Күзгі бақ

Қалыпты

Жыртылып жатыр күрең жер,

Күрең жер – тозған кілемдер.

Күрең тау, анау күрең бел,

Күрең бел – жиған кілемдер…

күздің түрлі түсті бояуларға қанық реңіне таңданбаған, тамсанбаған адам кемде-кем шығар. Мен де күздің көркімен шабыттана алма қосылған қарапайым бәліш (халық арасында пирог):) жасағанмын

 Неге екенін атын өзімше «күзгі бақ» деп қойғым келді. Өте жеңіл әрі тез орындалатын рецепт. Өзіңізді тәттілі-шырынды тағамдармен еркелеткенді ұнатсаңыз, бос уақытыңызда жасап көріңіз.  Жұмыс барысы мен нәтижесін тәптіштеп суретке түсіргенмін, соны алдарыңызға салайын. Сонымен, кеттік…

Бұл қарапайым пирогқа: әрине алма (5-6 тал), 6 жұмыртқа, 1 стақан ұн, 1 стақан қант, 0,5 шай қасықта сода және жақсы көңіл күй мен Музарт тобының «Күзгі бақ» әні керек:))

стақанның көлемі осындай болған жөн

Біріншіден, жұмыртқалардың сарысы мен ағын ақырындап бөліп аламыз. Алғашқы рет бөлушілерге техникасын алдын ала ғаламтордан іздеп, көріп алыңыздар деймін:)) Дұрыс жасаған болсаңыздар шамамен мынадай болады: сарысы                                                                                                                   

ағы:  

Енді жұмыртқаның сарысына  қант қосамыз:          

оны жақсылап араластырамыз:

Бөлек ыдыстағы ағын да жақсылап араластырып қосамыз:

Енді оған уксуста немесе суда араласқан сода қосылған ұнды қосамыз:))  Ал енді бәрін жақсылааап тұрып араластырамыз!!!

Дөңгелек табаға фольга төсеп, үстін майлаймыз.

Оның үстіне тазартылып, кішкене бөліктерге кесілген алманы біртіндеп қоямыз:

Оған жоғарыда жасаған қоспаны құямыз:

Сөйтіп аман-есен пешке саламыз:

Беті қызғылттана бастағанда, былайша айтқында пирог қалпына еніп, жеуге тұрарлық болғанда пештен аламыз. Бәрін дұрыс жасасаңыздар, бәліштеріңіз былай болып шығады:                                                                                               

 оның үстіне кішкене қант ұнтағын сепсеңіз тіптен керемет болып шығады:

Міне, сонымен біздің жазбамыз да бәлішіміз де аяқталуда:

Көп рахмет!:))

Advertisements

6 thoughts on “Күзгі бақ

  1. Ой, Айжан, мына жазба сенің еңбекқорлығыңды көрсетеді. Тағамның дайындалу барысын түгелімен суретке түсіріп, тер төккен еңбегіңе рахмет! біз жатақта аса көп тамақ жасай бермейміз, оның үстіне миксер-пиксер, пеш дегендер атымен жоқ қой бізде 🙂 қазір тіпті уақыт болмай кетті… Обшым, ұзын сөздің қысқасы, қысқа сөздің нұсқасы мынау: мені үйіңе шақырғанда осындай бірдеме жасап берерсің, ок?:)

    • Ой, Розатай, рахмет пікіріңе! ең бастысы жақсы көңіл күй болса болды ғой)) бәрін де жасауға болады)) ал үйіме міндетті түрде шақырып, жасап беремін)) осы жазбаға әдемі пікірлер қалдырғандардың бәрін шақырамын…:)))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s