Үш «т» және Алматы

Қалыпты

Британдық консалтинг агенттігі Mercer Human Research Алматы қаласын әлемнің ең қымбат 50 қалаларының рейтингісіне қосыпты. Үшінші ондыққа енген Алматы Сидней, Хельсинки, Стокгольм, Амстердам, Мадрид, Шанхай, Киев сияқты әлемнің ірі мегаполистерімен иық тіресіп тұр. Расында халық саны 1364,5 мың адамды құрайтын Алматы қаласында қалыптасқан өзіндік ерекше тынысы бар. Ол әрине күннің әр мезгілінде әрқалай көрінеді. Сонымен үш «т» және Алматы деп отырғанымыз, таңғы, түскі және түнгі Алматының тынысы. Әрқайсысына тоқталып өтейік:

Таңғы 7.00-ден Алматы көшелері мектепке, университетке, жұмысқа асыққан алматылықтарға тола бастайды. «Алматы қаласы статистика департаментінің» статистикасы бойынша қалада бала-бақша, мектеп, кәсіптік-техникалық мекеме, колледж, ЖОО – жалпы айтқанда оқушы қауымының саны 480,9 мың адам екен. Ал жұмыс істейтін, яғни еңбекке қабілеттілер саны 916,1 мың адамды құрайды. Сондықтан таң ертең болатын көлік кептелістерінің себебін айтпаса да түсінікті болар. Ал демалыс күндері, әсіресе жексенбі күні мұндай уақыт, яғни таңғы алты-жетілерде Алматы қаласының ең тыныш уақыты болып есептеледі. Сонымен (аптада жұмыс күндері көп болғандықтан) таңғы Алматыны жұмыскер Алматы деп те атасақ болады.

Сағат бір-екіден кейін Алматы басқа режимге ауысатындай. Бұл уақытта кішігірім кафелер мен асханалар түскі асқа шыққан жұмысшы қауымнан, ал демалыс парктері мен көшелер сабақтан шыққан оқушылардан босамай жатады. Таңғы арпалыстан жеңілдеп, көңілдері жай тауып күнделікті ісіне кірісетін Алматы.

Алматының бұл шағына тамсанған Тұманбай Молдағалиевтің:

«Алматы түні, Алматы түні

Ұйқымды менің ұрлады

Алматы түні, Алматы түні

Мен болып таңың жырладым» деген өлең жолдары танымал болып кетті. Алматы түнін бір кезген адам расында қаланың түн жамылғанда көркі мен бейнесі тым басқаша болатынын көреді (форумшылар көзқарасынан). Жасы үлкен буын концерт тамашалап, ресторандарда той тойласа, жас буын көбінесе қазірде танымал lounge bar-ларда уақыттарын өткізеді. Алматы департаментінің статистикасы бойынша, алматылықтар 2010 жылдың екінші кварталында өнер, ойын-сауық, демалыс қызметтері үшін 416449 мың теңге жұмсапты. Бұл ойын-сауық, той-құмалақты жақсы көретін шалқыған Алматы. Мұның бәрі – Алматы тынысы.

P.S. Әр қала өзіндік тынысымен тыныстайды. Әр қаланың өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары болады. Қай қала болмаса да, Қазақстанның әр қаласы өз ұлтына, өз халқына туған қаладай болып, міне сенің Отаның дегендей құшақ жая қарсы алу керек деп ойлаймын.

Advertisements

4 thoughts on “Үш «т» және Алматы

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s