«Такси»-ден шыққан әңгіме немесе сыншыл көңілмен. I бөлім

Қалыпты

Сенбі. Кешкі сағат тоғыз. Абай даңғылына шығып, такси ұстадым. Әлдебір машина (маркасын айыра алмадым) бірден тоқтай қойды. Алдында бір жолаушысы бар екен. Артына отыра кеттім. Көңілім бір түрлі түсіңкі…

Біреуді ерекше сыйлап, масаттана қарап жүргеніңізде, ол сіздің көңіліңізді қатты қалдырған кез өміріңізде болды ма? Болса, сіз мені сол сәтте түсінер едіңіз. Бойымды ашу-ыза кернеп, неге біз сондаймыз деген бір өксік тамағымда тұрып алды. Сондағы көңіл-күйімді елестетсеңіздер, түсіндіре кетейін…

Шошымаңыздар, сырт көзге қарағанда пәлендей ештеңе бола қойған жоқ. Сол күні, яғни 25 қыркүйекте Лермонтов атындағы театрда VI Еуразиялық кинофестивальдің жабылу салтанатына қатыстым. Ресми бөлімі біткеннен кейін, Голливуд әртісі Кевин Костнердің концерті болатын болды. Жұрттың даурыға күтіп жүргені де сол екен.

Өз басым, ондай актерді бірінші рет естуім. Сөйтсем, Уитни Хьюстонның әйгілі «Оққағар» («Bodyguard») фильмі сияқты көптеген фильмдерге түскен әйгілі актер екен(оны концерт басындағы 20 минутқа созылған актердің түскен фильмдерінің үзіндісінен байқадық). Араларыңызда киномандар болса, оны танып та қойған шығарсыздар. Сонымен Кевиннің былайша айтқанда «жынды» актер екенін дәлелдеп, жұртты тәнті еткеннен кейін, Костнер мырза көрермендердің үздіксіз шапалақтарымен айналасындағыларға космонавттарша қолын бұлғап сахнаға шықты.

«Сіздердің тілдеріңізде сөйлей алмауыма кешірім өтінемін» деп бастап (оның бұл сөздерінен жалпы қай елге келгенін біле ме екен деген ой сап ете түсті), жақсы көңіл күй сыйлап, «Modern West» атты топпен концертін бастап кетті. Басында гитара мен скрипканың қосындысынан шыққан жанды дауысқа қызығып отырдым. Жұрттың бәрі у-шу, қол соғып концертке белсене қатысып отыр. Бір екі-үш ән айтылды. Көрермендер тіпті қызып, орындарында билеп отыр. Енді бірде тіптен орындарынан тұрып билеп жатыр. Мен де біраз айналадағы көңілді аураға қосылғым келді, алайда асып бара жатқан түгі жоқ, қарапайым американдық стильдегі әндер. Неге соншама жұрттың «Кевин браво!», «Kevin,you are the best!» деп тұрып, билеп жатқандарын түсінбей отырмын. Соңғы сөзді тіпті залда отырған өзіміздің жас актеріміз айқайлап жеткізді. Осылай концерт аяқталғанша дейін, не өлеңнің мәнін түсінбей, әйтеуір ағылшынша айтылған қарапайым өлеңдерге бүкіл зал болып қазағымыз тұрған күйі қолдарын көкке көтеріп, билеп шықты. Ал баяу әнге қыз бен жігіттеріміздің қатар арасындағы бос жерлерге тұрып құшақтасып билегенін қайтерсің.

Әйтеуір өзімді америкалық бір рок концертте отырғандай сезіндім. Басында, мүмкін мұны мен ғана түсінбей отырған шығармын деп өз-өзім бір түрлі болып қалдым. Сосын байқап қарасам, залға жиналғандардың көбісі, еліктеуге құмартып-ақ жүретін өзіміздің шала қазақтарымыз екен. Қазірше айтқанда қазағымыздың бомонды. Ылғи да хит тв -дан «здесь собрался весь казахстанский бомонд» деп жүргенінің дәл өзі. Әйтеуір бір батысқа еліктеп «гламурный» киініп алып, осындай бір «тусовкада» голливуд актерінің «өзі» қойып жатқан концертте билеп қайтуға не жетсін олар үшін.

Ал қазағымның тілі қор болды-ау, халқымның, елімнің болашағы қандай болмақ, ұлтымның құндылығы не болып барады деген сұрақтар ойларына келе ме екен олардың… Отырып, отырып бір кезде аядым оларды. Байғұстар, өз ұлтынан, тілінен безіп, өзінің кім екенін ұмыту қиын шығар деп ойладым. Ұлты -қазақ, тілі -орыс, ойы -батыс, ертеңгі күні ол не болмақ сонда? Қоғамымыздың ауыр жүгі де осылар, менің ойымша. Бір қиналдыратыны санамызға сіңіп кеткен «шет елдікі ме? Онда сол жақсы, сол керемет» деген жалған стереотип. Ал өзіміздің қолдағы бар алтынымыз қашан лайықты деңгейде бағаланады?

 

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s