«Такси»-ден шыққан әңгіме немесе сыншыл көңілмен. II бөлім

Қалыпты

Сонымен, ашу аралас өкпемді алып тысқа шықтым. Неге екені бұл жалтыр-жұлтыр «гламур» әлемінен кейін беті күйіс-күйіс, жыртық қоңыр шапан киіп алып, бораған қардан тығылып, киіз үйдің бұрышында бүктеліп жатқан ап-арық қазақтың қара баласы көз алдымнан кетпей қойды.

Кеше ғана Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясын» оқып жатқанда, қыс кезіндегі аштықты суреттеген кезде осы бейне елестеп еді. Енді бірде Абай атамыздың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деген өлең жолы көкейімде тұрып алды. Сөйтіп тұрғанда таксидің қалай тоқтағанын да байқамай қалыппын. Ішке отырған соң, таксистке  көз қиығын тастадым. Қара мұртты жігіт ағасы екен. Алдында бір жас жігіт отыр. Жолаушы болу керек.

– Бүгін қандай кино болды?-деп сұрады жігіт ағасы мен отыра салысымен. Сұрақты күтпеген мен:

– Бұл театр ғой..- дей салдым. Сосын барып таксист кинофестиваль жайында біледі екен, күн сайын фильмдер көрсетіліп тұрғаннан кейін сұраған ғой деген ой келіп:

– Бүгін жабылу салтанаты болды – дедім.

– Ааа… қандай фильм жеңді? Қазақтар жеңді ме?- деп кәдімгідей қызығушылық танытып жатыр. Менің сөйлесуге онша құлқым болмады. Бір сәтке қандай фильм жеңіп еді деп оның өзін ұмытып қалыппын. Біраздан соң табыстар алдында көз салған дипломдағы жазу есіме түсе кетті.

– » Свет-аке» өзбектер ғой деймін..- деп фильмнің атын айттым.

– Ааа, солай де, жақсы фильм бе екен? Жеңуге тұрарлық па әйтеуір?

– Білмедім, киноларды көрмедім. Тек ашылуы мен жабылу салтанатына қатыстым.

– Еее..-деп менің сөйлегім келмей отырғанын байқаған болу керек, таксист ештеңе сұрамады. Тек алда отырған жігіт қана қайта-қайта есігін ашып жерге түкіріп қояды. Есікті жапқан сайын «извините» деді де отырды. Бірталай жүргеннен кейін бүгін ғана берілген тапсырма есіме түсе кетті. Алдында отырған жолаушы түсіп кеткеннен соң, мен де өзімше жігіт ағасын әңгімеге тарттым. Неден бастарымды білмей:

– Сіз Кевин Костнер деген актерді танисыз ба? – дей салдым, танымайтын шығар деп.

– Иә, әрине, анау «Телохранительде» түскен бе?

– Иә… сол концерт қойған..

– Ааа, қалай болды?

– Былайынша жаман емес…

-Тағы да біраз зарубежный актерлер келді деп еді ғой. Жерар Депардье дей ме

– Иә,иә. Сіз шет елдің актерлерін жақсы біледі екенсіз ғой-деп қойдым

– Енді обычный актерлер ғой бәрі білетін – деді таксист. Тағы да бір бұрылыста жас бір баланы ала кеттік. Үйге де жақын қалды. Енді қара мұртты кәдімгідей әңгіме айта бастады:

– Бір рет осы жерден бір қазақ жігітті ала кеттім. Отырғанға дейін, сыртта бір орыс жігітпен бір сағаттай қоштасты-ау. Соңында, құшақтасып «я тебя люблю»-мен әрең отырды-ау, әйтеуір – деп күліп жатыр. Менің мұндайға күлуден бұрын, жылағым келді. Шыныменде бүгін сыншыл көңіл-күй билеп алыпты өзімді. Күз… Меланхолия шығар…

Advertisements

One thought on “«Такси»-ден шыққан әңгіме немесе сыншыл көңілмен. II бөлім

  1. Қайтарма үнқосу: ҚАЗЖУР: студенттердің блогтары. АРБ! « Өрімтал

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s