Кептелістен шығу жолы бар!

Қалыпты

Алматы арнайы көлік кептелісіне жаралған қала секілді. Жартымиллиондық қаламыздың солтүстігінен оңтүстігіне қарай тек қана екі-ақ өтпелі көшелер – Сейфуллин даңғылы мен Розыбакиев көшесі өтеді екен. Ал қалғаны орағытуға келмейтін тұйық көшелер. Сонымен қатар соңғы төрт жылда Алматы автопаркі бір жарым есеге көбейіп, енді қала бойынша 400 мың автокөлік қозғалады. Оған күн сайын қалаға жақын кенттер мен ауылдардан келетін 100-200 мың машина мен транзиттік транспортты қосыңыз.

Сөйтіп кейде орталық көшелер легінің тығыздығы сағатына 3,3 мың автокөліктен асып жатады. Желсіз күндері (әдетте ондай күндер көп) төртдөңгелектілерден шығатын түтін тіпті қалаға биіктен көз тігетін Тянь-Шаньның жоталарын тұмшалап алады. [мәліметтер zakon.kz сайтынан алынды]

Қала магистральдары шамадан асып жатыр, тұрғындар көлік кептелісіне әлдеқашан көніккен сықылды.

Кептелістер әдетте таң ертең жұмысқа, сабаққа барарда және кешке жұмыстан, сабақтан қайтып келе жатқанда басталады. «Асығып бара жатқан адам тез ашуланады» дейді Психология PhD-і Иманғалиева Әлия Төлегенқызы. Онымен қоса, рөлдегі ашулы адам айналасындағылармен ұрысып, кикілжің шығаруға дайын болып тұрады. Сөйтіп ол өзінің ғана емес, өзгелердің де жүйкесін жұқартады. Ал бәріміз білетіндей, жүйке жасушалары қайта қалпына келмейді. Күн сайынғы жүйке тоздырулар ертең қатерлі ауруларға алып келуі мүмкін.

Қазірде жүргізушілердің 80 %-ы темекі тартады. Бастапқыда көлікті көбінесе ер адамдар жүргізсе, бүгінгі күні рөлді ұстаған әйел адамдар да көбейіп келеді. Соған байланысты әйел қауымының арасында темекі тарту күннен күнге өршуде. Әсіресе, кептелісте тұрған адам әдеттегіден екі есе көп темекі шегеді екен. Ол әрине, ең алдымен, ашушаңдықтан, екіншіден, бір орында ұзақ отыра алмайтын адамдарға істейтін іс болмағандықтан. Онсызда машина түтініне енді темекі түтіні қосылып, ауа одан бетер ластанады.

Кешігіп бара жатқан жүргізуші қалайда уақытысында жету үшін неше түрлі жол тәсілдерін, орағытулар жасайды. Қарсы жолға шығу, бір қатардан екінші қатарға өтіп кету, қызылға сырғып кету сияқты апатты жағдай тудырып, өз басы мен өзгенің өміріне қауіп төндіреді. ҚР Жол полициясы комитетінің статистикасы бойынша соңғы 3 айда Алматыда 464 көлік апаты тіркеліпті. 33 адам қайтыс болып, 495-і әр түрлі деңгейде жарақат алған.

Көріп отырғанымыздай, бұл адамның тағатсыздануы мен асығуынан, стрестік жағдайлардан туындайды. «Мұндай жағдайда адам өзі үшін бірнеше нәрсені ұғынып алу керек»-дейді психолог маман Әлия Төлегенқызы – біріншіден, мен не үшін ашуланамын деп сұрақ қойып, яғни ашу мен ызаның себебін біліп алу керек. Әдетте адамдар кешігудің немен аяқталатынын білмейді, яғни жұмысқа кешіксем, ұрыс естимін деп өз-өздерін қорқытады. Оның орнына егер адам позитивті нәтиже елестетіп, жағымды ойға берілсе, онда стресс пен ашу ақырындап кете бастайды. Ал бос ашу мен ыза бәрібір жағдайды, кептелісті шеше алмайды. Адамдар білмейтін нәрселерінен қорқады, сондықтан әрқашанда істің аяғы жақсы бітеді деп елестету керек»

Егер өзіңіз темекі тартпасаңыз, темекі, машина түтінінен арнайы машина ішіндегі ауа тазартқыштарды қолдану арқылы сақтаныңыз. Ал егер қоғамдық көліктерде жүретін болсаңыз, антитабакты сулықтарды (салфетка) қолданыңыз. Жалпы қазірде ғаламтордан іздей қалсаңыз, темекі тартпауға көмектесетін неше түрлі тәсілдер мен құрылғылар тізіліп тұрады. Мысалы, темекі орнына электрлік темекі алмастырушылар. Ағзаға да, қоршаған ортаға да зиянсыз, темекі шеккендегідей әсер қалдырады.

«Сондай-ақ кептелісте тұрған адам өзін-өзі еркін ұстау үшін ағып жатқан су, аң-құстың – жалпы табиғаттың дауыстары, Құран сүрелері мен аяттары, монотонды әуендер көмектеседі. Сонымен қатар, терең дем алып, онға, жүзге дейін санауға болады. Ол назарыңызды біраз басқа жаққа аударады. Кептелісте тұрып-ақ пайдалы іспен шұғылдануға да болады. Бәрі адамның көңіл күйіне байланысты»-деп жалғастырады Әлия Төлегенқызы.

Ал жалпы кептеліске түспеймін десеңіз, қала бойынша кептеліс жоқ көшелерге бағыттайтын навигаторларды қолдансаңыз болғаны.

«Асығу шайтанның ісі» демекші тым асығып, қобалжымаңыздар. Ең бастысы, уақытыңызды дұрыс ұйымдастырып, әрқашанда тек жағымды нәтижені елестетіңіз.

Advertisements

2 thoughts on “Кептелістен шығу жолы бар!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s