…және мен террорист емеспін

Қалыпты

«Менің атым Кхан және мен террорист емеспін». Кино сүйер қауымға үлкен серпіліс әкелген Болливуд фильмі «Менің атым Кхан» қазақ көрерменінің де ықыласына бөленді.

Жалпы еліміздің кинотеатрлары Голливудтің үстемінен шықпай отырғанын жақсы білеміз. Бітпейтін қақтығыстар мен «супергеройлардың» әлемді құтқаруымен аяқталатын, көзге үйреншікті болған спецэффектілерге толы блокбастерлер арасынан кейде осындай қарапайым адамгершілік пен адамзаттық парасатты қағида етіп ұстанған фильмдер де кездесіп, көрерменін бір сүйсіндіреді. Сонымен режиссер Каран Джохардың фильмі қандай әсер қалдырғаны жайлы жазып кетейін.

Менің ойымша, фильм ең алдымен, ешқашан өзгермейтін, өлмейтін, әлі ешкім түсініп болмаған, алайда адамды соншалықты жылытып, алға жетелейтін адамдар арасындағы қарапайым (немесе ұлы) сезім махаббат жайлы. Ең басында Аспергер синдромымен ауыратын Ризванды (басты кейіпкер) анасы ерекше мейірбандықпен бауырынан шығармай, бойына өзінде бар бүкіл махаббатын беріп тәрбиелейді. Сол махаббат оны алға жетелеп, адамдар арасына бейімдейді. Ал жары Мандира мен жалпы адамзатқа деген махаббат оны тек одан да игі істер мен жақсылықтар жасауға жетелейді. Ең соңғы әрі ең күшті махаббат – оның бойындағы Құдайға, яғни Аллаға деген махаббат. Ол махаббат оны бұрыс жолдан сақтайды.

Екіншіден, кино арамызда өмір сүрсе де, көбіне оларға мән бере бермейтін мүгедек жандар туралы. Бұл киноға дейін бұрын-соңды біраз аутистерді кездестіретінмін. Бірақ бұл кинодан кейін оларға біраз назарымды салып, басқаша қарайтын болдым.

«Мен сіздерге оғаш көрінетін шығармын. Бұл менің Аспергер синдромымен ауыратындығымнан. Бірақ мен есі ауысқан адам емеспін. Жоқ. Мен өте ақылдымын. Өте зерекпін». Ол жаңа адамдар мен жаңа орындардан қорқады. Шу мен сары түсті жек көреді. Адамдардың көзіне тура қара алмайды, жылауды, басқаны құшақтауды, өтірік соғып, жағымпаздануды білмейді. Бәрінде дәл мағынасында қабылдайды. (Мандираның «Мен өлетін шығармын» деп күрсінгеніне, ол «Өлмеші, өлтірмеші өзіңді» деп кәдімгідей қобалжиды).

Алайда ол өте жақсы адам және де тек жақсылық жасауға ұмтылады. Өз дініне берік, адал. Шахрукх Кхан кейіпкерін бізге дәл осылай көрсетеді, яғни адам сау болса да, мүгедек болса да ол адам болып қала бермек, ол жақсылыққа ұмтылады. Осыдан кейін кейбір дені сау адамдардың істеріне қарап оның расында қайсысы мүгедек екеніне ойланасың. Бұл жерде тек кино емес, өмірде, айналамызға қарап айтып отырмын.

Киноның ең маңызды да мәнді түйіні мен үшін «Адамдар нәсіліне, дініне қарай бөлінбейді. Тек жақсы және жаман адамдар ғана бар» деген сөзде. Бұл сөзді бірнеше рет оқып көріңіздерші. Расында қазіргі өмірде болып жатқан ұлтаралық қақтығыстар мен келіспеушіліктердің, соғыс, басқыншылық – бәрінің де шешімі осы сөзде деп ойлаймын.

Жалпы осындай адам жанын тазартып, адамды жақсы болуға жетелейтін, мағыналы да, мәнді киноларды ғана үлкен «массадан» іріктеп алып, көпшілік назарына ұсыну керек.

Әр адамға киноны көріп шығыңыздар деймін, жарқын идея, әдемі режиссуралық жұмыс, шебер актерлер мен жанға жағымды әуен ешқайсыңызды бей жай қалдырмайды.

Advertisements

3 thoughts on “…және мен террорист емеспін

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s