Мектеп өмірінен

Қалыпты

Қазірде жастардың «кумирі» – америкалық доллар десек, еш қателеспеспіз. Теледидарды қоса қалсаңыз, «қалтаңда ақшаң көп болса, қандай жақсы» өмір салтын көрсетіп жатады. Қалаған ана затыңды, мына затыңды сатып ала алсаң, қандай жақсы деп неше түрлі жарнамалар көресіз. Тіпті кейде «сау болып, кедей болғанша, ауру болып бай болған артық» дейтіндер де бар.

Мұндай жағдайдан кейін статистика бойынша, жасөспірімдердің мектептегі оқуға ынталары да азайған. Мектептегі оқудың дәрежесі мен «өмір сүру дәрежесі» арақашықтығы кейде тым алыс болып кетеді.

Бастауыш сыныптарды қозғамағанда, ортаңғы және жоғары сыныптарда оқушылар ауыр ғылыми тілмен жазылған пәндерді оқиды. Олардың көпшілігін жүйелі түрде түсінбегендіктен, жақсы баға алу үшін материалды жаттай бастайды. Он бір жыл оқудан соң, 80% оқушылар мектептен алған ақпараттың жүз пайызын да есіне түсіре алмайды екен. Немесе олар шатасып, оқушы басында бұлыңғыр сипат алады, немесе мектепте алған ақпараттар өмірде мүлдем қажет болмай шығады.

Мектепте оқушы тұлға ретінде қалыптаспайды, керісінше, кейде өз-өзіне түңіліп кетеді. Мемлекеттік мектептердің көбісінде орта есеппен бір сыныпта 23-32 оқушы оқиды екен. Бағдарлама жобасына ілесіп отыру керек деген мұғалім әр баланың психологиясын зерттеуге мұршасы да болмайды. Содан үлкен өмірге кім болам деген сұраққа жауап беруден былай, өз пікірін ашық та дәл айта алмайтын жастар шығады.

Көптеген мектептерде біртұтас әлемнің бейнесін беретін жүйелі білімнің орнына, әлемнің біртұтас бейнесі осы деп мәліметтер тізбегін ғана ұсынатын білім береді. Яғни оқушыда өмір, әлем жайлы білімнің орнына, белгілі бір пәндерге байланысты ғана білім жинақталады. Оқушы компьютер жүйесін білмесе де, «paint»-та сурет салуды біледі дегендей болады. (бұл мысалдың өзі де шындық)

Мектеп өсіп келе жатқан ұрпаққа белгілі білім жүйесін бере отырып, қоғамға әлеуметтік дені сау адамдарды ұсыну керек.

Ол үшін…

Мектепте кәдімгі «Физика», «Химия» сияқты базалық пәндермен қатар, «өзін-өзі тану», білім теориясы, герменевтика (түсіну ғылымы мен өнері), ой қызметінің методологиясы сияқты қосымша материалдар қамтылу керек. Ал базалық пәндердің өзі керек емес детальдардан арылып, оқу құрылымының практикалық жағына ығыстырылуы керек.

Министрліктер тарапынан мектеп жүйесіне қадағалау формасынан, қамқоршы болу формасына өту керек. Завуч, мұғалімдердің қорқатын «выговор», «акт», «ұйғарым»-дардың орнына, министрліктер методологиялық, материалдық-техникалық, медициналық көмек беруге дайын тұратын жақ болу керек. Сонда ғана мектептегі көзбояушылық, өтірік, тәрбиелік жұмыстар боямасы, «комиссия келгендегі» жалған демонстрация, т.б сияқты оқушылар санасына кері әсер ететін жағдайлар азаяды.

Үшіншіден, білім беру қызметінің басты тапсырыс берушісі ата-ана екендігін қымбатты ата-аналарға жеткізу(насихаттау). Әрбір ата-ана баласының бастауыш сыныптан бастап, жоғары сыныпқа дейінгі оқуына, үйірмелер мен қосымша сабақтарына көңіл бөліп, бала оқуы тек мектептің жұмысы демей, тиісті түрде тәрбиелесе, ол ата-ананың қоғамға тигізер үлкен үлесі болады. Мемлекет тек өзінің білім туралы заңын орындайды. Ал баласының өмірге бейімделіп, парасатты тұлға болып қалыптасуы мектеп пен ата-ананың бірігіп жасаған жұмысының жемісі болмақ.

«Жалпы білім беру мақсаты-өмір сүру мәдениетінің, түсіністік пен қызмет етудің тәрбиесі»- дейді социолог В.С. Лысенко. Тек осы үштағанды тәрбиелесе, мектеп нағыз атына лайық әлеуметтік институт болмақ.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s