Jettix, Тнт мен һәм Mtv

Қалыпты

«Біз Nickelodeon мен Jettix-тің ұрпағымыз» деп өсіп келеді қазіргі балалар. Олар Алдар көсе мен Қожанасырды білмесе де, «Спанч боб» пен «Патрикті» жақсы таниды. Бүгінгі күнде Қазақстан бойынша 44,4% үй сол «Шаршы шалбарды» (спанч бобтың қазақшасын осылай аударыпты) көрсететін кабельдік телевидениенің қызметін қолданса, 15,5%-ы спутник антенналарын қолданады екен. Бұл дегеніміз отандық арналарды қосқанда қосымша 50-ден аса ресейлік және шет ел арналарының еркін қолданысы.

Әрине оның арасында «Discovery», «Animal planet», «Nat geo wild», т.б. сияқты қызықты да танымды арналар бар. Алайда кішкентай балалар мен жасөспірімдердің, тіпті үлкендердің де санасын улайтын, зиянды арналар кездеседі.

Кішкентай. Сонымен кішкентай балаларға зиянды телеарна -1977 жылы АҚШ та құрылған «Никелодеон» арнасы. Қазірде бүкіл әлемде көрсетіледі екен. Қазақтың көптеген баласы (көбінесе қалалық) соның мультфильмдерін көріп өсті. Олар әрине орыс тілінде көрсетіледі. АҚШ менталитетіне құрылып жасалған, яғни ана тілінде сөйлемей, ұлттық нақышты көрсетпегеннен кейін, жас бала санасы америкалық «ғажайыптармен» уланады.

«Жарайды, сол Өрмекші адам, Робот-полицей дегендер шынымен-ақ қайырымды, мейірімді кейіпкерлер шығар. Бірақ қалай болғанда да, бөгде мәдениеттің жемісі ғой. Балаларымызды бесіктен белі шықпай жатып, жат мәдениетпен сусындатып, өзгенің таным-білімімен, көзқарасымен қаруландырамыз да, артынан: «төл мәдениетінен мақұрым, өз ұлтын, ата дәстүрін менсінбейтін маргиналдар қайдан шығады осы?» деп кейиміз.» деп ойымызды толықтырады журналист Роза Рақымқызы.

Қазақ баласына қазақша телеарна керек деп, жақында «Қазақстан» телеарнасының базасында құрылған «Балапан» 3-10 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған телеарна ашылды. Әрине қазақ қоғамын бір қуантарлық жағдай. Алайда оның балалардың көзайымына айналған «Никелодеон» мен оның «ізбасарларына» бәсекелес бола алатынын алда уақыт көрсетеді.

Жасөспірімдер. Бұл санаттың «жаулары» көбінесе тұрпайылық пен жеңіл сөзге әуес ресейлік телеарналар. Дәлірек айтсақ, ТНТ арнасы мен жақында ашылған «Comedy tv»(дәлел ретінде осы екі арнаны ғана алып отырмыз). Әзіл-қалжыңға әуес бозбалалар мен студенттер сол «камедидің» жеңіл-желпі қойылымдарымен ұсақ сайқы-мазақтарын көкке көтеріп, араларында айтып таратып жатады. «Дала мен қала» газетінің журналисті Орынбасар Дөңқабақ: «Қазақтың өзіне ғана тән «қалжыңдары», әр нәрсені әдеппен, астарлап айтып жымитуы көрерменнің аңсап тамашалайтын арманына айналып барады.

Олар арзанқол мағынасы таяз, үстірт, тез ұмыт болатын, көркемдік дәрежесі, тіпті, сын көтермейтін ұшқары ойларды әзілге айналдыруға тырысады. Осыны азық еткен теледидарлар оларға көлдей-көлдей уақыт бөледі, сөйтіп, салық төлеушілерден түскен мемлекет қаржысы желге ұшып жатқан жоқ па? – деп те қиналасың. Егер бұлай кете берсе, анайылық пен хайуандықтың неше түрлі сорақыларын ашық көрсететін ресейлік «Дом-2» ток шоуының да қазақша нұсқасы шығып қалар» деген ойымен бөліседі. Сондай-ақ «13 пен 25 жас аралығындағы қауым, MTV- дің арқасында алғаш цензуралы емес сөздер үйренгенін, ата-ана беделіне «өзімшілдігін» салыстыра бастағандырын және жыныстық қатынас сұрақтарын алға қоя бастағандарын мойындап отыр» дейді Асылбек Снадин «Бүгнгі жастар келбеті және оған мінездеме» мақаласында, яғни мұның бәрі түсіндірмесе де, бұл арналардың қазақ жастарына тигізер зиянын көрсетіп отыр.

Ересектер. Сонымен ересек адамдарға да әсер ететін зиянды арналар бар. Оның біреуі Ресейдің «Спас» православтық телеарнасы. Осы ретте белгілі журналист Мұхамеджан Тазабеков: » Насихаттың күшті құралы – телеарна. Коммерциялық арналар, айталық, CNL христиан дінінің католиктік бағытын дәріптеумен келеді. Ресейдің «Спас» православтық телеарнасының да мақсаты белгілі. Ол 24 сағат бойы өз өнімдерін үйіп-төгіп көрсетуде. Атыс-шабыс, қарақшылық, т.б. туралы телеөнімдерден мезі болған көрермен кейде осыларды көріп, өзін алдаусыратқан болады» дейді.

Жалпы елімізде әрбір зиянды арнаға залалсыздандырғыш ретінде өзіміздің төл арналарымыз бен бағдарламаларымыз шығуда: «Балапан» арнасы, «Мәссаған» телебағдарламасы мен «Асыл арна» телеарнасы. Алайда таңдау әр көрерменнің өз еншісінде. Әр үйде «Тнт»-ны көрме деп бақылап тұратын қадағалаушы жоқ. Сондықтан мұндай зиянды арналарды көрсетілімнен мүлдем алып тастау керек. Әйтпесе Орынбасар Дөңқабақтың » Не десек те, елімізде «көгілдір жәшік» ұлттық болмысымыздан адастырып, келешек ұрпақтың санасына ұлтсыздықтың дәнін себуде» деген асырмалы сөздері шындыққа ұласар қаупі бар.

(abai.kz пен дала және қала газеті қолданылған)

Advertisements

4 thoughts on “Jettix, Тнт мен һәм Mtv

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s