. Ал, бірақ фильмнен шыққаннан кейінгі әсер өзіміз күтпегеннен де асып түсті. Артық пікір айтпадық…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s