Алғашқы қар, алғашқы фото:)

Қалыпты

Қардың өзіме магиялық түрде әсер ететінін байқамаппын. Мүмкін ол  қыстың бораған күні дүниеге келгенімнен шығар…

Қар жаумай тұрып, бір-екі күн бұрын «жаңа жылды», дәлірек айтқанда «жаңа жылдық» қарбаласты, мейрам сезімін, кішкентай кезіңдегідей жаңа жыл сыйлайтын ертегі әлемін, жаңа жылдағы қала сәнін, сиқырлы көрінісін аңсадым.

Содан соң қалаға қардың алғашқы ұлпалары түсе бастағанда, шыдамай, Медеу жаққа тарттым. Міне, керемет, қалада жаңа-жаңа жауа бастаса, онда қар кәдімгідей аяқ белшесіндей жауыпты. Қалада күз болса, онда нағыз қыс:)

Қызық болып, жоғары шығып алған машинамыз кері түсе алмай, сонда жүрген біз сияқты «романтиктердің» көмегімен әзер шықтық. Алайда сондағы әдемілік, аңсатып күткен қыстың көрінісі ондай-ондай күтпеген жағдайларға тұрарлық. Ал келесі күні құрбымның: «Алғашқы қарыңмен! Аппақ қар ақ пейіл мен кіршіксіз махаббат ала келсін!» деген смс-і тіптен жүректі жылыта қойды. (кейде осындай қарапайым нәрселердің өзі жанды жадыратып жіберетіні бар ғой) Айтпақшы, сол үшін Інжуге (старостамыз) рахмет!:)

Алғашқы қарлы күнгі менің алғашқы суретім:

Блогқа қойған алғашқы суретімнің де қыспен байланысты болғанына қуанып отырмын:)

Advertisements

23 thoughts on “Алғашқы қар, алғашқы фото:)

  1. ухты қар деген супер ғой, мен өзім елестете алмай отырмын:). Мен әлі күндіз бір көйлекпен ғана жүрмін, кешкісін бір сыртынан жеңіл жемпір киген болмаса, ал сурет жақсы

  2. Айжан негізі жеке суретіңді және өзіңе қатысты мәліметтерді(әрине, қарапайым алғашқы таныстық мұның сыртында) әлеуметке көп жария етуді өз басым қаламаймын. Жалпы ұзақ жылдар блог жүргізген кісілердің өзі осылай ақыл айтады…

      • жоқ, сурет іл әрине:)))
        тек жеке басыңның суретіңді шынымен ілмеген дұрыс, жеке басыңның қауіпсіздігі үшін менше, кім білед қандай ниеттегі адамдар оқитыны

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s